Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Объектілерді топтау



Топ дегеніміз – объектілерді топтағаннан кейін бір объект ретінде қолданылуы. Бір объектіге қолданылатын өзгерістер топқа әсер етеді. Сахнаның құрамындағы топтар мөлшерін өз еркіңізше өзгерте аласыз. Кірістірілген топтар құруға да болады, яғни топ ішінде топты шексіз мөлшерде құруға мүмкіндік бар.

1. Барлық үш объектіні белгілеп алыңыз да Draw (Рисовать) мәзірін таңдаңыз оның Group (Группа) командасын, содан кейін Create (Сгруппировать) командасын таңдаңыз. Текстік өрісі бар диалогтық терезе ашылады (8.1-сурет), онда топтың атын беруге болады. Үнсіз жағдайда топқа Group1, Group2 және т.б.

8.1-сурет. Объектілерді топтау диалогтық терезесі.

2. OK батырмасында LM-ді шертіңіз.

3. Group (Группа) мәзірінде Open (Открыть) командасын белгілеңіз. Барлық үш объекті де блоктан шығарылады.

4. Group (Группа) мәзірінде Close (Закрыть) командасын белгілеңіз.

Объектілердің орнын ауыстыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.

1. Құрал саймандар тақтасынан Select and Move батырмасында LM-ді басыңыз.

2. Курсорды конусқа апарып LM –ді шертіңіз.

3. Курсор Select and Move батырмасындағы сурет түріне ауысады.

4. Батырманы жібермей объекті орнын ауыстырыңыз. Орын ауыстырудың нәтижесі 8.2-суретте көрсетілген. Орын ауыстырғанна кейін объект белгіленген қалпында қалады. Басқа проекция терезесіне ауысып жұмысты жалғастыра беріңіз.

8.2-сурет. Объектінің орын ауыстыруына мысал.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 812 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...