Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д24. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония



1. Жапонияда ЕДС кейінгі аграрлық реформалары.

2. Жапонияның ішкі саясаты. Жапон социалистік партиясының әрекеті.

3. Шығыстағы жаңа саясаттың дүниеге келуі. «Фукуда доктринасы».

4. XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы Жапонияның экономикалық дамуы.

1. Жапонияда фашистік бүлік басылғаннан кейін экономиканың милитаризациялануы жалғаса берді. Жапонияның Қытаймен соғыс бастауы 1937 жылғы, бір жылдан кейін Кеңес Одағына әскерлерімен Хасан деген жерде кездесті. Одан кейін Монғолияға қарсы соғысты. Сонымен Жапония екінші дүниежүзілік соғыста белсенді рөл атқарғанмен, өзінің империалистік жоспарларын орындай алған жоқ. АҚШ және Кеңес одағының әскерлері 1945 жылы Жапонияны капитуляцияға әкеліп, тізе бүктірді.

АҚШ әскерлері Жапонияда орналасып, демократиялық реформалар өткізді. Жапонияны АҚШ әскерлері оккупицияға жатқызды деуге болады. Мемлекеттің жоғарғы билігі Маккартур деген АҚШ генералының қолына берілді. Ол Потсдам қаласында қабылданған декларацияның негізгі шешімдері Жапонияда жүзеге асыруға тиісті болатын. Осы құжаттың негізінде Жапония бірнеше директивалар қаблдауға мәжбүр болады. Саяси қылмыскерлер босатылды, саяси партиялар құрылды, кәсіподақтар туралы заңдар қабылданып жатты. Әйел адамдар да енді сайлау құқығына ие болды. Жапонияның милитаризм саясаты аяқталды. Оның бір белгісі – милитаристік және шовинистік ұйымдардың таратылуы. 28 ірі әскери қылмыскер Халықаралық әскери трибуналмен сотталды. Американың оккупациялық билігі сыртқы саясатты, заң және полицейлік органдардың қызметін өз қолдарына алған болатын.ескі мемлекееттік аппаратты таратқан жоқ, тек қана тазартты. Жапонияның милитаризацияланған экономикасының терең дағдарысқа ұшырағаны соғыстан кейін. Әскери өнеркәсіптер қызметін тоқтатып, 10 миллион адам жұмыссыз қалды. Осы өзгерістер жапонияның саяси жүйесінің белсенді қызмет етуіне жағдай туғызды, саяси партиялар құрылып, ескі партиялар қызметін қайтадан бастады. Демократиялық қозғалыстар мен жұмысшылар ұйымдарының қызметі де белсенді болып кеңейді. Кәсіподақтар күшейе бастады. Маккартур ірі капиталистік концерндерді таратты. Олардың акцияларын алушы да негізінен сол мүшелері болды.

Маккартур аграрлық реформа өткізді. Бұл реформа бойынша мемлекет жердің 80 пайызын сатып алды. Помещиктердің жерлері шаруаларға сатыла бастады. Шаруалардың шаруашылықтары экономикада белсенді рөл атқаратын болды. Жер участкелері – те деген бөлімнен көп болмауы тиіс. Жерді жалға алғаны үшін шаруалар өнімнің бестен бірін отбасылық ретінде беруге тиісті еді. Сонымен шаруаның бостандығы бар отбасы ауыл шаруашылық экономиканың негізін салды.

Соғыстан кейін Жапониядағы реформаларды АҚШ-тың оккупациялық биліктері өткізді. Вашингтонда 11 мемлекеттердің өкілдерінен тұратын Қиыршығыстық комиссия құрылғанымен, Маккартур генерал басқарған штаб реформалардың көбін өзі өткізді. Жапонияның парламенті тек соның директиваларын басып шығарды.

1945 жылы желтоқсан айында жер реформасы өткізіліп, дін мемлекеттен бөлініп, одан кейін мемлекеттік мекемелерді және саяси ұйымдарды милитаристік режимді жақтаушылардан тазарту жүргізілгені болатын. 1947 жылы Маккартурдың штабы экономиканың реформаларына кірісті. Капиталистік монополияның Дзайбацудеген бір түрі бүкіл экономиканы өздеріне бағындырып, Жапонияның сыртқы саясатын әскери жолға қойды. Олар осы әдіспен Жапонияны ең бай және үлгілі мемлекетке айналдырғысы келгені жасырын емес. Осы дайбацудың ықпалын жою мемлекеттің экономикалық саясатының бір міндеті болып саналды.

Реформа Жапонияның халқына қандай жақсылықтар әкелді? Ең алдымен тауар шығарушылардың монополиясы жойылды. Нарықтық қарым-қатынастардың белсенділігі көтерілді. Бәсекелестік арта түсті.әрбір адам өзінің шығармашылық бастамасын пайдалануға мүмкіндік алғаны рас. Инфляцияны жою үшін рентабелдігі жоқөнеркәсіптерге үкіметтің субсидиялары жойылып, енді олар банктерден несие алатын болды. Салық жүйесінің сүйенген негізі-өте прогрессивтік принциптер. Енді капитал алдымен құрылысқа, өнеркәсіпке, ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсала бастады. АҚШ көмегі де әсерін тигізгені де жасырын емес. Капитуляциядан кейін тек 6 жыл өткен соң Жапонияның экономикасы қайтадан аяқтан тұрып, соғысқа дейінгі дәрежеге жетті. Ұлттық табыстың өсуі бұл дәрежеден жоғары болғаны рас.

Генерал Маккартурдың сүйенген тағы бір елеулі еңбегі –Жапонияның жаңа Конституциясын дайындау. Жапонияда 1946 жылы соғыстан кейінгі бірінші сайлауы өтті, парламентте көбірек орын алғандар Либералдық, Прогрессивтік, Социалистік партиялар.1946 жылы күзде Парламент Жапонияның жаңа Конституциясын қабылдады. Бұл конституцияның күшіне енген күні – 1947 жылдың мамыры. Формальды түрде бүл Конституцияны Жапонияның парламенті қабылдап, Құпия Кеңес 1899 жылғы Конституция кіргізілген өзгеріс ретінде қабылдады. Ал шынында бұл басқа буржуазиялық демократиялық принциптерге негізделген Конституция еді. Бұл парламенттік монархияның саяси режимін бекітті. Бұрынғы жартылай шексіз монархияның парламенттен жоғары тұратын Құпия Кеңес Император сарайының министрлігін құртты. Жапонияның жаңа Конституциясының жобасын дайындаған Маккартур басқарған штаб.

Конституция Жапонияны Англияның дуалистік монархиядан парламенттік монархияға айналды. Императордың құқықтары шектеліп қалды. Енді оны ұлт халық бірлестігінің нышаны ретінде қарайтын болды. Американдықтың ақыл-кеңесі бойынша ол өзінің «тәңірі тегінген шыққандығынан» жұрт алдында бас тартты, енді ол империяның нышаны болып саналды. Оның құқықтық жағдайы «сете тәносэй», номиналды, әлсіз формальды императорлық жүйе деп аталды. Үкіметті құрайтын парламентте көпшілік орын алғанпартия. Үкімет парламенттің алдында жауапты. Партияның басшысы Премьер-Министр болып сайланды. Премьер-Министрді ол парламенттің ұсынысымен тағайындай алатын. Ол жоғарғы судьяларды ұсынады, конституциясының түзетулеріне промульгация істейді, парламенттің сессияларын шақырады, төменгі палатаны тарата алады, министрлердің отставкаларына келісімін береді. Шын билік Жапония үкіметінің қолында болады, ал оны Премьер-Министр басқарды. Конституция бойынша Премьер-Министр отставкаға кеткенде бүкіл кбинет сонымен бірге отставкаға кетуге тиіс. Үкіметтің қолында заң шығару бастамасы бар, сондықтан үкімет бүкіл заң шығару қызметін басқарады. Одан басқа үкіметтің міндетіне кіретін шарулар қабылданған заңдары жүзеге асыру, сыртқы саясатты белгілеу, халықаралық шарттарды жасау, үкіметтің жарлықтарын шығару.

Сонымен, Жапония құқықтық мемлекеттің режимін құрып, конституциялық, парламенттік монархияға айналды. Халықтың құқықтарын кеңейту елдегі демократиялық күштердің үлкен жеңісі еді. Осы Конституция қазіргі заманға дейін әрекет етеді.

1951 жылы қыркүйекте Сан-Франциско қаласында бейбітшілік конференциясы өткізілді. Конференция АҚШ, Англия дипломаттарымен дайындалған. 8 қыркүйекте Жапония бейбітшілік шартқа қолын қойды. Шартқа КСРО, Польша, Чехословакия деген социялистік елдер қолын қоймады.осы шарт бойынша Оңтүстік Сахалин, Курия аралдары, Тайвань және т.б. жерлер Жапонияға жатпайды, бірақ шартта осы жерлердің иесі айтылмаған. Осында да АҚШ пен Жапония арасында қауіпсіздік шартқа қол қойылды. Осы шарт бойынша Жапония жерінде АҚШ армиясы орналасады деген шешімге Жапония қолын қойды. Жапониядағы АҚШ-тың қызметі:

1. қаржы министрлігі, сыртқы сауда, соттар, полиция – АҰШ қолынынң астында;

2. сыртқы саясат – АҰШ-тың қолында;

3. жұмысшыларға кәсіподақтарды құруға құқық берілген;

4. экономикасы демократизацияландырылды;

5. дін мемлекеттік басқарудан бөлінген;

6. аграрлық реформа өткізілген;

7. Мицуи және Митсубиси деген өңдірістік-қаржы концерндер қайта құрылып, мемлекеттің экономикалық жағдайын бақылай жүрді..

1952 жылдан бастап Жапонияның өкіметінде Либералдық-демократиялық партиясы негізгі орын алды. Осы партия 1955 жылы Демократиялық және Либералдық партиялардан құрылып, оның негізінде біріккен партияның лидері, Жапонияның премьер-министрі Хатояма үшінші Кабинетті құрды. Кабинет КСРО мен байланысты жылымдық саясатты өткізіп, 1956 жылы КСРО мен бірлескен мағлумдаманың астына екі жақтан қол қойылды. 1956 жылы желтоқсанда Жапония БҰҰ-ның құрамына кірді.

1956 жылы Жапония территориясында 675 американдық әскери объектілер орналасқандықтан мемлекетте американдықтарға қарсы күреске жол берілді. 20 ғасырдың 50-60 жылдарында ЛДП негізгі саяси оппоненті Жапонияның Социалистік партиясы болды. Жапония көппартиялық мемлекетте айналды. Мемлекетте келесі партиялар әрекет етті: ЛДП, Жапонияның Социалистік партия, Жапонияның Коммунистік партия, Комэйто партиясы (1964 жылы құрылды; партияның бағдарламасының негізінде буддизм дінінің ережелері мен ойлары болды), Демократиялық социализмнің партиясы (1959 жылы құрылды), Жаңа либералдық Конгресс (1976 жылы құрылды).

Хатоямадан кейінгі Икэда Хаято деген премьер-министр тэйси-сэй деген саясатты ұстады (ол мемлекеттің ішкі саясаттың тұрақтылығына арналған саясат болды). Ол 1964 жылға дейін үкіметті басқарды. Оның кабинетінің әрекет еткен уақытында Жапонияның экономикасы тез дами бастады.1953-1954 жылдары Жапония тарихына «Процветание Дзиму» деген атпен кірді. Осы кезең 1957 жылға дейін созылды. Жапонияның экономиканың тез дамуының негізгі себебі – ол шет елдердің ғылыми-техникалық жетістіктерін өз технологиясына енгізді.

1964 жылы Жапонияның премьер-министрі Сато Эйсаку болды. Оның үкіметі қорғаныс қабілетінің қуатын күшейтті. 1966 жылы Жапония армиясының саны 247 мың адамға жетті. Эйсакудың сыртқы саясатының негізгі бағыты – ол АҚШ-пен одақтасу: Жапония АҚШ-тың Вьетнамға қарсы жүргізген соғысқа көмектесті.

1966 жылы Жапония Азиаттық-Тынық мұхиттық экономикалық кеңесі (АЗ-ПАК – Азиатско-тихоокеанский экономический совет) деген жаңа саяси блоктың учредителі болды. Жапониямен осы кеңеске Тайвань, Оңтүстік Корея, Таиланд, Филиппиндер, Австралия, Жаңа Зеландия кірді.

1961-1970-шы жылдарда Ұлыбританияның ВНП ортажылдық өсімі – 2,8, АҚШ-тың – 4,1 пайыз болғанда Жапонияның 11 пайыз болды. 1980-шы жылдарда Жапонияның экономикасы енді капиталистік жолмен жедел түрде дами бастады. Мемлекеттің экономикаға араласуына тоқтағаны да осы кезең. өнеркәсіп орындары жекешеленіп жатты. өнеркәсіптің бостандығы және құқықтық мемлекеттің режимі Жапонияға өзінің жақсылығын алып келгені анық. Соғыстан кейін пайда болған қиыншылықтардың бәрін жойғаннан кейін Жапония күшті, бай мемлекеттердің қатарына қосылды. Ол ғылыми-техникалық төңкерістің жетекшіліктерін дұрыс пайдаланып, эколномикасын жоғары көтерген озық елдердің бірі, экономикалық даму қарқыны жағынан басқа капиталистік елдерді басып озып, олар үшін қауіпті бәсекелеске айналды. Ең жаңа салалардың жедел дамуын ғылыми-техникалық төңкеріспен ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің рөлімен де байланыстырған дұрыс. Ол концерндерге ықпал етті, керекті қарызды берді, салықты жеңілдетті, олардың арасындағы тиімді мердігеріктерді таратты. Жапониядағы өнеркәсіп өнімінің тең жартысына жуыған әлі де кішігірім кәсіпорындар өндіреді.

Жапония – Орталық Азия елдерінің негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. Ал «Орталық Азия - Жапония» өлшеміндегі ынтымақтастық елдер қасындағы ықпалдастықүрдістерді тереңдетуге жол ашылмақ. Орталық Азиялық аймақты Оңтүстік Азия мен Орталық Шығыстың экоспорттық инфроқұрылымымен байланыстыратын аймақтық коммуникациялық және энергетикалықжобаларды жүзеге асыру, аймақтық сауда-экономикалық және инвестициялық ахуалын жақсарту, су энергетикалық, көлік және азық-түлік консорциумдарын құру, жаңа ықпалдастықты бірлестіктердің құқықтық негіздемелерін құруда жапон тәжірибесін қолдану практикасы өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бола алады.

Жапония Либерал-демократиялық партиясы 1955 жылдан бастап елді үздіксіз билеп келеді. Жапония монархиялық мемлекет.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новейшая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2000.

3. Сейдхан К., Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 10387 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...