Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Еңбек құн теориясы



Еңбек құн теориясының (Уильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Карл Маркс) негізгі мазмұны келесі тұжырымдарда жатыр:

Нарықтық айырбастың әртекті өнімдерінің біркелкі ішкі сипатты, яғни құнды қатиды. Сондықтан олар белгілі бір айырбас пропорциясында бір-біріне теңесе алады;

Барлық тауарлардың құны тауар өндірушілердің қоғамдық өндірісі арқылы жасалады. Еңбек қоғамдық болып табылады, өйткені нарықтық өнімді өндіруші өзі үшін емес қоғамның басқа мүшелері үшін пайдалы заттарды жасап шығарады. Тауарға сіңген құн – қоғамдық еңбек болып табылады. Құнды қалыптастыратын еңбектің өзі күрделілігі және сапалылығы бойынша бөлінеді. Күрделі еңбек – көбейтілген қарапайым еңбек. Күрделі еңбектің барлық түрін қарапайым еңбектің белгілі бір мөлшеріне жеткізу – еңбекті жетілдіру (редукциялау).

Еңбектің ішкі өлшемі – жұмыс уақыты. Жеке жұмыс уақыты (қызметкердің, кәсіпорынның) және қоғамдық қажетті (нарықтық) жұмыс уақыты деп бөлінеді. Тауар құны қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен анықталады. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты – бұл:

а) өндірістің қоғамдық әдетті жағдайы;

б) жұмысшылардың орташа біліктілігі;

ә) еңбектің орташа қарқындылығы кезінде өнімді дайындауға кететін уақыт.

Құн заңына сәйкес пайдалы заттардың нарықтық құны қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен анықталады.

Құн заңы – тауарлы шаруашылықтың негізгі заңы. Құн заңының қызметтері 5.3 сызбада берілген.

Құнның еңбек теориясы қоғамдық еңбек шығындарына сүйене отырып құнның мәнін ашқан болса, шекті пайдалылық теориясы (Карл Менгер, Евгений Бем-Баверк) құн мен құнды игіліктерді (қызметтерді) пайдалы заттарды тұтынушының экономикалық психологиясы тұрғысынан түсіндіреді.

Бұл теорияның негізгі заңдылықтары келесіде:

1. Пайдалылықты тауардың жеке қасиеттерімен бірдей деп санауға болмайды. Пайдалылық – бұл әр бір сатып алушы өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру кезінде белгілі бір игіліктің рөліне беретін субъективті бағасы. Игіліктің бағалылығы – (құнның синонимі) бұл адамның пайдаланатын затының өз өмірі және әл-ауқаты үшін мәнділігін түсінуі.

2. Пайдалы игіліктер екі түрге бөлінеді:

а) шексіз мөлшерде болатын (ауа);

б)жиналған қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыру үшін салыстырмалы түрде сирек және шектеулі болып табылатын; дәл осы игіліктерге шаруашылық жүргізуші тұлғалар бағалылықты қосады.

сурет Құн заңының қызметтері.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 6600 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...