Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

XIV. Емдеу



«Емдеу» тарауы қазіргі дәуірдегі әдебиеттегі материалдар және ауруды емдеу хаттамаларының негізінде жазылады. Ауру туралы науқасқа тағайындалған тәртіп пен диетаны толық көлемді қылып жазады. Осы ауруды емдеу түрлерін, консервативті және оперативті емдеу әдістеріне дәлел көрсеткіштер келтіріледі. Емдеу тарауының соңында науқасты емдегенде алынған нәтижелер, қолданылған дәрі-дәрмектер рецептік түрде, дозалары, қолдану әдістері көрсетіледі. Науқасқа қолданған емнен басқа осы ауру туралы әдебиет жүзінде қандай дәрілер қолданылатынын көрсету қажет. Егер науқасқа операция жасалса операцияға дәлел көрсеткіш, операция алдындағы қорытынды жазылады. Операцияға дәлел көрсеткіш анық құрастырылады, операция түрі және қысқаша операция жоспары, жансыздандыру әдісі, операция алдындағы дайындық, науқастың (туыстарының) операцияға келісімі көрсетіледі. Операция жасаған күні ауру тарихына операция хаттамасы жазылады, оған операцияға дейінгі, операциядан кейінгі диагноз, операцияның аты, жасалған күні, басталған және аяқталған сағаты, операцияға қатысқандар (хирург, ассистенттер, анестезиолог, трансфузиолог, операциялық медбике) тікелей операция хаттамасы, макропрепарат жазылады.

Егер науқасқа курация кезінде операция жасалмаса, онда қандай операция жасалатыны көрсетіледі.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 448 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...