Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Халықтың табысы артты, бірақ кейбір тауарларға сұраныс кеміді



Сұраныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі немесе адамдардың бір нәрсе үшін ақы төлеуге қабілеттілігі мен тілегін білдіреді. Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс заңы қарастырады.

Сұраныс заңы:

А) баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді;

ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.

Сұраныс қисығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.

Сұраныс деңгейінің өзгеруі – басқа шарттар өзгеріссіз болған уақыттағы тауар бағасының өзгеруі нәтижесінде белгілі бір уақытта тұтынушылардың сатып алатын тауарларының саныдағы өзгеріс болып табылады.

Сұраныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруі нәтижесінде сатып алушылардың сатып алатын тауарларының санындағы өзгерістер.

Сұраныс деңгейінің өзгеруінің негізгі факторлары баға болып табылады, ал сұраныстың өзгерун қамтамасыз ететін бағалық емес факторлар болып табылады.

Сұраныс деңгейінің өзгеруі сұраныс қисығын өз бойында жылжытады, ал сұраныстың өзінің өзгеруі сұраныс қисығының орнын бір жерден екінші жерге ауыстырады.

ЂСұраныс көлеміне әсер ететін факторлар 2-ге бөлінеді:

а) бағалық факторлар; Тауар бағасының төмендеуі сұраныс деңгейін жоғарлатады, ал бағаның өсуі сұраныс деңгейін төмендетеді

ә) бағалық емес факторлар.

Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:

- Тұрғындардың ақшалай табыстары;

- Тұтынушылар құрылымының өзгеруі;

- Тұтынушының талғамы мен талғауы;

- Жинақталған мүлік;

- Нарық көлемі, яғни бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын тауарлар көлемі;

- Сатудан кейінгі көрсетілетін сервистік қызмет.

Егер тауар бағасы 1 %-ға төмендегенде сұраныс 2%-ға артса, бұндай сұраныс қандай икемділікке жатады?

Сұраныстың бағалық икемділігі.

Икемділік – тұтынушының рыноктағы товар бағасына сезімталдығын өлшейді. Ол үшін баға бойынша сұраныс икемділігі коэфиценті қолданылады. Бұл коэффицент баға 1%-ке өзгергенде сұраныс көлемі неше %-ке өзгеретіндігін өлшейді.

Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті (Ep) заттың бағасы 1% — ке өзгерсе, онда сол затқа деген сұраныстьың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.

Бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауардың бағасы өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады, бірақ сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарамыз. Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған кезде тауарға деген сұраныс төмендегідей бес түрге бөлінеді:1) икемді;

2) икемсіз;

3) икемділігі бірге тең;

4) өте икемді;

5) өте икемсіз.

Егер сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу процентінен

Экономикалық тұрғыдан зерттегенде бірігудің кері әсерлері туралы не





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 658 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...