Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жарық көздерін құру



Енді біз құрылған объектіге материал тағайындағаннан кейін оның сапалығын жоғарылату үшін жарық көздерін қосуымыз керек. Жарықты модельдеу – бейнені құру кезіндегі ең күрделі тапсырмалардың бірі. Әсіресе бұл интерьермен жұмыс істеу кезінде өте маңызды.

Үнсіз түрде жарық көздері құрылмаған жағдайда сахнаны 2 қазыналық шырақ жарық түсіріп тұрады. Оның біреуі сахнаның сол жақ жоғарғы жағында орналасса, екіншісі төменгі оң жақ бұрышта болады. Кез келген құрылған жарық көздері автоматты түрде оларды өшіріп отырады. Жарық көздерін қосу үшін:

1) Creat командалық панеліндегі Lights батырмасын басыңыз.

Ашылған тізімде тек бір ғана Standart нұсқасы бар. Object Type бөлігінде жарық көздерін құрудың түрлі типті батырмалары бар.

2.4-сурет. Жарық көздерінің типтік батырмалары.

2) Onini батырмасын шертіңіз.

Командалар панелінің төменгі жағында General Parameters, Projector Parameters және Shadow Parameters бөліктері пайда болады. Екінші бөліктің атауына жарық көзінің типі қосылады. General Parameters және Shadow Parameters бөліктері барлық жарық көздері үшін бірдей болады.

3) Енді экранның жоғарғы жағындағыTop батырмасын шертіңіз.

Көрсетілген нүктеде кішкене ғана жарық көзі пайда болады, оның көрінісі 2.5-суретте көрсетілген. Сондай-ақ жарық көзін басқа да жерге ауыстыруға болады.

2.5-сурет. Жарық көзінің жан-жақты берілуі.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 404 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...