Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д8. XVII-XX ғасырдың басындағы Үндістан



1. Ұлы Моғолдар империясы. Моғолдар мемлекетінің әскери-лендік жүйе. Моғолдар мемлекетінің ыдырауы.

2. Үндістанның ағылшын отарына айнала бастауы.

3. 1857-1859 жж. Сипайлар көтерілісі. Жеңілу себептері мен маңызы.

4. Буржуазиялық-ұлтшылдық қозғалыстың басталуы. Үнді ұлттық конгресінің құрылуы (1885 ж.).

1. XVII ғасырда Үндістанның солтүстік-батыс жағындағы Пенджабта сикхалардың діни қозғалысы пайда болды. Олар касталық жүйені жоюға, үнді құдайларына сыйынудан бас тартуға, барлық адамдардың Құдай алдына тең болуы жолында күресуге шақырды. Олар мұсылмандық моғол билігіне мен үнді раджаларының үстемдігіне қарсы шықты. Сикхалардың діни көсемі Гобинд (1660-1708) негізгі күшті тәуелсіз Сикха мемлекетін құруға жұмылдырды. Сикхалықты мұсылман дініне ғана емес, сондай-ақ ауқатты үнді діндарлары – брахмандарға да қарсы қойды. Сикхизм жүре-бара индуизмнің бір сектасы емес, жеке дін болып қалыптасты. Сикхалар Пенджабтан мұсылмандарды кетіріп, жер мен билікті өзқолдарына алу үшін күреске шықты. Осы ұранмен көтерілген сикхалардың күресі XVIII ғасырдың екінші жартысына дейін созылды. Күрестің нәтижесінде Пенджабта тәуелсіз Сикха мемлекеті пайда болды.

Махараштра – Үндістанның батыс бөлегінде орналасқан маратха халқының отаны. XVIII ғасырдың бірінші жартысында маратхалардың біраз бөлігі Моғол мемлекетінің аумағында, бірқатары Голконда және Биджапур сұлтанының жерінде өмір сүрді. XVIII ғасырда олар Моғол үстемдігіне қарсы күреске шықты. Көтеріліс көсемі Шиваджи (1630-1680) 20 жыл бойы моғолдарға қарсы партизандық соғыс басқарды. 1657-1674 жылдары тәуелсіздік жолында күрескен маратхалар жеңіске жетіп, Үндістандағы күшті мемлекеттің бірін құрды.

Ұлы Моғолдар империясында көтерілісшілерді роушанит тар деп аталды. Шах Джахан билік еткен кезеңде көтерілістердің сипаты өзгерілді. Біріншіден, әскери күрестің көпшілігі, идеологиялық бағдарламасы болуы, екіншіден, этностық және ұлттық бірлігі және оған сәйкес патриоттық идеялары, үшіншіден, этникалық және діндік негізінде тәуелсіз мемлекетті құру идеясы пайда болды.

Моғол империясында әр түрлі этностардың және діндердің өкілдері тұрды да олар әлеуметтік-экономикалық, саяси және этномәдени дамуы жағынан әр түрлі деңгейінде болғандықтан елде бірлік орнатуы өте қиын болды.

Ұлы Моғол мемлекетінде қалыптасқан экономикалық қиындықтар бұқара халықтың жағдайын нашарлатты. Феодалдық жер иеленушілердің, мемлекеттің шаруаларға салатын салықтарының өсуі, тұрмыстарының ауырлығы олардың Ұлы Моғол билігіне қарсы наразылығын күшейтті. әр жерден халық көтерілістері шыға бастады. Сондай-ақҮндістан халқының этностық діни ғұрыптары оларды моғол билігінентәуелсіздік алуға ұмтылдырды. Мемлекеттің іргесі шайқалды. Бір аймақтан кейін екіншісі Ұлы Моғол мемлекетінен бөлініп кетіп, жатты.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 4333 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...