Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

XVI-XVIII ғасырлардағы моғолдар империя қалаларының дамуы



XVII ғасырда қалаларда тек қана 15-20 % тұрды. Қалалар мемлекеттің экономикалық, әкімшілік-саяси және мәдени орталығы болған. XVII ғасырда Дели, Лахора, Агра, Ахмадабада қалаларда 500 мыңнан астам адам тұрған.

Үндістанның ежелден өзінің тамаша қолөнері мен сәулет өнері арқылы даңқы шыққан Бомбей, Мадрас, Калькутта сияқты ірі сауда орталықтары болды. Қалалар қолөнер мен сауданың дамуына зор ықпал етті. Үндістан жері арқылы ірі халықаралық сауда керуендері әр түрлі азық-түлік түрлерін Қытайға және Үндіқытайға сауда жасап барып, ол жақтан еліне Шығыстың тамаша қолөнер бұйымдарын, зергерлік заттарын, алтын-күміс, бағалы тастар алып қайтатын.

Қолөнершілердің көпшілігі шеберханаларында өз отбасымен бірге жұмыс істеді де жалдамалы еңбекті пайдаланды. Өнерпаз қолөнершілер падишах және байлы көпестердің шеберханаларында (кархана) еңбек етті.

XVI-XVIII ғасырларда сауда өте жоғары деңгейде болған. Мемлекеттегі нарықтар бір бірімен байланысты болған. Қалалар жергілікті және халықаралық сауда орталығы болған. Қалада көпестердің орны маңызды болғандықтан қала басқару және шетел көпестермен сауда қарым-қатынастар жасауға құқық алды.

2. XVIII ғасырдың ортасында Үндістанды отарлауға ұмтылған еуропалықтардың ішінде ең белсенділік танытқандары француз компаниясы мен ағылшындық Ост-Үнді компаниялары болды.

1. Ағылшындардың Ост-Үнді компаниясы 1600 жылы құрылған және 1657 жылы Кромвельден хартия алған. Бұл хартия бойынша соғыс жариялау және бейбітшілік орнатуына, өз әскери күштеріне ие болды. Ост-Үнді компанияның коммерциялық және саяси қызметінің орталығы Бомбей, Калькутта және Мадрас болған.

2. Француздар 1664 жылы өз компаниясын құрған. Олардың негізгі орталықтары Пондишери мен Чандранагарда болған.

Бұл екеуінің арасында Үндістан үшін күрес басталды. Екі мемлекеттің арасында болған жетіжылдық соғыс (1756-1763) нәтижесінде ағылшындық Ост-Үнді компаниясы жеңіске жетіп, Үндістанды отарлауды қолға алды. Бұл жеке меншіктегі сауда компаниясы бүкіл шығыс елдерімен саудаға монополиялық билік жүргізіп келген еді, енді осы компания арқылы Англия Үндістанды отарлауға кірісті.Үндістанның саяси бытыраңқылығын пайдаланып, Ост-Үнді компаниясы XVIII ғасырдың 70-жылдары Бенгалияны басып алды. Бұл Үндістанның ең дамыған бай аймағы болды. Ост-Үнді компаниясы XVIII ғасырдың 70-80 жылдары Үндістандағы ірілі-ұсақты мемлекеттер мен князьдіктерді бірінен кейін бірін бағындырды. Ағылшындар бұл жолда жергілікті халық тарапынан қатты қарсылыққа тап болды. Халық көтерілістері өршіп, отаршылдыққа қарсы күрес жүрді. Ағылшындар Үндістанды отарлауды қанды қырғынмен ұзақ уақыт жүргізуге мәжбүр болды. Үндістанды отарлауға кең жол ашылғаннан кейін,ағылшындардың сауда-өнеркәсіп буржуазиясы Ост-Үнді компаниясының Үндістанды жалғыз өзі отарлауына наразылық білдіре бастады. Бұл бәсекелестікті ескерген ағылшын өкіметі 1773 жылы Үндістанды билеу жөнінде заң қабылдап, заң бойынша Үндістанды басқаратын генерал-губернатор қызметін тағайындады. Бұл қызметке кандидаты Ост-Үнді компаниясымен бірге парламент ұсынатын болды. Үндістандағы ең бірінші генерал-губернатор болып Уоррен Гастингс тағайындалды. Ағылшын билеушілері жергілікті жердегі әкімшілік, сот, салық жинау, полиция және т.б. қызметтерді өз қолына алды. Ағылшындық судья басқарған қылмыстық, азаматтықсоттар құрылды. Ағылшындар жергілікті үнділер мен мұсылмандарға қандай қылмыс жасаса да, жазаға тартылмайтын болды. Отаршылар Үндістандағы өз мүдделерін қорғау үшін, жергілікті халықтан шыққандардан жалдамалы, қарулы әскер жасақтарын құрды. Еуропалық офицерлер басқарған, солардың қару-жарағымен жарақталған, еуропаша тәрбиеленген мұндай әскер сипайлар деп аталды. Үндістандағы мұсылмандар мен үнділер енді ағылшы отаршылдарына қарсы күресті. Отаршылдар Үндістанның халқын аяусызтонап, 1757-1780 жылдар аралығында ағылшындар Үндістаннан тауар және ақша түрінде 38 млн фунт стерлинг алып кетті. Биліктерін орнатқан жердегі халықты қанап,салықты ауырлатып, олардың өмір сүру деңгейін төмендетіп жіберді. Ашынған халық ағылшындарға өшпенділікпен қарады.Үндістан Англиягың арзан шикізат беретін, оның өндірісінің өокендеуінеөте қажетті елге айналды.

Алғаш рет Үндістанда пайда болған еуропалықтар португалдықтар еді. Олар үнді жағалауларындағы саудаға бақылау жасап, билік жүргізіп тұрған.

Еуропалық компаниялардың ішінен Үндістанда үлкен табысқа ие болғаны ағылшындық Ост-Үнді компаниясы болды. XIX ғасырға қарай компанияның сауда факториялары теңіз жағалаулары мен Ганг өзені бойында пайда болды. Бомбейде, Мадраста, Калькуттада сауда факториялары мықтыбекініспен қоршалды. Үндістаннан бұл компания мақта мата және жібек бұйымдарын тасыды. Ост-Үнді компаниясы үнді маталарын Еуропаға ғана тасып қоймай, оны Шығыс елдеріне де апарды.

XIX ғасырдың басында ағылшындық Ост-Үнді компаниясы Үндістанды толық отарлауды аяқтауға көшті. 1819 жылға қарай Үндістанның орталық және оңтүстік жағы ағылшын отаршылдарының билігіне өтті. 1849 жылы солтүстікте Пенджаб әскері толық талқандалды. Осыдан кейін бүкіл үнді жері Ост-Үнді компаниясының билігін мойындады. Осы елді жаулап алуда ағылшындық Ост-Үнді компаниясы басты рөл атқарды, яғни ол британ тәжінен Үндістанмен сауда-саттық жасауға ерекше құқық алған. Өздерінің тірек пункттерін құра отырып, Ост-Үнді компаниясы бұл жерден қалған еуропалықтарды ығыстырды. Компанияға Үндістанда жергілікті тұрғындардан тұратын күшті әскер құрудың сәті түсті. Солдаттары еуропалық әскери тәсілдерге үйретті, олар ағылшын офицерлерінің командасында болды. Осы армияда қызмет еткен үнділерді сипайлар деп атады. Сипай армиясы үнді мемлекетінің армиясынан жоғары тұрды. Ост-Үнді компаниясы бұрын жергілікті үкімет жерге салған салықты қауымдардан жинай отырып, қосымша кіріс ала бастады. Жаулап алған аумақтардың тұрғын халқынан алынған алымдар компания табысының басты көзі болды. Оның себебі ағылшын үкіметінің саудаға компаниялардың монополиялық құқықтарын өзгерті болды. Саудадан компанияның табысы төмендеді. XIX ғасырда Үндістанмен сауда жасаумен, сондай-ақ басқа ағылшын фирмалары айналысты. XVIII ғасырда үнді экспортының негізін маталар құрады. Олар қолдан тоқылған және сапасы өте жоғары еді. Еуропада бұл тауарлар өте үлкен сұранысқа ие болды. Бірақ Еуропадағы өнеркәсіп төңкерісінен кейін жағдай өзгерді. Еуропада машинамен өндірілген маталар үндінің қолдан тоқылған маталарынан арзанға түсті. Енді Англияда өндірілген арзан маталарды Үндістанға әкелу ұлғайды. Өткізу рыногынан айырылған үнді тоқымашылары тоқырауға ұшырып, қайыршылық халге түсті. XIX ғасырдың 30-40 жылдары Үндістанның әр түрлі аймақтарында шаруалардың ашаршылықтан қырылуы күшейді.

3. 1857-1859 жылдары Солтүстік Үндістанда аса қуатты халық көтерілісі орын алды. Көтерілісшілер құрамында шаруалар мен қолөнершілерден басқа, алғылшындарға жандамалы әскер болып табылатын үнділік сипайлар да болды. Көтеріліс сипай әскерінің қару-жарақтарына қажетті оқ-дәріге байланысты шықты. Мылтықтардың оқ-дәрісі шошқа және сиыр майымен майланған қағазға оралған екен. Солдат сол оқ-дәрінің қағазын тісімен тістеп алып тастап, мылтықты оқтайтын еді. Шошқа майын пайдалану кәпірлікке жатады деп есептейтін мұсылмандар және сиырды қасиетті санап, оның еті мен майын пайдаланбайтын үнділер үшін бұл ауыр қылмыс саналды. Сондықтан сипай әскері наразылық білдірді, ал ағылшындар оларға қарсы күш қолдануға кірісті. Сипайлардың жалақысын жоғары болды. Бірақ олар қызмет жағынан өсірілмейтін еді. Сипай солдат ешуақытта офицер қызметіне көтеріле алмайтын. Сипайлардан үш үлкен әскер құрылған еді. Ең үлкені Бенгал әскері Ауд князьдігіндегі жоғарғы каста өкілдерінен тұратын. Олардың қолындағы барлық жер иеліктерін ағылшындар алып қойған болатын. Сондықтан бенгалдықтардың наразылығы да күшті болды.

Көтеріліс 1857 жылы 10 мамырда Дели маңында басталды. Көтерілісшілер ағылшын офицерлерін ұрып-соғып, Делиді басып алды және Ұлы Моғолдардың ең соңғы билеушісі Бірінші Бахадур шах билігін қалпына келтіргенін жариялады. Көтерілістің мақсаты Үндістанды ағылшын отарлауына дейінгі жағдайға келтіру болды. Қозғалыс жаппай ағылшындарға қарсылық сипатта жүрді. Көтерілісшілер Ост-Үнді компаниясының үстемдігіне жеккөрінішті пиғылдарын ашына айтты. Ағылшын өкіметі Үндістанда елеулі реформалар жүргізу қажеттігін түсінді. Ост-Үнді компаниясын тарату туралы шешім қабылданды және Үндістанды билеу құқығы тікелей Ұлыбритания үкіметіне берілді. Ағылшын отаршылдары енді өздеріне тәуелді жергілікті князьдер мен байларды өз жағына тарту мақсатында әрекет жасауға кірісті. Олармен тіл табысып, одақтасуға тырысты. Сипайларға кіші офицерлік қызметке көтерілуге рұқсат берілді. Жергілікті ауқатты топтар ағылшындардың осы аз ғана жеңілдіктеріне қанағаттанып, көтерілісшілердің қатарын тастап шықты. Ал көтеріліс әлсіреу кезеңіне аяқ басты. Көтерілісшілер арасындағы діни және этностық алауыздықтар оның жеңіліске ұшырауын тездетті. Үндістанның солтүстігінде тұратын сикхалар мен гуркалар мұсылмандарға қарсы болды, сондықтан олар Ұлы Моғол өкіметінің қайта орнауын қалаған жоқ. Оңтүстіктегілер декөтеріліске наразы еді. Екі үлкен қала – Бомбей және Мадрас әскерлері де көтерілісті құптамады. Ағылшындар қайта бұл әскерлерді көтерілісті басу үшін пайдаланды. Солтүстік пен оңтүстіктегі барлық әскери күштерді жинақтап, ағылшындар көтерілісті күшпен басып-жаныштады. 1858 жылдан бастап көтеріліс партизандық сипатқа ие болды. Осы соғыста Лакшми Бай атты үнді әйелі ерлігімен ерекше көзге түсті. 1859 жылы көтеріліс толық басылды. Сипайлар көтерілісінен кейін Англияның Үндістандағы саясатына өзгерістер енгізіле бастады. Үндістан істері жөніндегі арнаулы министрлік құрылды. Үндістандағы әкімшілік билік вице-корольге, провинцияларды билеу губернаторға берілді. Үндістанда жаңадан үш университет ашылып, оларда сабақ ағылшын бағдарламалары бойынша ағылшын тілінде жүрді. 19 ғасырдың бірінші жартысында ағылшын капитализмі Үндістанды ағылшын тауарларын өткізу рыногына және ауыл шаруашылығы шикізаты көзіне айналдыра бастады. Ауыл шаруашылығында мақта, шай, кофе, каучук өндіретін плантациялар ұлғайтылды. Англияға бұл елден бидай мен күріш тасылды. Ал Англиядан арзан дайын өнімдер Үндістанға әкелінді. Ағылшындар үнділердің ішкі салт-дәстүрлеріне араласпаймыз деп мәлімдеді. Жергілікті ауқатты топтар мен кейбір шаруалар-қауымдастар жеке меншікке жер иеліктерін алды. Ал қалған шаруалар жерді не сатып алуы, не жалға алуы тиіс болды. Егер жерді сатып алғанжаңа қожайын бұл жерге тауарлы дақыл өсіргісі келсе, сол жердегі шаруаларды қуып шығып отырды. Шаруалардың жағдайыкүрт нашарлап, елді жаппай ашаршылық жайлай бастады, ал өкімет бұған қарсы ешқандай шара қолдана алмады.

4. Үндістан – көп ұлтты мемлекет. «Үнділік» деп біз Үндістанда тұратын барлық халықтарды айтамыз. Ал үнділіктер өз кезегінде бенгалдық, пенджабтық, тамилдік, хиндустандық деп бөлінді. Олардың ұстанатын діндері де, тілдері де әр түрлі. Тек ағылшындар ғана бүкіл үнділіктерді бір қолдың астына жинақтап ұстай алды. Олар бүкіл үнді жерін теміржол желісімен байланыстырып, біртұтас рыноққа түйіндеп қойды. Үндістанда біртұтас әкімшілік және заңдар жинағы пайда болды. Ағылшын тілі бүкіл Үндістанда ұлтаралық қатынас тілі болып қалыптасты. Бүкіл үнділіктердің отаршыл әкімшілікке қатысты біртұтас мүддесі қалыптасты. Ұлттық сана-сезімнің өсуі Үндістанды азат ету жолындағы ұлттық қозғалыстың қалыптасуына негіз болды үнді қоғамның сауатты тобы жатжерлік езгіге қарсы шығып, отаршыл өкіметтен әкімшілік реформалар жүргізуді, елді басқаруға үнді халқының өкілдері де қатысуын талап етті. Біртіндеп бұл әрекеттер ұйымдасқан қозғалысқа ұласа бастады. Ірі қалаларда діни-реформалық, ағартушылық және саяси-патриоттық ұйымдар құрылды. Еуропалық үлгілері жоғары оқу орындарында білім алған сауатты азаматтар отарлық қанауға наразылығын айқын көрсете білді. Осы либералдық топтар үнді ұлттық қозғалысының жетекші күші болды. Олар Үндістанның толық тәуелсіздігін емес, Британ империясы құрамындағы өзін-өзі басқару құқығына ие болуды көздеді және үнділіктер мен ағылшындардың құқықтарын теңестіруді талап етті. Либералдар вице-король мен губернаторлар жанынан үнді тұрғындарының өкілдіктерін құруды ұсынды. Олар жас үнді өнеркәсібін Англия тарапынан туып отырған бәсекелестіктен қорғау шараларын қабылдауды талап етті. Самарқау либералдар, өкімет рұқсат еткен шеңберде ғана әрекет жасады. Олар да еуропалық либералдар сияқты, халықтың бұқаралық саяси қозғалысының өрлеуінен қорықты. 1885 жылы самарқау либералдар алғашқы жалпыүнділік саяси партия – Үнді Ұлттық Конгресін (ҮҰК) құрды. Оның орталығы Калькутта қаласы болды. ҮҰК-тің ішкі құрылысы – либералдық және радикалдық екі ағымнан құралды. Либералдық қанаты ірі буржуазия, зиялы қауымның ең жоғарғы тобы мен ұлттық ірі жер иеленушілер құрады, ал радикалдық қанатта – ұсақ буржуазия өкілдері, қала қызметкерлерінің орташа топтары мен шаруалардың ауқатты тобы болды. Ұлттық қозғалыстың өсуі ағылшындарды кейбір жеңілдіктер жасауға мәжбүр етті. 19 ғасырдың 80 жылдарында қалалар мен ауылдық жерлерде өзін-өзі басқару құқығы енгізілді. Сайлауға қаладағы ауқатты адамдар, ал ауылда жер иеліктері барлар ғана қатыса алатын еді. 1892 жылы британ парламенті либералдардың тағы бір талабын қанағаттандырып, губернаторлар жанынан кеңесші ұйымдар құруға рұқсат берді. Ұлттық Конгрестің радикалдық қанатының көсемі Б. Тилак болды. Б. Тилак барлық еуропалық ықпалдарға индуизмнің дәстүрлі құндылықтарын қарама-қарсы қойып, Үндістанның ұлттық қозғалысы оны халық бұқарасы толық қолдағанда ғана жеңіске жетеді деп мәлімдеді. Радикалдар ағылшын үстемдігіне қарсы күрес құралының бірі бойкот деп мәлімдеді. Бұл күрес свадеши деп аталды. Оның мәнісі жас үнді өнеркәсібін бәсекелестіктен сақтап қалудың бірден-бір жолы – ағылшын тауарларына бойкот жариялап, тек қана ұлттық тауарларды пайдалануға шақыру. Ағылшын өкіметі бұған қарсы жазалау әрекеттерін қолданып, оның ұйымдастырушыларын қамауға да алып отырды. Тилак та осы әрекеті үшін түрмеге қамалды. 19 ғасырдың 80 жылдарында Үндістанда Ұлттық Конгрестен басқа мұсылмандардың ағартушылық ұйымдары өз қатарынан сауатты әкімдер даярлап, мемлекеттік қызметке орналастырып отырды.

XX ғасырдың басындағы Үндістан. Ұлт-азаттық қозғалыстың аса белсенді ошағы Бенгалия штаты болды. Бұл жерде Ұлттық Конгресс пен мұсылман ұйымдары өте белсенді әрекет етті. Ағылшын билеушілері бұл аймақты аса қауіпті жер санады. Сондықтан Үндістандағы отаршыл өкімет басында отырған Керзон 1905 жылы Бенгалияны екіге бөлу жөнінде шешім қабылдады. Шығыс Бенгалияда негізінен мұсылмандар, Батыс Бенгалияда үнділер тұратын.

Ағылшындардың Бенгалияны екіге бөлшектеудегі мақсаты – үнділер мен мұсылмандарды бір-біріне қарсы қойып, олардың арасында діни алаусыздық тудыру, сөйтіп бенгалиялықтарды ұлт-азаттық қозғалыстын аулақтату болды. Бұны түсінген Үндістан халқы ағылшын отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс бастады. Қозғалыс негізінен екі ұран шеңберінде жүрді; «свадеши» - «өз билігіміз» ұрандары ұлттық тәуелсіздікті көксеген халықты азатыққа шақырған үндеу болды. Қозғалыс Бенгалиядан Пенджабқа ауысты. Қозғалысқа қатысушылар құрамында қолөнершілер, жұмысшылар, шаруалар, оқушы жастар көп болды. 1905-1908 жылдардағы Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыс бүкіл елді қамтыды. Ағылшын өкіметі қозғалыс жетекшілерін жазалап, көтерілісті күшпенбасуға әрекеттенді. 1908 жылы Тилак тағы да түрмеге қамалды.

1906 жылы үнді мұсылмандарының ұйымы – Мұсылмандар лигасы және үнділердің ұйымы – Хинду махасабха (Үндістанның қадірлі діни қоғамы) құрылды. Ағылшынотаршыл өкіметі ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеуіненқорқып, бірқатар шараларды жүзеге асырды 1911 жылы Бенгалияны бөлу туралы заң күшін жойды. Үндістанның астанасы Калькуттадан Дели қаласына көшірілді.

Сөйтіп, XX ғасырдың басында Ұлттық Конгресс пен Мұсылмандық ағартушылық ұйым басқарған ұлт-азаттық қозғалыс Үндістанның тәуелсіздік жолындағы күресін бастап берді.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2004.

3. Сейдхан К. Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 9882 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...