Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Адамның физикалық және ой еңбектері капиталға жатады ма? Неге?



Капитал көп мағыналы ұғым,ол материалдық игіліктердің қоры,ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды,атап айтқанда адамның қабілеті,білімі,ой еңбектері.

Капитал қоғамның бүкіл өндірістік қатынастар жүйесін қамтитын құбылыс ретінде сипатталады,яғни капитал капиталистер мен жұмысшылардың қосымша құнды өндірумен байланысты қатынасын қамтиды.Капиталдың өсуінің көзі капиталистердің ақысыз иемденетін, жалдамалы жұмысшылардың еңбегімен өндірілетін қосымша құн болвп табылады. Ал қосымша құн дегеніміз-жұмысшыға қажетті жұмыс уақытынан тыс еңбек етуі,

Х» Фирмасы жиһаз шығарумен айналысады. Осы кәсіпорынның негізгі

Бухгалтерлік шығындарынын атаңыз. Бұл жағдайда қандай айқынсыз шығындар орын алуы мүмкін?

Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындарын жіктеп болудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нөтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстардытыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б.
Айқын емес шығындар (implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды. Мысалы, ғимараттардыжалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Тұрақты шығындарға (fixed costs FC) — осы мерзімде өндіріспен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес

шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді.

Өзгермелі шығындарға (vаriable costs — VC) осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.

Орташа шығындар АТС — бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:

АТС = TC / Q

Шекті шығындар МС — бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.

MС = ΔTC / ΔQ





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 675 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...