Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма №3-4



1. АВ кесіндін қақ бөлетін нүктенің координатасын табу керек.

2. Жазықтықта берілген екі M1(x1,y1) және M2(x2,y2) нүктелер арасындағы арақашықты анықтаңыз.

3. Белгілі a, b және с қабырғалардың мәндері бойынша үшбұрыштың а қабырғасына түсірілген биіктігін есептеңіз.

4. N натурал саны берілген.Осы санның соңғы цифрын алу үшін алгоритмді құрастыру.

5. Үш таңбалы натурал N саны берілген. Осы санның цифрларының қосындысын алу үшін алгоритмді құрастыру.

6. Үш таңбалы натурал N саны берілген. N санына палиндром болатын M саның табу үшін алгоритмді құрастыру, мысалы: N=123, М=321.

7. X, Y, Z нақты сандар берілген. Олардың модульдердің арифметикалық орташасын және геометрикалық орташасын анықтайтын алгоритмді құру.

8. L шеңбердің ұзындығы белгілі. Осы шеңберімен шектелген дөнгелектің ауданың анықтайтын алгоритмді құрастыру.

9. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттердің ұзындықтары (a, b) берілген. Оның гипотенузасы мен ауданың анықтайтын алгоритмді құрастыру.

10. Үшбұрыштың екі қабырғасы (a, b) және олардың арасындағы бұрышы (с) берілген. Үшінші қабырғасын, ауданын анықтау.

11. Шеңбердің центрді табу, егер оның үстінде үш нүктелердің координаттары берілген болса.

12. Төртбұрыштың төртінші төбенің координатасын табу, егер оның үш төбелердің координаталары берілген болса.

13. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасын анықтау, егер оның ауданы және периметрі (S, P) белгілі болса.

14. Катеті мен сүйір бұрышы берілген тікбұрыштың ауданын және периметірін есептеңдер.

15. Берілген диаметірі бойынша дөңгелектің ауданын және шеңбердің ұзындығын есептеңдер.

16. Берілген екі катеті бойынша тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының ұзындығын есептеңдер.

17. Теңбүйірлі трапеция формасындағы егістіктің берілген қабырғалары бойынша ауданын және периметірін есептеңіз.

18. Мейрамхана әр күні м1 кг май, м2 кг қаймақ, м3 л сүт сатып алады. Жеке азық түліктерді сатып алуға және жалпы қажет болатын қаржыны анықтаңдар, егер 1 кг май=153б50 тг, 1 кг қаймақ=147,10тг, 1 л сүт=35б30 тг.

19. Бір тәулікте аптада, жылда қанша секунд бар?

20. Массасы м дене һ биіктікте v жылдамдықпен қозғалып барады. Осы дененің потенциалдық (P=mgh) және кинетикалық (E=mv2/2) энергияларын есептеңдер.

21. Жарықтың жылдамдығы 299792 км/с. Жарық тәуліктің бір сағатында қандай қашықтықта болады?

22. Қабырғасы белгілі кубтың көлемін және бүйір бетінің ауданын есептеңдер.

23. Квадратқа сырттай сызылған шеңбердің ауданы S. Осы квадраттың ауданын және периметірін табыңдар.

24. Дене п үдеумен құлап келеді. Дененің бір секунд, екі секунд өткенде жүрген жолын (h=gt2/2) анықтаңдар.

25. Үш қаламен сөйлесу арқысы с1, с2, с3 тг/мин тұрады. Сөйлесу ұзақтығы t1, t2, t3 минут. Компьютер әрбір сөйлесушіге жеке-жеке және барлығын бірге есептегенде қанша теңге төлеуді талап етеді.

26. Гипотенузасы мен бір катеті берілген тікбұрышты үшбұрыштың екінші катетін және ауданын есептеңдер.

27. Диагоналы dберілген квадраттың қабырғаларының, периметірін және ауданын (S=d2/2) есептеңдер.

28. Жүк поезды v1 жылдамдықпен t1 сағат, v2 жылдамдықпен t2 сағат, v3 жылдамдықпен t3 сағат. Әртүрлі жылдамдықтағы жүрген жолды және жалпы жүріп өткен жолды анықтаңдар.

29. Гүл егілген жер шеңбер формасына ие. Берілген радиусы бойынша оның периметірін және ауданын есептеңдер.

30. Берілген бір радиус бойынша шеңбердің ұзындығын, дөңгелектің ауданын және шардың көлемін есептеңіз.

31. Берілген екі катеттерінің ұзындықтарымен тікбұрышты үшбұрыштың периметірі мен ауданын есептеңдер.

32. Кез-келген бір үшбұрыштың төбелері бойынша оның ауданы мен периметірін есептеңдер.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1018 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...