Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мәтінді оқып, мазмұндап беріңіз



Уақыт –алтыннан қымбат

Уақыт ‑ әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең.

Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.

Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір‑ақ календарь бар., тек біреуі соның үш күнін қанағат тұтады.

Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат.

Дүниеде уақытты белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.

Адам уақытты сезінгенде ғана өзін‑өзі қадағалап отырады. Өзіне‑өзі бағыт белгілейді. Дүниеде ең жаман дерт – еріншектікті жеңгеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелейді.

Бүгінде іскерлік әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт.

Профессионал жазушы күніне неше бет жазатынын жоспарлап отырады, бизнес те осыған жақындаса, жаман емес.

Уақыттың көп шығындануы – шығын. Мұны дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Мысалы, бір нәрсені жасау үшін, уақыт неғұрлым көп кетсе, оның соғұрлым оның құнды да қымбатқа түспек.

Үнемі кешігіп жүретін адамға бизнес әлемінде орын жоқ.

Сөз тіркестерін қарастырып сөйлем құрастырыңыз.

Уақыт талабы, уақыт жоқ, уақыт тапты, уақыт өткізді, уақыт болып қалды, уақытты бағалау, уақытты пайдалану, уақыт қымбат, уақытша баға, уақытты босқа өлтірмек, уақытты үнемдеу.

3. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер:

1. Уақыт деген не?

2. Әрбір өнімге эквивалент не?

3. Ақшаның эквиваленті не?

4. Бизнестің эквиваленті не?

5. Уақыт мемлекет үшін керек пе?

6. Мемлекет үшін уақытпен санасу керек пе?

7. Мемлекеттің байлығы кімге керек?

8. Уақытты үнемдеу деген не?

4. Мәтіндегі қажет сөздермен, сөз тіркестерімен жатығыңыздар және сөзтіркестерінің түрлеріне ажыратыңыз:

Уақыт, ақшалай құн, өмірлік капитал, әрбір сәт, ақшалай уақыт, кісінің кісілігі, уақытты босқа өлтірмеу, даналық, ортақ, орынды пайдалану, қанағат тұтады, мойындамау, уақытты бағалай білу, тектілер қатары, қадағалап отыру, уақытты сезіну, бағыт белгілеу, ең жаман дерт, еріншектікті жеңу, іскерлер әлемі, ұлы мәртебелі уақыт, уақыттың шашылуы, шығын.

Уақыт – алтыннан да қымбат» деген тақырыпта шығарма жаз.

Леңді жаттаңыз.

«Уақыт туралы»

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да?

Менің жаным ашиды мына өмірді

Өтпейтіндей көретін адамдарға.

Өтеді ғой...

Өтеді ғой барылығы да.

Күн арқалап кетеді таңда мына.

Менің жаным ашиды барлығына

Таң нұрына, адамның тағдырына.

М.Мақатаев.

30-сабақ

Акция

Акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады. Мысалы, акцияда 100 теңге деп көрсетілсе, бұл оның нақты бағасы, ал төленетін дивиденд пен несие капиталы пайызының деңгейіне байланысты ол 110-115 теңгеден сатылуы мүмкін. Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу тәсіліне қарай олар атаулы және ұсынбалы дейтін екі түрге бөлінеді. Атаулы акциялардың иелері міндетті түрде корпорация реестрінде тіркелуге тиісті. Ұсынбалы акцияларды корпорация тіркемейді. Корпорацияны басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар жай және пайдалы болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді. Пайдалы акциялар басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты түрде белгіленген дивиденд түсіреді және пайданы бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болады.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1. Акция қашан шығады?

2. Акцияның нақты бағасы қандай?

3. Акция неше түрге бөлінеді?

4. Қандай құқық беріледі?

2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Акционер – ақша ….

2. Акционер болу үшін белгілі бір акционерлік …… қызмет ету шарт емес.

3. Тек оның …. сатып алса жеткілікті.

Керек сөздер: иесі, акция, қоғам.

3-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

1.Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» Заң қабылданғаннан кейін акционерлік қоғамдар құрыла бастады.

2. 1998 жылы олардың саны үш мыңнан асты.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1422 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.019 с)...