Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жиындар типін қолданып программа құру



Жиын – бұл қандай да бір белгілері бойынша өзара байланысты жинақ болып табылатын деректер типі. Жиынның барлық элементтері негізгі типтердің (базалық тип) біріне (нақты типінен басқа) жатуы керек.

Жиынның элементтері квадрат жақшаларда көрсетіледі (мысалы: [1, 2, 3], [‘a’,..’z’], [ ] – бос жиын) және программаны сипаттау бөлімінде төмендегі қызметші сөздердің set of көмегімен сипатталады:

Type

Тип аты = set of элемент1, элемент2,... элементN;

Var айнымалының аты: тип аты;

Жиынды айнымалылар сипаттау бөлімінде де беруге болады: Var айнымалы аты: set of элемент типі;

Жиындармен жүргізілетін операциялар:

Операциялар Операциялардың сипаттамасы мысалдар
= Егер екі жиынның элементтері бірдей болса, олар бір-біріне тең [‘a’..‘z’]=[‘z’..'a']
<> Элементтердің орналасу ретінің мәні жоқ [1,2,3]<>[3,1,4]
>= <= Бір жиын басқа жиынның ішінде [1,2,3,4]>=[1,3,4] [‘a’, ‘z’] <= [‘a’, ‘n’, ‘z’]
in Мәннің жиынға жататынын анықтау (тексеру) if (A in [1,2,3]) then … if (not (x in m) – x m жиынның құрамына кірмейді)
+ Жиындарды біріктіру [1,2,3,4]+[1,4,2,5]= =[1,2,3,4,5]
* Жиындардың қиылысуы.Жаңа жиынға екі жиынның да элементтері кіреді [1,2,3]*[1,4,2,5]=[1,2]
- Жиындардың айырмасы. Жаңа жиын бірінші жиынның құрамында жоқ элементтерінен тұрады [1,2,3]-[1,4,2,5]=[3]

Pascal-да жиынның элементтерін енгізу-шығару мүмкіндігі жоқ, сондықтан программист сәйкес процедураларды өзі жазу қажет.

Мысал 11.2. Берілген мәтінде дауысты дыбыстардың санын анықтау программасын құру керек.

Program esep2;

Var a: string;

i, k: integer;

lit: set of ‘a’..‘я’;

begin

lit:=[‘a’,‘е’,‘и’,‘о’,‘у’,‘э’,‘ю’,‘я’];

readln(a); k:=0;

for i:=1 to length(a) do

if a[i] in lit then k:=k+1;

writeln(k);

end.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1244 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...