Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ЖДА жағдайындағы урология



531.Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясының бастапкы анықтау әдісі:

1.Уретроскопия

2.Цистоскопия

3.Тік ішекті аркылы саусақпен простатаны тексеру

4.Хромоцистоскопия

5.Цистоманометрия

532.3-стақанды сынау кезіндегі уретриттің айқын себебін көрсетіңіз:

1.Зәрдің бірінші бөлшегінде лейкоциттар бар болуы

2.Зәрдің екінші бөлшегінде лейкоциттар бар болуы

3.Зәрдің үшінші бөлшегінде лейкоциттар бар болуы

4.Зәрдің бар бөлшектерінде лейкоциттар бар болуы

5.Зәрдің бірінші және үшінші бөлшектерінде лейкоциттар бар болуы

533.Бір мезгілді терминальді гематурия болды. Қандай зерттеу тәсілі диагноз қоюға қажет:

1.Ультрадыбысты зерттеу

2.Цистоскопия

3.Экскреторлы урография

4.Ретроградты цистография

5.Қуықтың шолу урограммасы

534.Күндiзгi поллакиурия қай жағдайда кездеседi:

1.Қуық асты безiнiң аденомасы

2.Қуық асты безiнiң жарақаты

3.Нейрогендi қуықта

4.Несеп ағардың аллергологиялық ісігі

5.Қуық тастарында

535.Науқас М., 40 жаста. Шақыруға себебі: жағдайы нашарлады. Қараған кезде сол жақ белден шап және сан аумағына қарай қатты толғақ тәрізді ауырсыну сезіміне шағымданды. Ауырсыну сезімі 4 сағат бойы жалғасады. Анамнезінде ЗТА. Физикалық жүктемеден кейін жағдайы нашарлайды. Қарау бойынша мәліметтері: науқас мазасызданады, тері жамылғысы бозғылт, ұстағанда суық. Пальпациялағанда оң жақ қабырғалы-омыртқалық бұрыш аумағында ауырсынуы, арқа бұлшықетінің және алдынғы ішперде қабырғасының кернеуі белгіленеді. Жоғары айтылған клиникалық көрінісінде ШМК дәрігерінің тактикасы қандай?

1.бел аумағына суықты қою

2.спазмолитикалық препараттар

3.хирургиялық стационарға жоспарлы ауруханаға жатқызу

4.антибактериальді препараттар

5.ауырсыздандыру, хирургиялық стационарға шұғыл жатқызу

536.Зәр ағысының өзгеруіне, зәр шығарудың қиындауына шағымданады. Наұқас бұрын зәр ағысы жақсы болғанын, кейіннен әлсіз,киімнің былғануына әкелетін шашыраумен журетінін айтады. Саусакпен тік ішек арқылы қарағанда қуық асты безі ұлғайған, бөлік аралық жүлге тегістелген. Бұл ересектер мен кәрілерде қандай аурумен байланысты?

1.Созылмалы простатит
2.Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы
3.Зәрді ұстай алмау
4.Зәр шығарудың нейрогенді бұзылысы
5.Созылмалы уретрит

537.Науқас 30 жаста, сол жақ шап аймағының және ұманың қатты ауырсуынуымен, дене температурасының 38º С. жоғарлуымен шағымданады. Объективті қарағанда: пальпация кезінде іші жұмсақ, ұманың сол жақ бөлігі ісінген, терісінде гиперемия, аталық без және оның қосалқысы ұлғайған, күрт ауырсынады. Сіздің диагнозыңыз?

1.Сол жақ аталық бездің шемені

2.Сол жақ аталық бездің айналуы

3.Жедел орхоэпидидимит сол жақтан

4.Жедел эпидидимит сол жақтан

5.Сол жақ аталық бездің ісігі

538.Науқас 40 жас. Зәр ағысының өзгеруіне, жалпы әлсіздікке, жүдеуіне шағымданады. Науқастың айтуынша бұрын зәр ағысы жақсы болған, кейінгі кезде зәр ағысы әлсіз. Ректальді зерттеуде қуық асты безі «тас тәрізді» тығыздықты. Қан ПСА – 36 нг/мл. Сіздің болжам диагнозыңыз:

1.Қуық асты безінің қатерлі ісігі

2.Қуық асты безінің аденомасы
3.Созылмалы простатит
4.Жедел простатит
5.Қуық асты безінің атониясы

539.Науқас 47 жаста, оң жақ мықын аймағында ұстама тәрізді ауырсынулар. Жоғарыға бел аймағына және төмен сыртқы жыныс ағзаларына беріледі. Пальпация кезінде жергілікті ауырсыну анықталады. Алдыңғы іш пердесі қабырғасының шамалы кернелуі бар. Қанның жалпы анализінде лейкоциттер 6,9х109. Жүрегі айныды. Болжам диагноз?

1.Жедел аппендицит
2.ЗТА. Оң жақ несепағардың төменгі 1/3 бөлегінде тас
3.Аппендикулярлы шаншу
4.Ішек өтімсіздігі
5.ӨТА. Калькулезді холецистит

540.Сегізкөзге және қасаға үстіне берілетін шат аралықтағы жедел ауырсынуларға шағымданады. Дене қызуы жоғарлаған. Зәр шығару қиындаған, ауырсынулы. Зәрдің жедел усталынып қалуы мүмкін. Саусақпен тік ішек арқылы қарау кезіңде қуысқасты безі жедел ауырсынулы. Болжам диагноз?

1.Жедел простатит
2.Парапроктит
3.Геморрой түйінінің қысылуы
4.Простатаның қатерсіз гиперплазиясы
5.Простата рак ауруы





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 597 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...