Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азіргі жоғары мектептің міндеттері



Ø Мектеп, жоғарғы оқу орны – мемлекеттің білім жүйесі білім жағынан сауатты, интеллектуалды дамыған, физикалық жағынан сау адамдарды шығарып қоймай, сонымен қатар, адамгершлік жағынан тәрбиеленген адамдарды шығару керек екені баршаға мәлім. Бұл есеп біріншіге қарағанда маңыздырақ болып керінеді және қоғамда, әлемде адамгершіліктік тәрбиенің мәні кемімейді керісінше өсіп жатыр. Әр түрлі саладағы мамандар, қоғам, ақпараттар құралдары – бәрі қазіргі заманның ең басты мәселесін көтеріп отыр: қоғамда адамгершіліктің қирауы, эрозиясы, адамның қағидалардан босатылуы, өмірдің барлық салаларында адамгершіліктік нормалардың прогрессивті төмендеуі байқалып отыр.Мектептің, жанұяның және қоғамның мақсаты – әрбір түлекті ол, оған рухани және материалдық ляззат бере латын, жұмысына байланысты өмірде өз орнын тапсын деп ұтымды адекваттылықпен шығару болып табылады. Бұны тізбек арқылы түсіндіруге болады: оқу – еңбек – мамандық. Қазіргі заман педагогика мектептердегі қорытынды оқыту ретінде өмірлік және кәсіби өзін-өзі басқаруды санайды. Өмірлік өзін-өзі анықтау мамандықты табумен шектелмейді, бәрақ бұл тұлғаның әлеуметті және психологиялық күй процесесінде үлкен сыныптарда орын алатын мамандықты таңдау әрекеті үлкен роль ойнайды. Кәсіби өзін-өзі басқару жалпы көзқарастарға, дамуға, жоғарғы сынып оқушысының оқушысының ұстанымына, басқа да көптеген факторларға, соның ішінде кәсіби бағытталудың қызметіне байланысты.

Ø Кәсіби бағытқа және мектеп түлектерінің әрі қарайғы әлеуметтенуге байланысты мәселесі шешудің бір факторы ретінде оқушылардың еңбегі, еңбеупен оқыту және педагогикалық процесте тәрбиелеу болып табылады. Еңбек педагогикалық құндылық та, педагогикалық құралдар да болып табылады. Еңбекті оқу процесіне қосу идеясы ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда қалыптасып, ХІХ ғасырларда дамыған, ал еңбектің көмегімен оқыту білім беру процесінің бір бөлігі ретінде ХХ ғасырда барлық жерде дерлік міндетті бола бастады. Кеңестік мектеп білім берудің оқушылардың еңбегімен байланыс принципінің негізінде салынған болатын, ол біртұтас еңбек мектебі деп, кейіннен политехникалық мектеп деп атлынатын болатын және онің ішінде еңбек және кәсіби білім беру сабақтару болды және әлі де бар. Бұл сабақтарда бастапқы және орта сыныптардың оқушылары қағазбен, маталармен, ағашпен, металмен жұмыс істеуге үйренген, тұрмыстық электротехникамен танысатын болатын. Үлкен сынып оқушылары кейбір мамандықтар бойынша сабак алатын, олардың құрамы мектептердің және базалық кәсіпорындардың мүмкіндіктеріне байнысты болатын: автожұмыс, өндіріс, машинамен басу, компьютер, модельер, парикмахер және тағы басқалары. Мектептерде, сонымен қатар, технологиялар мен қазіргі заман өндірістері бойынша оқулықтар мен бағдарламалар бар.

Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен бағыттары болашақ маман тұлғасының әлеуметтену процесі ретінде.

Ø Тәрбиелеу – педагогтың студенттермен өзара әрекеттесудің арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған педагогикалық үрдіс, сонымен қатар студенттерде саяси, өнегедік, эстетикалық, физикалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен алуан түрлі әрекетті ұйымдастырудың педагогикалық үрдісі.

Ø Тәрбиелеу – бұл үрдіс субъектілерінің белсенділігімен, әрекетімен байланысқан күрделі педагогикалық үрдіс. Ол жеке тұлғаның интеллектуалды, эмоционалды, физикалық салаларындағы өзгерістерді, оның байытылуын және жетілдірілуін ұйғарады.

Ø Қандай әдістемелік идеяларда тәрбиелеу жұмысының бағдарламасын мақсатты түрде құруға болады? Тәрбиелеу үрдісінің өнімділігін арттыратын жалпы концептіуалдық қағидалар, бағдар бар.

Ø Жоғары мектеп оқытушылары үш категорияларға бөлінеді. Біреулері студенттермен тәрбиелеу жұмысын арнайы ұйымдастыру қажеттігін мойындамайды. Басқалары ол тәрбиелеу қызметімен сәйкес оқыту үрдісі кезінде жүзеге асу керек деп айтса, үшіншілері жоғары мектеп жағдайында мұндай жұмыстың қажеттігі мол, өйткені оқыту үрдісі тәрбиелеудің көптеген міндеттерін орындауға мүмкіндік бермейді.

Ø Студенттермен аудиториядан тыс тәрбиелеу жұмысы оқыту үрдісімен байланысқан өзіндік категория ретінде қабылдану керек. Тәрбиелеу және оқытудың мақсаты ортақ – болашақ мұғалім-профессионалдың жеке тұлғасын қалыптастыру. Алайда тәрбиелеу оқыту үрдісін жалғастырмайды, оны қосымша сабақтарға тіреуге болмайды. Тәрбиелеу адамның қалыптасуын әсер етеді. Сонымен қатар ол бір уақытта қоымша міндетті орындайды – болашақ мұғалімдерді біртіндеп мектепте тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруға дайындайды.

Ø Өзіндік катгория ретінде қабылданатын жоғары мектептегі тәрбиелеу жұмысы өзіндік мақсатпен басқарылады – болашақ мұғалімнің жеке тұлғасының индивидуалддығына жүгіне отырып, жан-жақты дамуы. Бұл мақсат тек бөлшектеп қана оқыту үрдісінде жүзеге асады, өйткені оқытудың өзіндік мақсаты бар, ол оқу жоспарлары және бағдарламары шігенде ғана болады. Ал аудиториядан тыс студенттерді тәрбиелеу жұмысы бұл мақсатты орындау үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Олардың жүзеге асуы студенттердің жеке тұлғасының жан-жақты қалыптасуына әрекет етеді.

Ø Студенттерді тәрбиелеу тұтас ұйымдастырылған үрдіс ретінде белгілі бір заңдылықтар мен принциптерге негізделеді.

Ø Тәрбие заңдылықтары – тәрбиелеу үрдісіндегі мәнді, орнықты байланыстар, олардың жүзеге асырылуы оның жүрісін, бағытын және өнімділігін арттырады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1374 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...