Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азіргі заманғы биосфера. Биосфераға антропогенді әсер ету



Қазіргі заманғы биосфера бір жерге шоғырланған антропогенді әсерде болады. Бұл әсер адамзат тарихының елеулі бөлігі бойында жүзеге асырылған, бірақ соңғы екі жүз жылдық ішінде (индустриялық өркениет дәуірі) көп есе күшейді және биосфераның елеулі сандық және сапалық өзгерістеріне әкелді. Адамзат өркениеті планетада жасанды жасалған объектілердің көп қабатты қаныққан сферасы түрінде жаңа жаһандық материалдық жүйенің пайда болуын қамтамасыз етті. Адамдар техносфера құрып, өзінің экологиялық қуысын активті кеңейтеді.

Техносфера – бұл адамдардың аспаптық және техникалық өндірістік қызметінің әсерінде болатын және осы қызмет өнімдері алып жататын планетарлық кеңістік.

Экологиялық көзқарастан бұл эволюцияның уақыт бойынша соңғы кезеңі, ол адамның қызметімен қамтамасыз етілген және Жер табиғатына ақырында, биосфераның тепе-тең жұмыс істеуін және биотикалық айналымның тұйықталғандығын өзгертетін және бұзатын заттар, күштер және процестер.

Антропогенді әсер күшті геологиялық және геохимиялық фактор болып табылады.

Л.Г. Бондарев (1997, 1999 жж.) техносфераны бірнеше қосалқы жүйелерге – субсфераларға бөледі:

- «А» субсферасы – адамзат еңбегінің барлық өнімдері мен туындылары;

- «Т-1» субсферасы – отынның барлық түрлері;

- «Т-2» субсферасы – техногенді рельеф элементтері: карьерлер, шахталар, арналар, үйінділер, плотиналар және т.с.с.;

- «П» субсферасы - тамақ, соның ішінде тікелей бақыланатын және адаммен пайдаланылатын өсімдіктер және жануарлар;

- «О» субсферасы - қалдықтар.

Техносфера затында мұндай бөлуден басқа, техникалық затты – өндіріс құралдарының активті жұмыс істейтін бөлігін, яғни қолданыстағы құрал-саймандардың, станоктардың, машиналардың, механизмдердің, аппараттар-дың, пеш оттықтарының, реакторлардың және т.с.с. жиынтығы. Ал техносфераның барлық қалған, активті емес массасын – үймереттерді, ғимараттарды, коммуникацияларды, алынған тау жыныстары мен қалдық-тардың жинақталуын және т.б. – техногенді зат ретінде белгілеуге болады.

Адамның оны қоршаған ортаға әсер ету сипаты мен масштабтары оның биосферадағы орнының қосарлылығымен анықталады. Бір жағынан, адам – биологиялық объект, ол қоректік және энергетикалық өзара әрекеттесу мен бейімделудің жалпы жүйесіне кіреді. Бұл байланыстар жүйесінде адам түр ретінде гетеротрофты консумент – аэробты алмасу типі бар полифаг қуысын алады.

Екінші жағынан, адамзат жоғары дамыған әлеуметтік жүйені білдіреді, ол ортаға техникалық, тұрмыстық, мәдени қажеттіліктермен тудырылған және ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына қарай үдемелі өсетін биология-лық емес талаптардың кең шеңберін ұсынады. Нәтижесінде табиғи (және ең алдымен биологиялық) ресурстарды пайдалану масштабтары адамның таза биологиялық қажеттіліктерін елеулі жоғарылатады. Осыған байланысты биоло-гиялық ресурстарды қайта пайдалану жағдайы пайда болады, табиғи қоректік байланыстар бұзылады, айналымға қайтарылмайтын органикалық заттың үлесі артады.

Адамның әлеуметтік-техникалық қажеттіліктері қоршаған ортадан биогенді айналымға кірмейтін және сәйкесінше алғашқы күйіне қайтып келмейтін және қайта жаңартылмайтын заттарды шеттетумен байланысты. Ослай қайта жаңартылмайтын ресурстар проблемасы пайда болады. Өз кезегінде, биогенді және абиогенді заттарды технологиялық қайта өңдейтін көптеген өнімдер айналымға кірмейді: олар ерекше биологиялық ыдыратқыш-тары болмай ыдырамайды, биосфераны ластағыштар ретінде (мысалы, пластик бөтелкелер) жинақталады. Сонымен, биосфераның ластануы – шаруашылықтың қазіргі заманғы түрлерінің тікелей салдары. Қоршаған ортаға шығарылатын көптеген өнімдердің улылығы табиғи биологиялық жүйелердің құрылымы мен функцияларын бұзады, яғни адам өмірінің биологиялық жағдайларын бұзады.

Берілген дағдарыс жағдайынан шығу табиғи ресурстарды пайдалану үшін ғана емес, сонымен бірге оларды сақтау және көбейту үшін адамзаттың ақылын пайдалануда болып табылады. Проблеманы шешу экономикалық маңызды түрлердің санын және биологиялық активтілігін бағытталған түрде бақылауға және берілген қасиеттері бар жасанды экожүйелерді құруға шейін, адамның биосфералық процестерге активті реттеуші араласуын көздейді. Осы міндетті шешудің негізінде әр түрлі рангты биологиялық жүйелердің құрылуы мен жұмыс істеуінің табиғи заңдарын терең білу жатуы тиіс.

Адамдар биологиялық императив принципін сезінуге келуі тиіс (Т. Сутт, 1988 ж.), ол адамның тірі қалуы Жерде тіршілік сақталғанда ғана мүмкін болатынын түсінуге негізделген.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4435 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...