Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Парагрип-таксаномиясы: тұқымдастығы: paramyxoviride



Тұқымдастықшасы: Paramyxovirinae

Туыстастығы: Respirovirus- адам парагрип вир-ң 1,3 серотипі

Rubulavirus- парагриптің-2,4 а,4в серотиптері

Құрылымы: парагрипп вирусының 5 серотиптері белгілі(АПГВ-ВПГЧ-1,2,3,4,5) Парагрип вирустарының гемадсорбциялық белсенділігі едәуір жоғары,ол инфицирленген жасуша дақылдарына теңіз шошқасының эритроциттерін қосқанда көрініс береді,және де олар гемаглютинациялық қасиетімен сипатталады.Серотиптерінің бәріне нейроминидазалық белсенділік тән,олардың шамалы дәрежеде гемолитикалық және симпласт түзуші қаиеттері бар.Олар адамдар мен маймылдардан алынған біріншілік және ауыспалы жасуша дақылдарында өсіп-өніп көбейеді.

Эпидемиологиясы: Парагрипп кезінде инфекция көзі-ауру адамдар.Вирус тыныс алу жолдары арқылы жұғады.Негізгі берілу жолы-ауалы-тамшылы,кейбір жағдайда тұрмыстық-жанасу жолымен де жұғуы мүмкін.Инфекция кең таралған және өте жұқпалы.Парагрипп инфекциясының маусымдылығы айқын емес.

Патогенезі: Инфекцияның ену қақпасы-жоғары тыныс алу жолдары.АПГВ жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабатыныңжасушаларына адсорбцияланады,оларға тереңдеп енеді және көбейеді,нәтижесінде вирус енген жасушалар бұзылады.Паталогиялық процесс қабыну қоздыра отырып тыныс алу арнасының төменгі бөлігін жылдам қамти бастайды.АПГВ1 және АПГВ2 ларингобронхит,АПГВ3 ошақты пневмония қоздырады.Парагрипп вирустары-мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатының эпителиалдық жасушаларында репродукцияланады.

Микробиологиялық диагноз қою: Зерттелетін заттар: шырышты қабат кілегейі,тыныс-алу жолдарының шайындысы,қақырық,қан сарысуы.Вирусты бөліп алу: бірішілік жасуша дақылдарына жұқтыру,ЦПӘ және ГАР бойынша индикациялау.Идентификациялау:ГАТР,КБР,БР.Серологиялық диагноз қою: қос сарысулармен,ГАТР,КБР,БР.

Емдеп,алдын-алуы: Этиотропты препараттар (арбидол,интерферон,иммунды модулятор) қолдану;симптоматикалық емдеу шаралары.Спецификалық профилатика яғни вакцина егу қолданылмайды.

9) Гепатит А фекальды-оральды жолмен берілетін бауыр жасушалары закымданатын, морфологиялык бұзылыстар туып жедел гепатит белгілері дамитын жұқпалы вирусты ауру. Алғаш рет бул аурудың жұкпалы екендігі жайлы С.П.Боткин баяндағн. Сондыктан муны Боткин ауруы деп атайды. Дене саргайуы байкалатындыктан бул ауру сары ауру деп аталады. Гепатит А вирусын 1973 ж С.Фейнстон ашкан. Таксономиясы: Тұқымдастығы: Picornoviridae, Туыстастығы: Hepatovirus, Түрі: Hepatoviruс А. Морфологиясы: Вирионы сфера пішінді, молшері 25-27нм, өте ұсақ вирустар. Геномы сегменттелмеген +РНК молкуласынан турады. Нуклеокапсиді 4 акуыздан туратын капсомерлерден құрылған, куб типтес симметриялы. Суперкапсиді жок карапайым вирус. Антигені: НА антигеннен турады. Резистенттілгі: Сырткы орта жагдайына тозімді, 21С та бірнеше апта бойы сакталады, 85С та белсенділігін толык жояды. Томенгі темп жаксы сакталады. Хлордын әсеріне тозімді, таза ауыз суларда сакталады. Формалинің жане УКС әсеріне сезімтал. Эпидемиологиясы: Инфекция көзі- індетің айкын не симптомсыз түрімен ауырған адамдар. Жұғу жолы: фекальды-оральды ягни ластанған та,амдар, су, тұрмыстық заттар, ойыншыктар аркылы жұгады.Жаз жане күз айларында коп болады. Балалар коп ауырады. Жасырын кезеңнің сонында жане алгашкы кундері жұғу каупы өте жогалы. Себебі бул кезде вирус нәжіспен коп болінеді. Патогенезі жане клиникалык көрінісі: Вирустык гепатотропты әсері бар. Вирус асказан әшек жолдарына тағам аркылы не су аркылы туседі де жінішке ішектің шырышты кабаттарында жане регионарлык лимфа туйіндерінде өсіп көбейеді. Сонан сон кыска мерзімді вирусемия фазасы басталады. Канда вирустың ен жогары денгейі инкубациялык кезеңнің сонында жане сарғаюалды кезенінде байкалады. Бұл кезде коздырғыш нәжіспен сырка шыға бастайды. Цитопатогендік әсер ету нысанасы гепатоциттер болады. Вирус бауыр жасушаларында репродукцияланып гепатоциттерді бұзады. Жасырын кезеңі 15 тен 50 кунге дейін, кобінесе 1 ай шамасында болады. Ауру жылдам басталады, температура көтеріледі, асказан ішек жолдарының қызметі бұзылады локсу, кусу. 5-7 кундері дене сарғаюы байкалады. Ауру кобінесе аскынусыз отеді. 2-3 аптаға созылады. ИМмунитеті: Аурырып болғанан кейін өмір баки гуморальды иммунитет калыптасады. М-имуноглобулиндр ауру басталганнае кейн 3-4 айдан сон кан сарысуында аздап жойылады ал Ig G коп жылдар сакталады. Микробиологиялык диагноз кою: Зерттеу материалы: кан сарысуы, нәжіс. Гепатит А вирусының антигендеріне карсы пайда болган антиденелер жане вирустык РНК вирус репликациясының маркері болып табылады- ИФТ, РИТ, ИЭМ аркылы аныктайды. Емдеуі: жалпы симптоматикалык. Вируска карсы багытталған химиялык препараттар колдану тәсілі жасалмаған. Құрамында интерферон, оксалин бар жакпалар колданылады. Алдын алуы: ішек инфекцияларына қарсы жалпы медициналык бейспецификалык профилактикалык шаралар жургізіледі. Спецификалык алдын алу максатында вакцина егу колданылады. Ол үшін инактивацияланған жане рекомбинатты гендік инженерлік вакциналар колданылады: аваксим, хаврикс, вакта т.б.

Вариант

Энтеровирустар- жалпы жіктелуі:сал(полиемиелит)вирусы,;ротавирустар.Коксаки вирусы;,ЕСНО вирусы,А гепатит -вирусы;

Пикрановирустар- РНҚ-ды тобының ауқымды вирустарына жатады. «Пикарновирус» деген сөздің түсіндірмесі:piko-ұсақ,майда,RNA –рибонуклеин қышқылы деген мағына береді.Бір тізбекті геномды РНҚ-сы бар. Пикарновирустар- қарапайым қү\ұрылымды вирустарға жатады. Диаметрі 30 нм.-дей,вирионының массасы 8-9 МД құрайды.Вирионы икосаэдрлі капсидтен тұрады,симметриялы куб типтес.Суперкапсиді жоқ.

Таксономиясы:

Тұқымдастығы: Picarniviridae

Туыстастығы:

Enterovirus

Rhinovirus

Aphthavirus

Hepatovirus

Cardiovirus

Pecarnovirus.Erbovirus.Korbuvirus

Коксаки вирустары- адамдарда әртүрлі аурулар тудырады,полиомелитке қарағанда коксаки-инфекция жеңілдеу өтеді.Қоздырғышты алғаш рет Г.Доллдорф және Г.Сиклс 1948 жылы Коксаки деген жерде полиемиелит ауруының белгілері бар науқас баланың әшегінен тапқан.Кейбір қасиеттері бойынша полиемиелитке үұсас болғанымен,атигендік қасиеті,жаңа туған ақ тышқандарға вирулентілігі бойынша ерекшелігі бар.

Морфологиясы. Коксаки вирустар-өте майда вирустар. Вирионның симметриялы типі куб тәріздес. Кейбіреулер мөлшері 100 нм-ге дейін дейін жететін крисстал құруы мүмкін. Жалпы пикорнавирустар сияқтықұрамында липидтер жоқ.

Таксономиясы:

Түқымдастығы:Picarnaviridae

Туыстастығы:Enterovirus

Түрі:Коксаки вирус А және В

Микробиологиялық диагноз қою. Коксаки А вирусы. Коксаки А және В топтары қоздыратын аурулардың негізгі синдромдары тыныс алу, жүрек,нерв және т.б. жүйелердің әр түрлі дәрежеде зақымданулары.һ болатындықтан зерттеу үшін алынады: мұрын-жұтқыншақ шайындылары,қан,несеп,нәжіс, жұлын сұйықтығы,өліктен алынатын материалдар. Вирусологиялық әдіс: 1-жаңа туған ақ тышқандарды жұқтыру-әлсіз салдану,өліммен аяқталу.2-жасуша дақылдарына жұқтыру ЦПӘ. Вирусты идентификациялау:сүт сорғыш тышқандарға жұқтыру. Серологиялық диагноз қою. Иктервал науқастың қан сарысуымен:БР,КБР,ИФТ. Жедел диагноз қою:ПТР,ИЭМ.

Коксаки В вирусы. Зерттелген заттар-жоғарыда келтірілгендей. Вирус штамдарын бөліп алу. 1-жаңа туылған ақ тышұандарға жұқтыру.2-жасуша дақылдарына жұқтыру-ЦПӘ:таңдақ түзілуі:,түсті сынама. Вирусты идентификациялау-БР. Серологиялық диагноз қою -КБ,КБР,ИФТ.Жедел диагноз қою-ИЭМ.

Алдын алу. Жалпы медициналық алдын алу шаралары жүргізіледі.Спецификалық профилактикасы,яғни вакцина егу қолданылмайды.

ЕСНО-вирустары. тыныс алу жолдарының жоғарғы және ортаңғы бөлімдерін,нерв жүйелерін,ішекжолдарын зақымдайды.

Таксоносиясы.

Тұқымддастығы:Picarnoviridae

Туыстастығы:Enterovirus

Түрі:ECHO вирустары.

Марфологиясы. Коксаки вирустарына ұқсас.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін заттар-коксаки-инфекциясы кезіндегідей. Вирусты бөліп алу-жасуша дақылдарына жұқтыру-ЦӘП. Вирусты идентификациялау -БР(емізу шағындағы тышқандар),ИФТ,ГАТР,РСК. Серологиялық диагноз қою -КБ,КБР,ИФТ,ГАТР. Жедел диагноз қою-ИЭМ,ПТР.

Алдын алу. Жалпы медициналық сақтану шаралары,спецификалық профилактикасы,яғни вакцина егу қолданылмайды.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1364 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...