Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалғыз объектіні белгілеу



Объектіні белгілеуді Edit (Редактировать) мәзірімен және құрал-саймандар тақтасының батырмалары арқылы орындауға болады. Бұл командалармен жұмыс жүргізу үшін бірнеше геометриялық объектілер салып аламыз.

1. Активтелген Perspectivе (Перспектива) терезесіндегі LM-ді шертіңіз.

2. Create (Создать) командалық панелінен Geometry (Геометрия) батырмасын щертіп, ашылған тізімнен Standart Primitives -ті (Стандартные примитивы) танданыз, Shere (Сфера) батырмасын басыңыз және Perspectivе (Перспектива) трезесіне сфераны салыңыз.

3. Осы әдіспен Конус салыныз. Geometry (Геометрия) батырмасы басылып тұру қажет, Standart Primitives (Стандартные примитивы) варианты және Cone (Конус) батырмасы тандалуы керек. Енді 7.1-суретте көрсетілген құрал-саймандар тақтасына көңіл аударыңыздар. Суретте көрсетілген батырмалардың барлығы объектіні белгілеуге арналған.

7.1-сурет. Объектілерді белгілеу.

4. Select Object (Выделить объект) батырмасынан LM-ді шертіп курсорды сфераға жылжытыңыз. Курсор бағдары крест түріне ауысқанда, LM-ді шертіңіз. Сфера 7.2-суретіндегідей өзгереді. Сіз бір объектіні белгіледіңіз. Енді оған конусты қосыңыз.

7.2-сурет. Белгіленген объект габаритті контейнерге енгізілді.

5. <Ctrl> батырмасын басып отырып конуста LM-ді шертіңіз. Белгіленген контейнердің рамасы ұлғайды. Енді алдында белгіленіп тұрған сфераға конус та қосылды. <Ctrl> батырмасы белгіленіп тұрған объектілерге кез-келген көлемде объектілер қосуға болады. Егер белгіленген топтың ішінен белгілі бір объектіні бөліп алғыңыз келсе <Alt> батырмасын таңдаңыз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 344 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...