Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары



Физика-техникалық факультеті

Профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы

инженерлік жылуфизикасы кафедрасы

«АСТРОНОМИЯ» пәні бойынша

5В060400 - «Физика» мамандығы үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Курс: 3

Семестр: 6

Карағанды 2014

Құрастырған:

Шаймерденова Гүлжан Мейрамовна – т. ғ.к., доцент

« Астрономия » оқу әдістемелік кешені кредиттік жүйе бойынша үшінші оқу жылында 5В060400 – «Физика» мамандығында оқитын студенттерге арналған.

Оның құрамына мыналар енгізіледі: пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі; сабақтың барлық түрлері бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі; пән бойынша оқулық және әдістемелік материалдар: тақырыптық жоспар, дәрістер тезистері, семинарлық сабақтың жоспары; СОӨЖ, СӨЖ мазмұндамалары; курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары; өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар; емтихандық сұрақтары.

«Астрономия»пәні бойынша 5В060400 – «Физика» мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен /Дайындаған: Шаймерденова Г.М. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2014. – 99 бет.

©Қарағанды мемлекеттік университеті, 2014

1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)

Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары

Оқу жоспарының көшірмесі

Оқу түрі Оқу мерзімі Курс Семестр Несиелер Лекциялар Семинарлар Зертхана-лық СОӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі
Күндізгі                   Емтихан
Тақырыптар аталуы Сағат саны
Дәрістер Семинар СОӨЖ СӨЖ
  Кіріспе. Астрономия пәні. Бақылаудың мәні. Жұлдызды аспан. Шоқжұлдыздар.        
  Сфералы және тәжірибелі астрономияның негіздері.Аспан сферасы, сфералы астроно-мияның негізі. Аспан сферасындағы нүктелер мен сызықтар. Астрономиялық координаталар: горизонттық және экваторлық координаталар жүйелері. Шарықталу.        
  Эклиптикалық координаталар жүйесі. Эклиптиканың негізгі нүктелері. Күннің эклиптика бойынша жылдық қозғалысы. Күндік және жұлдыздық уақыт.        
  Уақыттың өлшеу бірліктері. Шынайы және орташа күндік уақыт. Уақыттың теңдеуі.        
  Әлемнің құрылымы туралы көзқарастардың дамуы. Күн жүйесінің кинематикасы. Ғаламшарлардың конфигурациясы. Тихо, Браге, Кеплер және ғаламшарлар қозғалысы туралы заңдар. Ғаламшарлардың синодтық және сидерлік айналу периодтары.        
  Тәуліктік параллакс. Күннің, Айдың және ғаламшарлардың өлшемдерін анықтау. Күннің параллаксы.        
  Айдың жұлдыздарға және Күнге байланысты көрінетін салыстырмалы қозғалысы. Ай фазаларының алмасу кезегі. Күннің және айдың тұтылуы.        
           
  Аспан механикасының негіздері.Ауытқу теориясының элементтері.Планета орбитасының элементтері. Ауытқу күш туралы түсінік. Көтерілулер және құйылулар.        
  Астрофизика және радиоастрономия құралдары мен әдістері.Телескоптар және олардың маңызы. Рефракторлар, рефлекторлар. Аберрация.        
  Күн жүйесінің физикасы.Күн туралы жалпы мәліметтер. Күннің өлшемдері, массасы және жарқыраулығы. Күннің температурасы және Күн затының күйі. Күннің химиялық құрамы.        
  Кіші паленталар. Кометалар. Метеориттер. Метеорлар.        
  Жұлдыздыр физикасы.Жұлдыздардың спектрлік классификациясы және химиялық құрамы. Жұлдыздардың көрінерлік және абсолюттік жұлдыздық шамасы. Жұлдыздардың жарқырағыштығы, массасы мен радиусы. Спектр-жарқырағыштық және масса-жарқырағыштық диаграммасы.        
  Біздің галактика.Галактикаға кіретін объектілер. Құс Жолы. Тұмандықтар. Жұлдыздардың Галактикада таралуы. Жұлдыздық шоғырлар. Галактиканың айналысы. Галактиканың құрылымы туралы қысқаша мағлұмат. Галактиканың иірімді құрылымы.        
  Галактикадан тыс астрономияның негіздері. Галактикаға дейінгі қашықтықты анықтау. Галактиканың физикалық қасиеті. Галактика-лардың массасы. Радиогалактикалар.        
  Космогонияның негіздері және космология мәселелері. Космогониялық мәселелер. Планеталардың тегі. Кант, Лаплас және Джинстің гипотезасы. Космология туралы түсінік.        
  Барлығы        

3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)

3.1 Оқытушы туралы мәлімет:

Шаймерденова Гүлжан Мейрамовна – т.ғ.к., доцент.

Жұмыс орны: инженерлік жылуфизикасы кафедрасы, 322 ауд.

3.2 Пререквизиттері: оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылардың жинағы:

- жалпы физика, математика және химия курстары;

- теориялық және статистикалық физиканың негіздері;

- теориялық механика;

- термодинамика және ядролық физика.

3.3 Постреквизиттері: пәнді оқыту негізінде алынған білім- дерді қолданатын басқа пәндер жиынтығы:

- Космостық физика;

- Математика;

- География,

- Экология.

3.4 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Астрономия» пәні жоғарғы оқу орнының студенттері үшін міндетті пән болып табылады және физика мамандықтары үшін оқу жоспарларына негізгі жалпы кәсіптік пән ретінде енгізіледі.

Пәннің мақсаты – әлемдік дүниенің жаралу негізін физикалық тұрғыдан түсіне білу, ғаламшарлардың, жұлдыздардың, галактикалардың және метагалактикалардың пайда болу, құрылу және дамуының динамикасын заманалды физикалық теориялар негізінде зерттеп түсіне білу, сонымен қоса ғаламшар құрылымдардың қозғалу және даму принциптерін терең түсіне білу.

Пәнді оқыту міндеттері:

- астрономияның негізгі заңдылықтарын түсінуге болатындай жалпы және теориялық физиканың ережелерін және мағлұматтарын студенттерге жеткізу, түсіндіру;

- осы заңдылықтарды математикалық түрде өрнектеп жеткізу және түсіндіру;

- астрономиядағы маңызды және негізгі құбылыстармен, процестермен таныстыру; космостағы денелерді және объектілерді зерттеу аспаптары және құралдарымен таныстыру, олармен жұмыс істеуді үйрету; астрономиялық шамаларды мейлінше дәл өлшеуді, берілгендерді есептеп өңдеу тәсілін үйрену, жаңа электронды есептегіш машиналармен берілгендерді есептеп өңдей білуді үйрету;

- әртүрлі теориялық гипотезалармен модельдердің қолдану шегі туралы мағлұмат беру, әлемдік құрылымдармен кеңістіктер туралы білімді дәрістеу;

- жұлдыздардың құрылымымен, энергетикалық заңдылықтарымен, планеталарлық жүйелермен таныстырып, негізгі білімдерді нығайту;

- студенттерді және жастарды астрономиялық ғылымға баулу, ынталандыру.

Студент білу керек:

- классикалық және қазіргі жаңа физика негіздерін;

- теориялық физика негіздерін;

- дифференциалдық, интегралдық және векторлық есептеулер негіздерін;

- аспандық механика негіздерін және заңдылықтарын;

- жұлдыздар және галактикалық жүйелер қалай пайда болып дамыды, негізгі принциптер мен заңдылықтар;

- жұлдыздардың энергетикасының заңдылықтарын.

Осы пәнді оқығанда студент меңгереді:

- нақты бір жеке есептердің шешімін және нәтижелерін физиканың жалпы заңдылықтарымен түйістіре және қатынастыра алады; физиканың және математиканың жалпы заңдылықтарын космостық әлемді түсінуге және нәтижелі қолдана білу; жұлдыздарды, галактикалық, және планеталарлық құрылымдардың физикалық заңдылықтарын, химиялық ерешеліктерін, даму және өзгеру принциптерін біліп қолдана алады;

- жұлдызды құрылымдардың энергетикасын және эволюциясын біледі;

- астрономиялық зерттеулер жүргізгенде нәтижелерді дұрыс талдай, сараптай, тұжырымдай біледі; космостан бақылау және зерттеу жасаудың негізгі әдістерін және тәсілдерін біледі, ауқымды түрде пайдалана алады;

- бар әдебиеттерді дұрыс және тиімді қолдана алады, білімді таратуда және насихаттауда тиімді жолдарды табады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 863 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...