Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Май қышқылдары



Майлар ыдырағанда глицерин мен май қышқылдары пайда болады. Май қышқылдары көміртегі атомдарының ұзын тізбегінен тұратын карбон қышқылдары дедік. Олардың жалпы (тривиальды) және жүйелі аттары болады. Мысалы, молекуласында көміртегінің 4 атомы бар қышқылдың тривиалды аты – майлы қышқыл болса, жүйелі номенклатурада – бутан қышқылы. Қаныққан С18 қышқылға сәйкес стеарин қышқылы, ал осы қышқылдың қанықпаған түрі – олеин қышқылы. Табиғи майлардың құрамына кіретін май қышқылдары төменгі кестеде көрсетілген.

Кейбір табиғи май қышқылдарының құрылысы, қасиеті және номенклатурасы

  Көміртегі қаңқасы     Құрылысы   Жіктеулік аты   Жалпы аты (...қышқылы) 30оС-дағы ерігіштігі (мг/г)
Суда Бензолда
12:0 СН3(СН2)10СООН n-Додекан Лаурин 0.063 2.600  
14:0 СН3(СН2)12СООН n-Тетрадекан Миристин 0.024  
16:0 СН3(СН2)14СООН n-Гексадекан Пальмитин 0.0083  
18:0 СН3(СН2)16СООН n-Октадекан Стеарин 0.0034  
20:0 СН3(СН2)18СООН n-Эйкосан Арахидин - -  
24:0 СН3(СН2)22СООН n-Тетракосан Лигноцерин - -  
16:1 (Δ9) СН3(СН2)5СН= СН(СН2)7СООН cis-9-Гексадекен Пальмитолеин - -
18:1 (Δ9) СН3(СН2)7СН= СН(СН2)7СООН cis-9-Октадекен Олеин - -
18:1 (Δ9,12) СН3(СН2)4СН= СНСН2СН= СН(СН2)7СООН сis, cis-9,12-Октадекадиен   Линол   -   -
18:1 (Δ9,12,15) СН3СН2СН= СНСН2СН=СН- СН2СНСН- (СН2)7СООН сis, cis, cis-9,12,15-Октадекатриен   α-Линолен   -   -
18:1 (Δ5,8,11,14) СН3СН2СН= СНСН2СН=СН- СН2СНСН- (СН2)3СООН   сis, cis, cis, cis -5,8,11,14-Икозаттетраен   Арахидонин   -   -

Май қышқылдарының тізбегінде полярлы емес С–С, С–Н байланыстар көп болады, сондықтан –СОО¯ тобы болғанына қарамастан, бүкіл молекула полярлы емес сипатта болады. Төменде пальмитин қышқылының жеңілдетілген структуралық формуласы көрсетілген. Ол полярлы емес (гидрофобты) ұзын «құйрықтан» және полярлы (гидрофильді) полярлы «бастан» тұрады.

Гидрофобты ''құйрық'' Полярлы '' бас ''

Пальмитин қышқылының иондалған формасы (қаныққан қышқыл)

Ұзын гидрофобты «құйрықтың» және гидрофильді «бастың» болуы май қышқылдары мен липидтерге ерекше қасиет береді, яғни олар гидрофобты және гидрофильді әрекеттесулерге түсе алады. Осындай қасиетінің нәтижесінде липидтер эмулсия (және мицелий) түзе алады, сол қасиетіне байланысты олар клетка мембраналарының тиімаді компоненттері болып табылады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 3337 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...