Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ас-токсико инфекциясы



1.Ас-токсико инфекциясының инкубациялық кезеңінің ұзақтығы:

1.1-24 сағат

2.2-3 күн

3.4-6 күн

4.7-14 күн

2.Ас-токсико инфекциясына тән асқыну:

1.инфекция-токсикалық шок

2.гиполемиялық шок

3.мидың ісінуі

4.пневмония

3.Ас-токсико инфекциясының патогенезіндегі негізгі фактор:

1.микробты

2.токсикалық

3.аллергиялық

4.аутоиммундық

5.иммундық генетикалық

4.Ас-токсико инфекциясының еміндегі негізгі әдіс:

1.этиотропты

2.симптомдық

3.патогенетикалық

4.иммунды жүйені күшейту

5.Ас-токсико инфекциясының емінде қолданылады:

1.фуразолидон

2.цитраглюкосалан

3.тетрациклин

4.бисептол

6.Ас-токсико инфекциясында, холерада, сальмонеллездің гастроинтестинальды түрінде қолданылатын регидратациялық емдегі сұйықтың көлемі:

1.интоксикацияның айқындығына байланысты

2.қызбаның айқындығына және ұзақтығына байланысты

3.дегидратация деңгейіне

4.нәжістің жиілігіне байланысты

7..Ас-токсикоинфекциясының сипаттамасына жатпайды:

1.топталып сырқаттану

2.қысқа инкубациялық кезең

3.жедел басталу

4.клиникалық белгiлерiнде гастроэнтериттiк симптомдардың болуы

5.тұрақты иммунитеттiң түзiлуi

8.Ас-токсикоинфекциясының қоздырғышы жатады:

1.саңырауқұлақтарға

2.қарапайымдыларға

3.риккетсияларға

4.қалыпты жағдайдағы патогендiк бактерияларға

5.вирустарға

9.Ас-токсико инфекциясының клиникалық симптомдары қатарына кірмейді:

1.көп рет құсу

2.іштің жоғары бөлігінде ауырсыну

3.гепатолиенальды синдром

4.су тәріздес сұйық, жиі нәжіс

10..Ас-токсикоинфекциясының негiзгi берiлу жолы:

1.алиментарлы

2.су арқылы

3.контактiлi

4.тұрмыстық-қатынас арқылы

5.парентеральды

11.Ас-токсикоинфекциясының ауыр ағымындағы сусыздану синдромының патогенезiнде маңызды роль алады:

1.негiзгi алмасу процесiнiң

2.бүйректегi түйiндiк филтрацияның бұзылуы, натрийдiң керi адсорбциясының бұзылуы

3.аденилциклаза жүйесiнiң, простогландиндердiң белсендiлiгi

4.тоқ iшектегi судың сiңу процестерiнiң бұзылуы

5.тамыр өткiзгiштiгiнiң жоғарлауы

12.Ас-токсикоинфккциясына тән синдром:

1.гастрит

2.энтероколит

3.гастроэнтерит

4.гастроэтероколит

5.колит

13.Ас-токсикоинфекциясында зертеуге алынатын материалдар тобына жатпайды:

1.құсық

2.нәжiс

3.желiнген тамақтардың қалдықтары

4.асқазан шайынды сулары

5.қан

14.Ас-токсикоинфекциясында тағайындаған жөн:

1.антибиотиктер,сульфаниламидтер

2.асқазан мен iшектi жаю

3.тұзды сұйықтар құю

4.диета

5.адсорбенттер,ферменттер

15.Сусыздану синдромымен өтетiн ас-токсикоинфекциясының негiзгi емi:

1.регидратациялық

2.этиотропты

3.қабынуға қарсы

4.десенсибилизивтi

5.иммунокоррекциялық

16.Төмендегi симптомдар жинағы қай ауруға тән екенiн көрсетiңiз: Науқас В., 40 жаста, пирожный жегеннен кейiн 1 сағаттан соң түстi.

Жедел ауырған, эпигастрий аймағында қатты батып ауырсыну, жүрегi айну, көп рет құсу, қалтырау, әлсiздiк, енжарлық болған.

Қарағанда: жағдайы ауыр, Т-38,6С. Терiсi бозғылт, құрғақ, аяқ-қолдары суыған, өкпесiнде везикулярлы тыныс алу, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы 100 рет минутына, АҚҚ-100/60 мм.с.б.б. Тiлi ақ жабындымен жабылған. Iшi пальпация кезiнде эпигастрий маңайында ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры үлкеймеген. Нәжiсi сұйық, су тәрiздi, 1 рет болған. Зәрi қалыпты жағдайда.

1.ас-токсикоинфекциясы

2.жедел дизентерия, гастроэнтероколитикалық түрi

3.жедел дизентерия, колитикалық түрi

4.холера

5.сальмонеллез, гастроэнтероколит

17.Науқас Б., 40 жаста, кондитер, эпигастрий аймағында толғақ тәрiздi ауырсынуға, жүрегiнiң айнуына, көп рет құсуға, жиi сұйық нәжiске, әлсiздiкке, қалтырауға, басының ауруына шағымданып түстi.

Сырқаты бұдан 2 сағат бұрын тұрып қалған салат жегеннен кейiн басталған: жүрегi айнуы, көп рет құсу, iшiнiң толғақ тәрiздi ауырсыну, жиi су тәрiздес, тамақ қалдықтары бар сұйық нәжiс болған.

Қарағанда: жағдайы ауыр, Т-37,5С. Терiсi бозғылт, цианозды көленкеленген, аяқ-қолдары суық.Терi қатпарлары баяу түзеледi.Бет әлпетi жүдеген.Өкпесiнде тыныс алуы везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы 88 рет минутына, АҚҚ-100/60 мм.с.б.б. Тiлi ақ жабындымзн жабылған. Iшi жұмсақ, эпигастрий аймағында аздап ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры үлкеймеген, нәжiсi сұйық, су тәрiздес, патологиялық қоспаларсыз.

Сiздiң диагнозыңыз:

1.ас-токсикоинфекциясы, бiрiншi кезеңдегi сусыздану

2.жедел дизентерия, гастроэнтероколитикалық түрi

3.холера, орташа ауырлықта

4.жедел дизентерия, колитикалық түрi

5.амебиаз

18. Ас-токсико инфекциясына жатпайтын ауруды көрсетіңіз:

1.стафилококты гастроэнтерит

2.ботулизм

3.эшерихиоз

4.клебсиеллез

5.кампилобактериоз

19.Ас-токсико инфекциясының емінде қолданылмайды:

1.сорбенттер

2.тетрациклин

3.асқазанды шаю

4.регидратациялық ем

5.ферменттерді тағайындау

2.

20.Ас-токсико инфекциясына тән емес:

1.температураның болмауы

2.құсу

3.эпигастрия аймағының ауырсынуы

4.іштің төменгі жағының ауырсынуы

5.жиі су тәріздес нәжіс

21.ІІ-ші деңгейдегі сусызданумен өтетін ас-токсико инфекциясының пероральды емінде қолданылады:

1.физиологиялық ерітінді

2.регидрон

3.квартосоль

4.дисоль

5.хлосоль





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1060 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...