Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д29. Қазіргі кездегі Африка елдері



1. Африка жылы. Африка отарларға тәуелсіздік беру.

2. Оңтүстік пен Солтүстік Африка елдердегі экономикалық жағдайындағы айырмашылықтары.

3. Қазіргі кезеңдегі Африканың саяси картасы. Ерекшеліктері.

4. Қазіргі кездегі Африка елдердің экономикалық дамуы.

1. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанмен Африканың саяси картасы өзгермеді, бірақ та колониалдық экономикаға өзгеріс енгізді.

Африка буржуаздары өздерінің биліктерін күшейтіп алды. Жұмысшы табы саны көбейіп, бірақ та халық саны негізінен шаруалар болды. Соғыстан кейін көптеген азиат елдер бостандық алды және осы елдер үшін талас басталды. Соғыс кезінде Англия, Франция, АҚШ, т.б. елдерге Африка пайдасын тигізді. Мысалы, АҚШ-тың қара темірі африкандық марганецпен, хронитпен, танталмен тығыз байланыста болды.

Африкадан АҚШ-қа 1940-1945 жылдары тасу 265 пайызды құрады. Бельгия Конгосы АҚШқа уран жөнелтіп тұрды, бірінші атом бомбасы істелінді. Африканың алмазы да өте қажет еді. Африка континентінің көлемі 30500 км. Ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке 800 км. Африканың ең солтүстік нүктесі мысалы, Эль-Абьед (Тунис) және Исольный (ОАР) Африкаға сонымен қатар аралдар да кіреді, мысалы, Вознесения аралы, Әулие Елена, Родригес аралы 1945 жылдан кейін батыстың экономикасын дұрыстауға кірісті. Соғыстан кейінгі уақыт «ұжымдық колониализм» деген ат алды. Франция болса, соғыстан кейін 10 жылдық жоспар жасады және ол 1949 жылы «Ұжымдық жоспарға» ауысты.

Бельгия 1949 жылы Конгодағы колония үшін «10 жылдық жоспар» құрды. Англияда 1948 жылы арнайы корпорациялар құрды. Бұл жоспарлардың бәрі өз мақсаттары үшін құрылған еді.

Әр түрлі африкандық топтар дос ретінде емес қарамақарсылықтар ретінде қаралды. Оларға әр түрлі репрессивтік жобалар қолданылды. Осының бәрі 40-50 жылдардағы, соңы 60 жылдағы азаттық революциясына ұласты. Себептері, жұмысшылардың төмен ақысы мейлінше аз еді және халыққа салық көп салынды.

Бұл Африка халқына өте ауыр тиді. Үміттің ақталмауы, халықтың күн көру жағдайы Африка халқын көтеріліске әкеп соқтырды. Черчил, Эттли сөзіне қарағанда автономия идеясына қарсы және Африка халқына өзіндік басқаруға тыйым салынған болатын.

Бесінші Африкандық конгресс болғанда олар тәуелсіздікті қолдайтынын білдірді. Колонизаторға қарсы күрес әр түрлі еді. Ол Африка халқының ғұрыптарына да байланысты болатын. Африка регионы басқа елдермен салыстырмалы түрде мүлдем қалған ел еді. Африка дағдарысының күресі 3 этапқа бөлінді:

1) 40-50 жылдар

2) 50-60 жылдар

3) 60-80 жылдар

Осы уақытта Африкада антиколониалдық партиялар пайда болды. Ең беделдісі осы партиялар ішінде Нигерия-Камерун; «Жас сомалилердің лигасы», т,б, болды. Екіншіден, ДОА болды. ДОА-ның артықшылығы оның ұстанған мақсатында еді. Қиындықтарға қарамай, коммунистік ұйымдарда пайда бола бастады. Бұлар көпшілікті, яғни халықты қолдайтын еді. Кәсіподақ ұйымдары да назардан тыс қалмады.

1942 жылы Нигерия ұйымы құрылды. және ол 1945 жылы алғашқы рет тарихта көтеріліске шықты. 40 жылдар соңында кәсіподақ ұйымдары жақсы қолдау тапты. Бұл Кенияда, Мадагаскарда, Родезияда болды.

Бельгия, Португалия колониаларында Анголада «Ангола атамыз» деген қоғам пайда болды. 1957-1963 жылдар аралығында коммунистік ұйымдар пайда болды. Бұл ұйымдар мен халық арасында тығыз қарым-қатынас орнады. 1942 жылы құрылған Нигерия кәсіподағы алғашқы рет 1945 жылы көтеріліске шықты. Осы уақытта кәсіподақ ұйымдары көбейді. Африка халқын бұл кезде КСРО да қолдады. Олардың барлығы 73 статьяға бағынған болатын. БҰҰ-да бұл елдер қалдырмауға тырысып бақты. Франция, Ұлыбритания өздері Африканы әлі де болса колониаға сақтауға тырысты, сол үшін күресті. Соғыстан кейін Испанияда, Португалияда фашистік қатаң тәртіп болатын. Африка халқын 99,3 пайыз қорлау көрсетілді.

1955 жылы Португалия және Испания БҰҰ мүшесіне қабылданды.Және олар өздерінің заңдарына өзгеріс енгізді. Ол заң бойынша Португалия, Испания колониалды провинция статусына ие болды.

Үш ай болғанына осы екі ел Африка халқына өте қорлау көрсетті және дұрыс көзқараста болмады. 50-жылдардың соңында колониалардық режим орнатылды және 1960 жылы тарихқа «Африка жылы» болып енгізілді. Бірінші болып Золотой Берег шықты. Түрмеден Кваме Нкрума босатылды. Англия елге тәуелсіздік берді. 1957 жылы 6 наурызда Золотой Берег (Алтын жағалау) мемлекет болды, мемлекет болып жарияланды. Президенті болып Кваме Нкрума сайланды. Ұлыбритания бұл елдерден жеке кеткісі келген жоқ..

1960 жылы 1 қазан күні Нигерия тәуелсіздік алды да, сәуір айында 1961 жылы Сьерре-Леоне болды. 1962 жылы Танзания республикасы, қазанда Уганда, 1963 жылы желтоқсан айында Кения тәуелсіздік алды. 1964 жылы картада Малави және Замбия пайда болды.

1958 жылы Франция жаңа заң қабылдады. Гвинея осы заңға қарсы шығып, 1958 жылы қазан айында тәуелсіздік алды. КСРО өз тарапынан көмек көрсетті.

Францияның 12 отары тәуелсіздік алды. Саяси картадан Францияның колониясы жойылды. 1960 жылы 17 африкандық мемлекет болды.

50 жылдардың ортасында Конгодо қозғалыс басталды. 1960 жылы бұнда 113 саяси партиялар болды. Патриси Лумумба басқаратын партия ең күштісі болып табылды. 1959 жылы кейбір қалаларда полиция қару қолданды. Халыққа оқ атылды.

Бұл 1960 жылы 30 маусым еді. Сайлау кезінде Конголез ұлттық қозғалысы партиясы жеңіске жетті. Оның лидері Птрис Лумумба алғаш рет мемлекет тарихында ұлттық үкімет құрды, әрі өзі басқарды.

БҰҰ шешімі бойынша 1962 жылы 1 маусымда екі республика пайда болды: Руанда және Бурунда. Бельгия колониясын қолдады. Португалия отарларында қатты заң бар еді. 1961 жылы Анголады көтеріліс орын алды. Бұл күрес 10 жылға созылды. 1973 жылы қыркүйек айында Гвинея-Бисау республика болды. 25 маусым күні 1975 жылы Мозамбикте португал флагі (жалауы) түсірілді. Ал 1975 жылы 11 қараша күні Ангола тәуелсіздік алды.

Ол Батыс капитализмнен өзгеше, колониализмге жақын және де Советтік «коммунизмінен» тіпті алыс. Өйткені онда сыныптық бөліну басым және абейстік жолдағы даму байқалады.

1960 жылдың басында Үкіметтің көп аймақтарында «африкалық социализм» концепциясы жүргізілді. Оның негізгі белгілері мынадай: сақтау мен дамыту, пайданың бәрін қолданысқа енгізу Батыс және Шығыс мәдениеттерінен іріктеп.

2. Бұрынғы метрополийлер және европалық блоктан олардың одақтастары, соның ішінде АҚШ, Жапония сияқты тәуелсіз мемлекеттермен қарым-қатынас орнату жолында үш мақсатты көздеген:

1) жас мемлекеттерд, саяси көзқарастағы билікті сақтау.

2) өнеркәсіп күштерін қанау мүмкіншілігі,

3) оларды өзара қарым-қатынас үлгісінде ұстау.

1960-1973 жылдары олар жақтан африкалық режимді басқарушы консерваторлармен терең қатынасқа түсу көзделген. Прогрессивті құрылымдағы мемлекеттермен салыстырғанда саяси өктемдік, сауда-саттықтың байкот жариялауымен, оларды халықаралық деңгейдегі шектеу көзделді. 1973-1980 жылдар аралығында Қара Африкада прогрессивті режим көбейген сайын, Батыс елдер жаңа тәртіпке икемдене бастады.

Бұған КСРО және Социалистік Одақтың басқа да елдері дамыған мемлекеттермен әлемдік нарық бағасымен сауда жүргізген, сондықтан бұларды сауданың дұрыс еместігінде кіналауға балар еді және де өзара социалистік арақатынасты бұзушылығы үшін кіналауға болар еді.

1960 жылдың аяғында бұрынғы метрополия елдер мен Африканың бостандық алған елдерінің арасында «бәсеелестік» ұғымы енгізілді.

Ол жағынан АҚШ қалыс қалған жоқ. және соны дәлелдей отыра, өзінің нағыз «бәсекелес» екенін бостандық алағна елдердің алдында қолдана білді. ГФР және Жапония да өз «бәсекелестік» идеяларын қолданған. Олар оны жалпы «тәуелді» жеңіа шыққадарды Екінші дүниежүзілік соғыста елдерді сонымен бірге бұрынғы колоншліре жеңіп шыққандаран – Англия, Франция, және АҚШ.

Қаржылай көмек «байланыс мінез» сипатында болды. Донор елде импорттық тауарды сатып алу үшін несиелер ұсынылды.

Индустриялық мемлекеттрге төлейтін өтемақы да өсіп, көбейе бастады. Негзігі қарызын төлегенмен қатар, оның пайызын да төлеген. Мысалы, 1960жылдың аяғында Гана 50 пайыз жоғары төлем болғаны экспорттық кірістерге төлеу керек болған. Бұл жалғыз мысал ғана емес жер – жерде кризистік жағдайлар болды.

Қарызгер - ел өтем арқылы уақытында төлей алмай, кейбір жәрдемақыларды алуды сұраған адам.

Донор – елдер оған келіспеген, ал келіскен күннің өзінде жаңадан экономикалық және саяси сұраныс қойған. Елдегі жағдай ушыға бастады.Қарыздарды төлей алмайтында жағдайға әкеп тіреді. 1983 жылы колониалдық кезеңнен кейін шет инвестицияның таза кірісі бұрыннан бері алған несие, займдардың пайызын төлеуге ғана жетті. сырттан келген қаржының көп бөлігі және кіріс экспорттық тауарды сатудан түскен қарызды жабуға және оның үстіндегі пайыздарын жабуға кетті. Ол елдің даму бағытында қолданылған жоқ.. 1980 жылдың басында бірқатар төмен пайыздар ВНП жан басына 0,7 пайыздан бастап– 4,6 пайызға дейін бере бастады.Оның ішінде Орталық Африка республикасы Замбия, Мадагаскар, Либерия, Заир, Гана, Угайда, Чад.

Экономикалық даму жағынан кейбір мемлекеттердің дифференциациясы басталды.

1966 жылы жан басына шаққанда ВНП өлшеміндегі артықшықтар 20 есе болса, 1975 жылы 50 еседен жоғары, л 1980 жылы 100 есеге дейін жетті.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 4033 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...