Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Көне Мысырдағы мифология және протоғылым



Ежелгі Мысыр Көне Мысыр әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі. Ніл өзенінің екі жағалауына орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші жж бір тұтас мемлекет болып бірікті. Ніл өзеніәр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерд ішайып кетіп отырған,тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайт өлшеп бөлу керек болады,ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған (геометрия – грекшесөз, гео — жер, метро — өлшеу деген мағына береді).
Көне Мысырдың Ахмосе немесе Райнд папирусы Б.з.б. 2900-шы жжкейінпатшаларының мазары ретінд е көне мысырлықтар көптеген алып пирамидаларды тұрғыза бастаған. Пирамидалардың құрылысына қарай отырып, солкездегі көне мысырлықтардың геометрия мен астрономияны аз білмегенін аңғаруға болады. Мысалға, пирамида табаны мен бүйір бет ауданы арасындағы қатынас пен табанындағы бұрыштарды атауға болады. Қазіргі кездегі Көне Мысыр математикасы туралы зерттеулер негізінен, сол кездегі монахтар жазуы және руни жазуымен жазып қалдырған екі кітапқа сүйенеді: біріЛондонда (1858 жылы ағылшын жинаушысы Райндтауып, өз меншігіне алған, сондықтан көбінесе Райнд папирусы (жоғарғысуреттегідей) депаталады, ол папирус б.з.б. 1700 жылғажатады, бұл Мәскеу папирусына қарағанда үлкенірек). Енді бірі Москвада сақтаулы. «Мәскеу папирусы» депаталады. (суреттегідей)

Оны 1893 жылы ескі заттардыжинақтап сақтаушы орыс әуесқойы Голенищев сатып алған, ал 1912 жылы ол Мәскеудег іәсемдік өнерлер мұражайына берілген. Папирус — қамыс текті өсімдік. Мысырда, Ніл өзенінің жағалауындаөседі. Оның өзегін тілім депалып, тілімдердіқатарластраорналастырады. Олардыңүстінекөлденеңосындайтілімдердіңекіншіқабатынсалады. Қысқышпенекіқабаттыбіріктіріпжаныштағандатілімдерденшығатынжелімсияқтышырынқабаттардытұтастырыпқағазтүрінекелтіреді.

Папирустар 9 ғ.-дан бастапмүлдеқолданылмайтынболған, оныңорнынақағазпайдаланылады.
Қағазеңалғашбұдан 2000 жылбұрын, Қытайдашыққан, оны Чай ЛуньдегенадамойлапшығарғандепжазыладыҚытайтарихнамаларында.
1. Ежелгі Бабыл математикасы Көне Мысырда математиканың туумен қатар ертедегі Бабыл тұрғындары және шумерлер мен аккадтықтар өз алдына өздерінің дербес математикасын жасап шығарды. Бұл халықтар сына сияқты сызықшалардан құралатын таңбалар арқылы (19 ғ-да археологиялық қазбалар кезінде табылған) күн көзіне қойғанда тастай қатайып қалатын, балшықтан жасалған саз балшықты тақталарға (плиткаларға) білімдерін жазып қалдырған. Мұндай балшық тақталар Бабыл жерінен мыңдап табылады.

Бабылдықтар астрономия ғылымының негізін салған. Бір аптаны жеті күнге бөлу, шеңберді 360 градусқа, сағатты 60 минутқа, минутты 60 секундқа, секундты 60 терцияға бөлу солардан бізге мирас болып қалған. Жұлдыздарғақарапболашақтыболжау, яғниастрология да солардыңарасындатуған.
Бабылдықтар шеңбердің ұзындығын анықтауда дұрыс алтыбұрышты қолданған. Бұл алтыбұрыш шеңбердің ішінде орналасқа, оның төбелері шеңбердің бойында жатыр. Бабылдықтар қолданған P -ге жақын мәнді табыңдар.

Көне Египет мәдениеті Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекетгердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — перғауын перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдайлардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосыльш айшлады. — «Алтын» нұр шашқан күн ұлымын деп жариялады.

Мысырдағы қашқындар Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күші — өлім. Міне, сондықтан да болар — көне Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды.

"Пантеон" сөзі "бәрі" және "құдай" деген грек сөздерінен құралған, яғни "барлық құдайлар" деген мағына береді. Пантеонға (құдайлар тізіміне) қандайда бір халықтың мифологиясындағы барлық құдайларды енгізеді. Бұл сөздің тағы бір мағынасы - барлық құдайлардың храмы.

Мысыр(Египет) - өте ежелгі өркениеттердің бірі. Мысырдың басты өзені - Ніл. Ежелгі мысырлықтардың өмірі көп ретте осы ұлы дарияға тәуелді болды. Олар Нілдің тасуы аспандағы жұлдыздардың орналасуымен байланысты екенін байқады. Мысырлықтар жерде және аспандағы құдайлар өмір сүреді, жер бетіндегі оқиғалар солардың ықпалында деп ойлады. Молалар мен храмдардағы жазулар мен суреттер, папирус жапырағындағы жазбалар арқылы мысыр мифологиясы бізге жеткен. Мысырлықтар құдайлардың және жердегі барлық жан иелерінің жаралуы туралы мынадай аңызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Бір күні судың түбінен жоталанып жер өсініп шығады, оның үстніде лотос гүлі пайда болады, ал гүлдің ішінен күн құдайы Ра шығады. Раның демінен ауаның, бос кеңістік пен жарықтың құдайы Шу мен ылғал құдайы Тефнут пайда болады. Шу мен Тефнуттан Геб пен Нут туады. Осыдан кейін Ра мысыр пантеонына кірген басқа да көптеген құдайларды жаратады. Геб жерге, ал Нут - аспанға айналады. Нут Гебтің қарындасы әрі әйелі болады. Кешке ол жұлдыздарды туады да, таңертең оларды жұтып қояды. Сонда оны Геб "өз торайларын жеген шошқа" деп атайды. Геб пен Нут дайласпасын деп, олардың әкелері, ауа мен жел құдайы Шу олардың құшақтарын ажыратып жібереді. Осылайша аспан жерден бөлініп, олардың арасында ауа кеңістігі пайда болады. Геб пен Нуттың төрт баласы болады:Осирис(табиғат құдайы), Исида(құнарлылық пен аналық құдайы), Сет(шөл мен найзағай құдайы) және Нефтида(о дүние құдайы). Бір күні Ра даналық құдайы Тотты шақырып алып, былай депті:"Мен жер асты әлемінде жүрген кезімде, аспанда менің орнымда бола тұр." Аспанда ай осылай пайда болыпты. Тот құдай да Ра сияқты құрметтелген.

Ежелгі мысырлықтарда құдайлар көп болған. Алғашқыда мысырлықтар құдайларды жануар түрінде бейнелеген. Неғүрлым қастерлі жануарларға бұқа, сиыр, қой, жылан, қолтырауын, мысық, арыстан, шибері және сұңқар мен тырнақұтан құстары жататын. Бірақ бірте - бірте құдайларға адамдардың бейнесі де беріле бастады. Мысалы, қуаныш пен маххабат құдайы Баст әйел тұлғалы, ал басы мысықтыкі болды.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2787 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...