Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Амбулаторлы-емханалық жағдайда онкология, маммология



501. Гистологиялық тексеруде бұған асты лимфалық түйінде жалпақ клеткалы обырдың жасушалары анықталған. Ісіктің орналасқаның қай жерден іздеу керек?

1.Асқазан

2.Тік ішек

3.Өңештің жоғарғы 3/1

4.Гайморова пазуха

5.Төменгі ерін

502. 57 жастағы науқасты үйде қаралды: бірнеше күн бойы тамақ ішкеннен кейін эпигастральді аймақта ауырлық сезім пайда болған және жүрек айнуды басу үшін құсуды өзіндік тудырғандығы анықталған. 5-7 кг салмақ жоғалтқан. Әлсіздік байқалады, бұрын 12 елі ішектің жара ауруымен ауырған. Физикальді қарағанда тері тургоры төмендеген, асқазан «шылпыл шуы» пайда болған. Бұл жағдайда не істеу керек?

1.Зерттеу

2.Асқазанға зонд қою, үнемі жуып отыру

3.Терапия бөліміне жатқызу

4.Хирургиялық онкологияға жатқызу

5.Қысқа уақытты дайындықтан кейін хирургиялық стационарға жатқызу

503. Науқасты тексергеннен кейін қалқанша безінің оң жақ бөлігінің фолликулярлы обырының IIIа сатысы анықталған. Науқасқа қандай операция көлемі жасалады?

1.Экономды резекция

2.Оң жақ бөліктің субтоталды резекциясы

3.Қалқанша безінің эктирпациясы

4.Крайля операциясы

5.Гемиструмэктомия

504. Егерде сүт безі обыры не цитологиялық, не гистологиялық верифицирленбесе, бірақта дәрігерде клиникалық сүт безі обырына күмән бар, онколог не істеуі қажет:

1.Отаалды курс терапиясын өткізеді

2.Химиотерапия тағайындау

3.Науқасты емханаға хирургтың бақылауына жіберу

4.Сүт безіне секторалды резекция экспересс - гистологиямен

5.Бірден радикалды мастэктомия операциясын жүргізу

505. Дәрігерге бұрын тізе буынында ауыспалы ауырсынулармен ауырмаған 49 жастағы науқас қаралды. Анамнезінен: темекі тартады, құрғақ жөтел, СОЭ – 48 мм/сағ, ревматоидты пробалар оң нәтижелі, рентгенограммада: түбір аймағындағы зонада айшықталу, бірінші өкпе алаңында ортанғы бөлікте сәулелі контурлармен біркелкі емес домалақ көленкелер түзілу. Жағдайдың ең тиімді әдісін көрсетіңіз:

1.Шайындыларды цитологиялық зерттеумен бронхоскопия

2.Туберкулинді пробалар

3.Буындардың пункционды биопсиясы

4.Өкпе томографиясы

5.Өкпе рентгенографиясы

506. 67 жастағы науқасқа 1 жыл бұрын астыңғы ерін рагы бойынша операция жасалған. Қайта қарау кезінде рецидив анықталды. Науқас қандай клиникалык топқа жатады?

1.I

2.II

3.III

4.IV

5.II б

507. Эндоскопиялық зерттеуде тік ішектің полипі анықталды, аяқшасы бар, көлемі 1,5 см, I клин. топ. Дәрігердің тактикасы қандай?

1.Динамикада бақылау

2.Радикалды операция

3.Симптоматикалық терапия

4.Эндоскопиялық полипэктомия

5.Химиосәулелік терапиян

508. 52 жаста5ы науқаста сүт безі рагының III сатысы. 2 жыл бұрын комплексті ем алған. Бақылау қарау кезінде өкпеде метастаз анықталды. Дәрігердің тактикасы қандай?

1.3 айдан кейін бақылау қарау

2.1 жылдан кейін бақылау қарау

3.Симптоматикалық емге жіберу

4.Радикальді хирургиялық ем

5.Паллиативтік операция

509. Асқазан обырымен ауратын науқасты IYст.Т3N2М1, өкпеге метастаз берген, канцероматоз симптоматикалық емге жеберілген? Науқас қандай клиникалык топқа жатады?

Симптоматикалық ем жүргізілетін қатерлі ісіктермен ауыратын науқастар қандай клиникалық топқа жатады?

1.I

2.II

3.III

4.IV

5.I а

510. Тоқ ішектің көкбауыр бұрышының обырымен ауратың науқасқа 2 жыл бұрын гемиколонэктомия жасалған. Рецидивпен метастаздар жоқ. Дәрігердің тактикасы қандай?

1.Динамикада бақылау

2.Радикалды операция

3.Симптоматикалық терапия

4.Эндоскопиялық полипэктомия

5.Химиосәулелік терапия





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 433 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...