Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Негізгі жұмыстан түскен табысты анықтау



Табыстар – белгілі бір істі орындау, атқару нәтижесінде түсетін пайда. Олар шығындарды жауып, пайда әкелу керек.

Табыстар бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Негізгі жұмыстан түскен табыстар
  2. Орындаудан тыс операциялардан түскен табыс – коммерциялық келісімдерден түскен табыстар, өндірістік аудандарды жалға беруден, бағалы қағаздардан және т.б.

Табыстардың жалпы суммасы кәсіпорынның тұтас табысын құрайды.

Кәсіпорын әр келесі жылға табыстардың мөлшерін жоспарлайды, кесімді баға табыстарының орташа жоспарлау мөлшерін жоспарлы жылдың өнім көлеміне көбейтеді. Табыстардың орташа кесімді бағасы бір қызметтен түскен орташа табысты мінездемелейді.

Жоспарлы жылда көрсеткіштің мөлшеріне әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар негізінде ол жоспарланады. Кәсіпорынның жылдық жұмыстардың қорытындысы бойынша табыс көлемін талдайды, егер жоспар орындалмаса және өсу қарқыны төмендесе, онда себептері анықталып табыстардың өсуіне ықпал ететін шараларды қарастырады.

Пошта байланыс табыстарын бір тұрғынға шаққандағы және де тұрғындар санының жоспарлы жылдың сол ауданда немесе қалада және табыстардың талдау динамикасы арқылы пошта байланыс қызметінің барлық түрлерімен, белгіленген тәртіп бойынша дәстүрлі емес, кеңейтілген түрімен анықтайды.

Қалалық және ауылдық телефон желілері, жүйе арқылы хабар тарату табыстары жоспарлы жылға орташа кесімді бағаға сәйкес келетін және мәліметтер көлемі негізінде және қызмет құрлымының заттай түрімен және сәйкес тарифтермен анықталуы мүмкін.

Радиохабарды тарату точкалары және телефондарды құру және қайта құрудан түскен табыстар, күткен келесі және жоспарлы жылдың есептелген орташа баға кесімінің мөлшерін, олардың саны негізінде анықталады.

Байланыс каналдарын жалға беруден түскен табыстар, қалалық телефондар және телеграф байланысы жалдаушылардың келісім шарты негізінде жоспарланады, мұнда бекітілген тариф есебінен жылдық жоспарлау табысының соммасы көрсетіледі.

Байланыс кәсіпорындары арасындағы табыстарды қайта бөлу қызметтері, олардың өндіріс процесінде хабарды тарату кезінде басқа баға жүйесі орындалады, байланыс саласында қолданылатын – байланыс кәсіпорынның өнімдерінің бағасы.

Байланыс жүйесінің тарифтері келесі үш топқа бөлінеді:

- жалпы (негізгі), көп таратылған және байланыстың барлық салалары қызметіне белгіленген;

- жеңілдік, байланыс қызметінің дәл сол түрлеріне жалпы тарифпен салыстырғанда анағұрлым төмен деңгейде белгіленген, әртүрлі уақыт кезеңдерінде жіберілетін хабарлардың көлемін көбейтуге (мысалы, түнгі және кешкі уақытта қалааралық телефонмен сөйлесуге жеңілдік тарифтері), жаңа қызмет түрлерін дамытуға немесе басқа факторларды есепке алып байланыс құралдарын қолданылуын жақсарту.

- жоғары, жалпы тарифтер немесе бекітілген бағадан жоғары (байланыстың бір қызмет түріне).

Тариф көлемін анықтау үшін байланыс қызметінің сол түрінің орташа саланың бағасын және пайданың керекті мөлшерін анықтау қажет.

Кесте2.

Көрсеткіштер 9 Нұсқа
2 бөлім. Негізгі жұмыстан түскен табыс  
2.1 Бір айдағы телефон аппаратының орташа абоненттік төлемақысы (тг.):  
2.1.1 пәтерлік ТА қолданылуы  
2.1.2 халықшаруашылық ТА қолданылуы  
2.2 Бір таксафоннан түскен жинақ  
2.3 Бір қондырғының орташа табысы  
2.4 Басқа көрсеткіштердің қызметінен түскен табыс 1000,0

Т=С+П+НДС

1. Пәтер секторындағы телефон аппаратынан алынған табыс:

2. Өндірістік сектордағы телефон аппаратынан алынған табыс:

3. Таксафон аппаратынан алынған табыс:

4. Қондырғыдан түскен табыс:

5. Жалпы табыстар:

Бөлім.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 741 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...