Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар



Л-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

   

M020400 - мәдениеттану» мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ, 2014

МАЗМҰНЫ

Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

Түсу емтиханың мақсаты: бакалавриатта алған білімдерін, дағдыларын толықтыру мақсатында және магистратура бағдарламасында нақты білімдерін нақтылау үшін арналған бағдарлама болып табылады.

Бағдарлама студенттерге негізгі фундаментальді оқу жоспарына сәйкес мәдениеттанулық базалық пәндерді ұсынады, сонымен қатап алған білімді және негізгі әдістерді мәдениеттанулық анализ және оның міндеттерін шешуге қолдана білу.

Емтиханның негізгі міндеттері - болашақ магистрлерді адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға бағдарлау болып табылады.

Емтихан бағдарламасының негізгі міндеттері:

Түсушілердің мәдени мәтінге, мәдениетке байланысты қызығушылықтарын және дағдыларын анықтау, философиялық мәдениетке кіретін фундаментальді категориялармен ұғымдардың жауабын қарастыру, мәдениет концепиясын білу, шетелдік ойшылдардың мәдениет байланысты қорытындыларын болашақ магистранттардың қызығушылықтарын тудыру.

Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

Магистратураға түсуші мәдениеттанудың орнын, оның объектісі мен спецификасын, неғұрлым өзекті проблемаларды айқындауға, мәдениет феноменін, оның адамның өмірлік іс-әрекетіндегі рөлін түсіндіре білуге, мәдениеттің базистік құндылықтарын қабылдау, сақтау, болашақ ұрпаққа бере білу жолдарын игеруге, мәдениет формалары мен типтерін, дамуы заңдылықтарын, негізгі мәдени-тарихи региондарды білу, отандық мәдениет тарихын, оның әлемдік мәдениет пен өркениет жүйесіндегі орнын білуге, әртүрлі мәдениеттердің көптүрлілігі және өзіндік құндылықтығы туралы түсінік алуға, қазіргі қоғамның мәдени ортасында бағдар ала білуге, ұлттық және мәдени мұраның сақталуы және артуы жөнінде қамқор бола білуге, тұлғаның қалыптасу жағдайлары, оның бостандығы және тұлғаның өмірді сақтау, қоршаған табиғи ортаның мәдениеті үшін жауапкершілігі туралы түсініктің болуға, қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастарын реттеудің адамшылық нормаларын білуге, интелектіні дамыту және таным көкжиегін кеңейту, шығармашылық қызметке, үздіксіз білімін көтеру қажеттілігіне қызығушылықтарын білуге тиісті.

Білім беру бағдарламасының пререквизиттері: МФТ 4313-Мәдениет теориясы мен философиясы» (3 кредит), ҚМТ 2307 - Қазақ мәдениетінің тарихы, МА 4422 - Мәдени антропология» (3 кредит), «Eti 2410 - Этика» (2 кредит) пәндері. Мәдениеттану мамандығы бойынша магистратурада оқу аралас пәндермен: мәдениет тарихы және теориясы, мәдени герменевтика, экология мәдениеті, құрылымдық лингвистика семиология т.б.

Оқуға түсушілерге арналған емтихан түрі - ауызша емтихан түрі.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 498 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...