Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бастапқы білім деңгейін бағалау



1. Судың молекулалары гидрофоб радикалдарды өзiнен теуiп тұратындығы беттiк актив заттардың:

1. сұйықтықтың iшiнде жиналуына әкеледi

2. сұйықтықтың бетiнде жиналуына әкеледi

3. ерiтiндiнiң үстiндегi ауада жиналуына әкеледi

4. ерiтiндiде тұнбаға түсуiне себепкер болады

5. газ түрiнде ыдыстың қабырғаларында жиналуына әкеледi

2.Ең үлкен беттiк керiлiске ие сұйықтық:

1. су

2. ацетон

3. қан плазмасының сары суы

4. глицерин

5. сынап

3.Адсорциялық терапияда ауру адамның организмiнен зиянды заттарды сыртқа

шығару үшiн қолданады:

1. физиологиялық ерiтiндiнi

2. адсорбенттердi

3. уларды

4. токсиндердi

5. гипотоникалық ерiтiндiлердi

4. Тұрақты температурада адсорбенттiң қатты бетiнде жылжымалы тепе-теңдiк

орнағанда адсорбцияның жылдамдығы:

1. нольге тең

2. десорбцияның жылдамдығына тең

3. десорбцияның жылдамдығынан артық

4. десорбцияның жылдамдығынан кем

5. адсорбенттiң табиғатына тәуелсiз

5. Көршiлес орналасқан молекулалармен барлық жағынан тепе-теңдiк

күйдегi сұйық заттың молекуласы орналасады:

1. ауамен жанасып тұрған сұйықтық бетiнде

2. сұйықтықтың iшiнде

3. сұйықтықтың металмен жанасып тұрған бетiнде

4. сұйықтық-шыны шекарасында

5. сұйықтық-газ шекарасында

6. Рв 2+ және Аg+ иондарының қоспасын хроматографиялық әдiспен бөлгенде

алюминий оксидiнiң бетiнде бiрiншшi адсорбталады:

1. Ag+, себебi ол бiрiншi топта орналасды

2. Ag+, себебi оның периодтық жүйедегi нөмiрi кiшi

3. Ag+, себебi оның заряды кiшi

4. Рв2+, себебi оның заряды үлкен

5. Рв 2+, себебi оның реттiк нөмiрi үлкен

7. Температура жоғарлаған сайын заттардың адсорбциялану қабiлетi:

1. артады

2. өзгермейдi

3. алдымен артады, одан кейiн кемидi

4. кемидi

5. тек артады

8. Гиббстың адсорбция изотермасының теңдеуiнде Г= -C/ RT* Ds адсорбцияның (Г) өлшемi: DС

1. пайыз

2. моль/л

3. моль/кг

4. моль/см2

5. г/мл

9. Fe3+, Cu2+, Zn2+ иондардың қоспасынан алюминий оксидiнiң бетiнде ең жақсы

адсорбталатын катион:

1. Сu2+, себебi бiрiншi топта орналасады

2. Сu2+ және Zn2+ тең адсорбталады, себебi зарядтары бiрдей

3. Zn2+, себебi реттiк нөмiрi үлкен

4. Zn2+, себебi заряды мен орналасқан топтың нөмiрi бiрдей

5. Fe3+, себебi заряды ең үлкен

10. Температура жоғарлағанда адсорбталатын заттың десорбциялану қабiлетi:

1. өзгермейдi

2. кемидi

3. артады

4. алдымен кемидi, одан кейiн артады

5. тек ноль болады

11. Ленгмюрдiң адсорбция изотермасының теңдеуiнде Г = Г мах. С/К меншiктi

адсорбцияның Г мәнi өлшенедi:

1. моль/кг

2. г/мл

3. моль/л

4. пайыз

5. моль/см2

12. Судың бетiнде адсорбталған органикалық зат қабатының атауы:

1. беттiк бүркенiш

2. шырышты қабықша

3. жартылай өткiзгiш мембрана

4. изолятор

5. биологиялық мембрана

13. Сұйықтықтың беттiк керiлiсi кемидi:

1. қату температурасында

2. қайнау температурасында

3. балқу температурасында

4. беттiк актив емес зат қосқанда

5. беттiк актив зат қосқанда

14. Траубе-Дюкло ережесiне сәйкес ең үлкен адсорбциялық қабiлетке ие қышқыл:

1. күкiрт қышқылы

2. сiрке қышқылы CH3 COOH

3. май қышқылы C3 H7 COOH

4. азот қышқылы

5. пальмитин қышқылы С15H31 COOH





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 746 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...