Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ситуациялық есептер



1. Науқас 45 ж, университетте оқытушы. Кардиология бөлімінен мынандай диагнозбен шыққан: ЖИА. Сол жақ қарыншаның алдынгы қабырғасының ұсақ ошақты миокард инфарктісі, тыныштық күйде стенокардия, коронарлы артериялардың атеросклерозы. Госпитализацияланған себебі тыныштық жағдайда немесе қобалжығанда кеуде куысындағы ауру сезімі, нитроглицеринге басылмайды. Стационарда жатқан кезде бірнеше реи ЭКГ түсірген V1 және V2 әкетулерінде Т теріс. Стационарда болған кезде олар аз өзгерген. Перкуссияда және рентгенологиялық зерттеулерде жүрек шекаралары солға қарай кеңейген. Сол жақ типті ЭКГ V1-4 Т тісшесі теріс. АҚҚ 130/180 мм.с.б. Соңғы 4 ай бойы басының ауырғанын, жүрек қағысын байқайды. Бетінің ыстық болуы, тітіркендіргіш. Омыртқаның кеуде аймағының рентгенограммасында – омыртқа аралық дисклердің остеохондрозы және өзгерістер ол деформирлеуші спондилезға тән. Сол жақ иықтың қосарлануына басқан кезде қатты ауру сезімі пайда болады. Сондай ақ қабырғаның сүйек-шеміршек қосарлануына басқан кезде ауру сезім болады. Стационарда қойылған диагнозбен Сіз келісесізбе? Сіздің нұсқауларыныз және науқастың еңбекке қабілеттілігі туралы пікірініз қандай?

2. Науқас 48 ж, инженер - конструктор, ірі ошақты сол жақ қарыншаның алдынғы қабырғасының миокард инфарктісін алған, айтарлықтай асқынуларсыз өткен. 32 күн бойы кардиологиялық стационарда ем қабылдаған. Шығар алдында баспалдақтын екі маршын меңгерген, коридорда жүрген. Далада таза ауада екі реттен 1000 м. қащықтыққа жүрген. Тыныштық жағдайда және физикалық жаттығуларды жасаған кезде стенокардия ұстамалары болмайды. Науқасты реабилитацияның 2 фазасын өткізуге дайын деп санауға болама?

3. Науқас 44 ж, педагог, жедел трансмуральді алдынғы қабырғалық МИ алған, айтарлықтай асқынуларсыз өткен. Стационарлық емде 45 күн. Стенокардия ұстамалары күніне 1-2 рет, нитроглицеринге басылады. Шығар алдында баспалдақтын екі маршын меңгерген, далада 100 м. жүреді. ЕФК сабағынын кейін пульсі 30 минутқа жиілейді және бастапқы деңгейге 5 минуттан кейін келеді, тыныс алу жиілігі 9 ұлғаяды, систолалық қысым 45 мм.с.б. жоғардайды. Науқасты реабилитацияның 2 фазасын өткізуге және физикалық белсенділігін кеңейтуге дайын деп санауға болама?

4. Ер адам 51 ж, хирургиялық бөлімшесінде жатыр. Операциядан 1 аптадан кейін отырайын деген жағдайда кенеттен тұншығу сезімі пайда болды, диффузды цианоз күшейе түсті, суық тершендік болды. Объективті: жағдайы ауыр. Айқын цианоз. Өкпесінде аускультативті – ылғалды сырылдар, кейде крепетация ТАЖ 30 мин, жүрек тондары бәсен, тахикардия. ЖСЖ 100 мин. АҚҚ 50/20 мм с.б. Іші өзгеріссіз. ЭКГ – 1 әкетуде терен S тісшесі және 3 әкетулерде патологиялық O тісшесі, Р-пульмонале.

1. Диагнозды құрастырыныз.

2. Дұрыс диагноз қою үшін қажетті зерттеулерді анықтаныз.

3. Емдеу тактикасын және алдын алу шараларын анықтаныз.

5. Ер адам 37 ж, тәңертен жүрген кезде периодты түрде қысқа уақыттай болатын төс артындағы қысатын ауру сезімін, қолдарының жансыздануын байқайды. Терен дем алған кезде ауру сезімі күшейе түседі. Ауру болған кезде науқас жүруін бәсендетеді. Алғаш рет осындай жағдайлар 1 ай бұрын болған.

1. Диагнозды құрастырыныз.

2. Дұрыс диагноз қою үшін қажетті зерттеулерді анықтаныз.

3. Емдеу тактикасын және алдын алу шараларын анықтаныз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4868 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...