Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Материалды редактрлеу



1) Материалдарды редактрлеу терезесін шақыру үшін Rendering мәзіріндегі Material Editor командасын шақырамыз.

Материалдарды редактрлеу терезесінің негізгі элементтері.

2.1-сурет. Материалдарды редактрлеу сұхбаттық терезесі.

2) Material/Map Browser сұхбаттық терезесін шақырыңыз. Ол үшін LM-ді Type батырмасына апарыңыз 2.2 – суретте көрсетілгендей терезе шығады.

2.2-сурет. Материалдар мен текстураларды көру терезесі.

Бұл терезені Get Material батырмасының көмегімен де шақыруға болады.

3) LM-ді Browse From тобының Mtl Library ауыстырып қосқышында шертіңіз. Материалдар кітапханасы ондағы бар материалдарды көруге және таңдауға мүмкіндік береді.

4) Show тобының Root Оnly жалаушасын шертіңіз. Бұл жалауша құрама материалдың нәтижесін көрсетеді.

5) Материал атауларының тізіміндегі Wood батырмасын шертіңіз. Material/Map Browser картасының сол жақ үстіңгі бөлігінде таңдалған материал үлгісі шығады. Енді тек объектіге материал тағайындау ғана қалды.

6) Жоба терезесінде параллелепипед құрыңыз. Таңдалған материалды бір ұяшыққа қарай жылжытып, Assign Material to Selection батырмасын шертіңіз. Боялған параллелепипед 2.3 – суретте көрсетілген. Қалған объектілердің материалдарын өзіңіз тағайындаңыз.

2.3-сурет. Материалды қолдану мысалы.

Соным, біз объектіге материал тағайындаудың әдістерін қарастырдық. Шығармашылық үшін мұндай мүмкндіктердің маңызы зор.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 424 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...