Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Айта өркендеу дәуіріндегі ғылым мен діннің арақатынасы



Қайта өрлеу дәуірі өнеркәсіптің, сауданың, әскери істің, яғни материалдық өндірістің дамуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар техника, жаратылыстану, механика, математиканың дамуы да байқалады. Бұндай өзгерістер орта ғасырға тән схоластикалық ойлаудың принциптерінен арылуды талап етеді. Жаңа дәуірге ауысуға себепкер болған жаңалықтар: Американың ашылуы, астрономия жүйесінің орнауы, өмірге, дүниеге деген адамдардың көзқарасын өзгертіп, ғылым мен философияның әрі қарай дамуына үлкен із қалдырды. Осы дәуірдің ойшылдары тәжірибеге сүйене отырып, қоғамды, адамдарды, табиғатты, өмірді түсіндіргісі келді. Осы дәуірге сонымен қатар антикалық идеялардың қайта жаңғыруы тән. Гуманизм, адамның шығармашылық дербестігі принципі, оның өмірдегі барлық жақсылықтарды иеленуге құқығы бар сияқты идеялары кең тарады.

Уақыт жағынан қайта өрлеу дәуірі XIVғ. аяғы мен XVIІ ғасырдың аралығын қамтиды. Қайта өрлеу дәуірі қандай да болмасын бір ғана дәстүрге ғана бағынудан бас тартты. Қайта өрлеу дәуірінің философиясының пайда болуының алғышарттары:

1.Феодализмнің дағдарысы;

2.Сауда, мәдени, саяси орталықтарға айналған қалалардың өсуі;

3.Европа мемлекеттерінің орталықтануы;

4.Алғашқы парламенттің пайда болуы;

5.Ғылыми-техникалық жаңалықтар.

Қайта өрлеу дәуіріне тән ерекше белгілер:

- антропоцентризм мен гуманизм;

- шіркеу мен шіркеу идеологиясына деген оппозиция;

- қоршаған ортаны ғылыми-материалды негізде түсіну;

- әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекетке деген үлкен қызығушылық;

- индивидуализмнің басымдылығы;

- әлеуметтік теңдік идеясының кең таралуы;

Қайта өрлеу дәуір философиясына бірнеше бағыттың болуы тән:

1.Гуманизм;

2.Неопалтонизм;

3.Натурфилософия;

4.Реформация;

5.Саяси бағыт;

6.Утопистік-социалистік.

Ғылым және діннің арақатынасы – қарама-қайшы көзқарастарға толы күрделі тақырыптардың бірі. Бір топ ғалымдар олардың арасында ешқандай қайшылық жоқ деп дәлелдесе, тағы бір топ зерттеушілер бұл екі ұғымның қашан да қақтығысып келген деп сендіруге тырысты. Дін мен ғылымды еш уақытта бітіспейтін мүлдем қарсылықты дүниелер ретінде көрсету XVIII ғасырда кең жайыла бастағаны мәлім. Ал ол үрдіс әлемде коммунистік режим дүрілдеп тұрған XX ғасырдың орта шенінде нағыз шарықтау шыңына жетті. Тіпті, қаншама зерттеушілер расында солай екен деп ғылым мен дінді бір-бірінен бөліп қарауды қағида қып ұстанды. Антикалық кезеңнен қайта өрлеу дәуіріне дейін ғылым мен дін бір-бірінен ажырағысыз, қоян-қолтық күй кешті. Ал XVIII ғасырда батыста жаңа мәдениет туды. Ғылым мен өндіріс дамыды. Бұл жағдай мәселеге мүлдем жаңа қырынан қарауға жол ашты. Атап айтқанда, әлемнің өмір жасы, биологиядағы механизм мәселесі, эволюция теориясы, элементтердің табылуы, жүйке жүйесі мен мидың функцияларын түсіну бағытында жасалған талпыныстар батыс әлемінде ғылым мен діннің қақтығысына негіз қалады.

Ғылым мен діннің қақтығысы дегенде, негізінен, материалистік батыс әлемі еске түседі. Оның ислам дініне қатысы жоқ екенін ашып айтуымыз керек. Өйткені һижра жыл санауы бойынша екінші ғасырдан бесінші ғасырға дейін жалғасқан және қазіргі батыс әлемінің ойлау жүйесіне де сүбелі үлес қосқан мұслымандардың ғылым-білімдегі жетістіктері бұған дәлел бола алады[4].

Дінді қате түсінуге себеп болған негізгі себептердің бірі – діннің материалистік пәлсапа, әлеуметтану және антропология тұрғысынан зерттеу нысанына айналуы, ал екіншіден, дін дегенде адам санасына бірден бұрмалаушылыққа ұшыраған христиандықтың сап ете қалуы. Осылайша соңғы ғасырларда жалпы дін сонымен қатар ислам діні де материалист батыс ой-санасының құрбанына айналды.

Материалистік түсінік бойынша күллі болмысты тек қана көзге көрінетін материалдық заттардан, ал адам баласы тәннен және сол тәннің туындысы саналған ой-сана мен сезім-түйсіктерден ғана тұрады деп пайымдауынан туындап жатты. Өкінішке қарай, «ғылымилық» шапанын жамылған осындай қысыр көзқарас дінмен қоса адам өміріне қатысты басқа да барлық құндылықтарға адамның өз қолынан жасалған өнім деп баға берді.

Сонымен қатар, сол шолақ түсінік бойынша, жасалған «ғылыми» емес ғылымға, яғни нақты лабораторияларда көзге шұқып көрсеткендей дәлелденбеген нәрсеге шындық деп қарауға болмайды. Себебі ол нақты емес. Ал дінді тек сенім мәселесі ретінде қарауға болады. Міне, осы түсінік батыста білу мен сенуді бір-бірінен бөле-жарып, екі бөлек ұғым деп қалыптастыра бастады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1656 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...