Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Нарықтың мәні, құрылымы



Нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.

Нарық- тауарларды сатуып алу, сатумен байланысты орын алатын қатынастар жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әртүрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасында болатын экономикалықбайланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.

Дүниежүзілік нарық – сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық несие және қаржы қатынастарының негізінде құрылып, орнықты. Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация арқылы ішкі нарықпен байланыста болады.

Ұлттық нарық – бір елдің мемемлекет шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық. Ұлттық нарықта белгілі дәрежеде өндірістің нәтижелері мен шарттарына байланысты экономикалық қатынастар дамиды. Бұл қатынастар, нарық қызметінің шарты-ақша және тауар айналысының болуын анықтайтын тауар – ақша форма түрінде көрінеді.

14-сабақ

Тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

Рынок, на котором монополист торгует с монополистом, представляет собой двустороннюю монополию. На рынке труда двусторонняя монополия может возникнуть, когда представители профсоюза и компании, которая нанимает рабочих определенной квалификации, встречаются для переговоров о зарплате. Фирма на конкурентном рынке рабочей силы будет нанимать рабочих до тех пор, пока предельный продукт труда не станет равным ставке зарплаты.

15- сабақ

Жаттығу орындаймыз!

1. Үстеулердің түрін анықтаңыз.

Бұрын банктер несиені аз беретін. Бүрсігүні шағын кәсіпорынның ашылу кеші болады. Биыл Қазақстанның төл ақшасы – теңге шықты. Бүгінгі таңда нарықтық экономика даму үстінде.Мен қолма-қол есеп айырыстым. Оқудың ақшасын төлегеніме бірталай уақыт өтті.

2. Мына етістіктермен күрделі сөйлем құраңыз.

Қаржыландыру, сақтандыру, қауіпсіздендіру, арттыру, жоспарлау.

3. Жинақтау сан есімін көрсетіңіз.

Қонақтардың үшеуіне орын жетпей қалды. Біздің банктың қызметкелерінің жалпы саны – жетеу. Біздің фирманың қызметкелерінің екеуін жұмыстан шығарып жіберді. Бухгалтерлердің бесеуінің де жоғары білімі бар. Сатып алушылардың төртеуіне де көйлек жетпей қалды.

16-сабақ

Тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Бәсеке деген не?

2. Бәсекенің қандай жақтары бар?

3. Бәсеке адамзатқа тән қасиет пе?

4. Бәсеке өркениетті қоғамда қандай болу керек?

5. Әділетті бәсек деген не?

6. Әділетті бәсеке мемлекет үшін керек пе? Пайдасы бар ма?

7. Экономикадағы прогресс, жақсы, сапалы, әлемдік деңгейдегі сапалы өнім көзі ме?

8. Әділетсіз бәсек деген не?

9. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» қандай бәсекеде көрінеді?

10. Ғылымдағы, өнердегі бәсеке неге жеткізеді?

Тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіздер.

Нарықтық экономиканы ілгері жеткізетін күш- бәсекелестік, екінші – істеген іске, оның нәтижесіне жауапкершілік. Жауапкершілік- меншікпен келеді.

Нарық бәсекелестігі – заңдылық, ол меншік иелері мен мемлекеттер арасында бірдей. Оған пара өтіп, ұят жүрмейді, аяушылықты білмейді, қабілет пен іскерлікке жүгінетін қатынас.

Бәсеке - өзара жарыс, бір- бірінен озу сайысы, жақсы өнім сайысы.

17- сабақ





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1107 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...