Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жұмыс көлемін есептеу



АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ-Америка Университетінің жанындағы

Алматы байланыс колледжі

 
 

«БАЙЛАНЫС МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ»

Пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қаланың телефон станциясының өндірістік-шаруашылық

қызметің жоспарлау.

.

Топ: 13-РЭиС-609-3к-1

Орындаған: Бексейт Жеңіс

Тексерген: Г.Т. Төлемісова

Алматы, 2015ж.

КІРІСПЕ

Зерттеу мақсаты. Қазіргі нарық қатынасына көшіп жатқан кезде өнім, жұмыс және қызмет көрсету сапасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің ең негізгі көрсеткіші. Адамның ұдайы өсіп келе жатқан және біртұтас қоғамның сұранысы сапасыз ешқашанда қанағаттандырылмайды. Сапа экономиканың жетілгенін аңғартатын көрсеткіш. Қандай да бір кәсіпорын өндірген өнімнің сапасы жоғары болған сайын пайдасы да жоғары болады. Өнеркәсісптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Жалпы айтқанда, пайда – материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. Бөлім – Жұмыс көлемін есептеу.

2. Бөлім – Табыстарды анықтау.

3. Бөлім – Өндіріске кеткен шығындарды есептеу.

4. Бөлім – Өндірістің тиімділік көрсеткіштерін анықтау.

5. Бөлім – Қорытынды және талдау.

Қолданылған әдебиеттердің тізімі.

Бөлім.

Жұмыс көлемін есептеу.

Байланыс өнімінің өте маңызды ерекшеліктері бар:

1.Өнімнің зат емес мінездемесі.

Бұл дегеніміз байланыс өнімінің заттық бейнесі жоқ болғанымен, ол басқа заттық бейнесі бар өнімдер сияқты маңызы зор. Байланыс өнімі болып телеграмма емес, телеграммадағы хабарды жеткізу болып табылады т.б. Байланыс өнімінің заттық емес мінездемесі-эксплуатациялық шығынның ерекше құрылымын алдын ала анықтайды. Байланыс саласында бөлек мекемелерде 50-60 пайзға жететін жалпы суммасында жалақының мөлшері биік болады. Және амартизациялық шығынның бөлінген мөлшері биік: 45 % дейін және одан да жоғары қалалық телефон, желісі және радиоорталық сияқты байланыс мекемелеріне жетеді, 1987 жылы байланыс саласында ерекше есеппен 24,1% құрады. Эксплуатациялық шығынның ерекше құрылымы өз кезегіде шарушылықты үнемді жүргізудің негізгі жолдарын алдын ала анықтайды.

2. Байланыс өнімін тұтыну және оның шығарудың уақыттарының сәйкес келуі.

Бұл дегеніміз байланыс заттары жұмыс істеу кезінде болған қателіктер тұтынушыға бірден әсері тиеді. Байланыс қозғалысы (линиялардың үзілуі және құрылғының техникалық тоқтатуы), яғни шығару процессі тоқтатылады, сонымен қатар өнімнің тұтыну процессі де тоқтатылады. Бұл жағдайлар байланыс мекемелеріне байланыстың сенімді және күнделікті жұмыс істеуді қамтамасыз етудегі ерекше жауап кершілікті қажет етеді. Мысалы: жіберілген телеграмманың мәтініндегі мазмұны бұрмаланған болса, онда бұл қателік телеграмма жіберілу кезінде табылмауы мүмкін және мұндай бұрмаланған телеграмма тұтынушыға жетсе, онда қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтырады.

3. Қалалық хабардың жіберілу өндірістік процессіне бірнеше мекемелердің қатысуы.

Сондықтан бұл салада байланыс заттары өркендеуіне бірдей техникалық саясат жүргізу керек (ережелер, нормативтер, стандарттар). Бұл сұрақтарды шешу кезінде КСРО-ның байланыс минстірлігі басты роль атқарады. Дәл осы салалық мағынасы бар көптеген функцияларды, соның ішінде байланыс қызметіне тарифтарды, эксплуатациялық ережелерді жасауды орындайды.

4. Байланыстың экономикалық ерекшеліктері.

Өндірістің бөлімшелерімен байланыстың бірігуі болып табылатын, ұсақ құрылымдық бірліктің ненгізінен бұл байланыстың аудандық тораптары РУС көп сандық желінің бар болуы. Бұл құрылымдық бірліктерде өзіндік ерекшеліктері бар. Мемлекеттің саясатты - әкімшілікті бөлімі негізінен байланыс саласы бойынша толық басқару мекемесімен, байланысады кәсіп орындық және құрылымдық бірлікті тарату (сонымен қатар почтада, телеграфта, қалааралық телефон станциясында және т.б)

Бұл жағдай мемлекеттің барлық әкімшілік аудандарында осындай құрылымдық біріліктердің бар болуын алдын ала анықтайды. Мұндай жағдайда құрылымдық бірліктердің (РУС) төмен рентабельді немесе жоспарланған шығынды болып келу іжиі кездеседі.

5. Жыл периоды және апта күндерімен, тәулік сағатымен ауыртпалықтың тегіс түспеуі.

Бұл жағдай өндіріс және еңбек ұйымындай формаларына жүйелік қажеттілігін анқтайды. Байланыстағы жұмысшы еңбегң белгілі саты мен кезекшілік мінездеме атқарады.

Жоғарғы айтылған байланыстың негізгі экономикалық ерекшеліктері мемлекеттің

халақшаруашылық саласы ретінде байланыстың мамандырына экономиканың әртүрлі аспектілерінің алдымен нақты және пән ретінде оқу, байланыс кәсіп орындарында ұйымдастыру және жоспарлауды білу керек және оларды практикалық жұмыста есепке алу керек.

Байланыс өнімі – бұл хабарды беру немесе техникалық құралдардың жұмыс процессінде алынатын пайдалы нәтиже.

Байланыстың әрбір бұтағында өзінің өнім номенклатурасы болады:

1. пошталық байланыс

2. қалааралық телефон байланысы – қалааралық телефон сөйлесулері, жалға берілетін каналдар.

3. жергілікті телефон байланысы – ТА, таксофондар, ТА – ларды орнату.

4. телерадио хабар тарату – станцияның каналуақыт жұмысы.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1341 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...