Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоғары мектептегі оқу процесінің құрылымы мен негізгі компоненттері



Ø Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен даағдынф меңгертеді,оқушылардың дүнеитанымын, күшқайратын, қабілеттерің тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Ø Оқытудың психологиялық, пелагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.

Ø Оқыту мақсатты – процесс.

Ø Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп жаңарады.

Ø Оқыту – таным процесі. Танымның ерекшеліктері оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.

Ø Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушыны дүние танудабұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, негізгі заңдылықтары мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.

Ø Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.

Ø Оқыту- даму негізі.

Ø Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан- жақты жетілуін түйістіреді.

Ø Білім алушының өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым – қатынас жасау іс - әрекеті.Сөйтіп,оқыту процесі – оқытушының студентпен үнемі рухани қарым - қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді.Оқыту процесінде студент тек оқытушының әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс – қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс- әрекетін білуі, бағалауы, өзін өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде студент логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қортынды: оқыту – білім алушылардың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту – бала дамуының алғы шарты.

Ø Білім алушының жалпы психикалық дамуы – жоғары мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқыту – екі жақты процесс, яғни ол студенть пен оқытушының өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс- әрекеті болса, оқу –студенттің өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

Ø Оқыту тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл- ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі – студенттерге білім беру.

Тақырып. Жоғары мектептегі оқыту үрдісінің әдіснамалық негіздері.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 4340 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...