Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық жұмыс. Анимация



Мақсаты: Анимациямен танысып және онымен жұмыс жасауды үйрену

Өту әдісі: зертханалық

Тапсырма. Анимация құрыңыз.

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

1 Сценаны анимациялау дегеніміз – max-та визуализацияланған бейнелер қатарын автоматтандыру процессін айтады. Анимация сценасы кадрлардан (frames) құралған. Әр кадр бейне өзгерісін сақтайды.

2. Кадрлар саны бір өлшем уақытта өтетін анимацияны белгілейді. MAX-та секундасына 30 кадрды құрайды, ал кинода ол – 24, телекөріністе - 25 кадр секунта. Яғни мультфильмдейгідей әр картинадан бейне құрастыралады десе де болады.

3. Мұнда әр анимация кадры алдыңғы сабақта өткен визиуализацияланған бейнелерден еш айырмашылығы жоқ екенін түсіну қажет. Сонымен анимация көп автоматты түрде қайталанып отыратын визуализация циклінен құралады.

4. Кез-келген объекті құрып оны сцена бойынша қозғалту анимация сценасын құрыңыз. Ол үшін алдымен - Create (Жасау) - Geometry (геометрия) - Standard Primitives (Стандартты примитивтер) Sphere (сфера) сайманан сфера құрыңыз.

5. Жұмыс терезесінің төменгі бөлігіндегі Т ректер жолына көзіңізді салыңыз. Ондағы айналма жолағы қазір 0/100 тұруы қажет. Ол нольдік кадрда орналасуы қажет.

6. Анимация режимін қосыңыз. Ол үшін Animate (Анимация) батырмасын шертіңіз. Auto Key батырмасы, жұмыс істеу терезесі және айналма жолағы қызыл түске енеді, яғни белсенді болады.

7. Ары қарай айналма жолағын соңғы кадрға апарып қойыңыз. Сонда мынандай жазба 100/100 шығады. Сфераңызды Select and Move батырмасын басып, терезе проекциясының кез-келген жеріне апарып қозғалтып орын ауыстырыңыз. Содан кейін, Animate (Анимация) Auto Key батырмасына қайта басыңыз.

8. Трек жолағында екі кілттік кадр пайда болды. Анимацияңыз дайын. Енді тек қана Play Animation батырмасын басып қозғалтасыз.

9. Анимацияны тоқтату батырмасы арқылы орындалады.

10. Анимацияны сақтау. Ол әрине рендеринг арқылы жүзеге асады. Рендеринг (Renderring) - Рендеринг.. (Render) болашақ мультфиліміңіздің кадр өлшемін таңдаңыз (мысалға 320 х 240), міндетті түрде кадрлардың диапазонын беру қажет және рендерингті шығару бұрамасынан Файл батырмасына атын және файл типін (мысалға AVI) беріңіз. Ары қарай Рендер (Render) батырмасын басыңыз.

11. Тапсырма. Доп салыңыз және оны траектория бойымен қазғалтыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Анимация дегеніміз не және қалай жүзеге асады?

2. Тректер жолы дегеніміз не?

3. Auto Key батырмасының функциясын айтып беріңіз?





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 796 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...