Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Төменде келтірілген факторлардың қайсысы шөл жағдайында шектеуші қызмет атқарады? Неғұрлым дұрыс жауапты таңда



1. желдің күші мен атмосфералық ауаның мөлдірлігі;

2. ылғалдылық пен температура;

3. бәсекелестік қарым-қатынастар және жел;

4. атмосфералық қысым мен паразитизм;

5. жыртқыштық пен симбиоз.

8.“Комменсализм” деп аталатын популяция аралық қарым-қатынас түрі мынадай қос таңбамен белгіленеді:

1. “- -”;

2. “+ +”;

3. “+ -”;

4. “+ 0”;

5. “- 0”.

9. Консументтердің экожүйедегі ролі мынадай:

1. фотосинтез барысында жарық энергиясын фиксациялау;

2. өлі органикалық заттарды ыдырату;

3. энергияны бір организмнен екінші организмге тасымалдау;

4. атмосферадағы оттегі қорын толықтыру;

5. шайынды суларды тазарту.

10. Төменде келтірілгендердің қайсысы глобалдық (әлемдік) экологиялық проблемалар қатарына жатады:

1. өндірістің улы қалдықтарын көму;

2. қоршаған ортаның биологиялық ластануы;

3. сапасы төмен көмірлерді отынға пайдалану;

4. қышқыл жаңбырлар;

5. атом электр станцияларын салу.

11. Қандай түрлер космополит түрлер деп аталады:

1.адам мекенінің маңайынан өте қолайлы жағдайлар тапқан түрлер;

2.барлық құрлықтарды мекендейтін түрлер;

3.тек аридті (шөлейтті) жағдайда ғана тіршілік ете алатын түрлер;

4.орта температурасының қоңырсалқын болуын қалайтын түрлер;

5.биік тауларды мекендейтін түрлер.

12. Биосферадағы тіршіліктің вертикаль бағытта таралуы:

1. 1 км;

2. 5 км;

3. 33 км;

4. 150 км;

5. 200 км.

13. В.И.Вернадскийдің тұсінігі бойынша ноосфера дегеніміз:

1. биосферадан жоғары орналасқан жердің жұқа қабықшасы;

2. гидросфераның терең қабаттары;

3. Жердің озон қабаты;

4. адамның ақыл-ойы мен еңбегінің нәтижесінде өзгерген биосфера;

5. Жердің барлық геосфера қабаттарының жиынтығы.

14. Озон қабатының бұзылу нәтижесі мынадай болуы ықтимал:

1.биологиялық әралуандылық кемиді;

2.биологиялық әралуандылық артады;

3.жердің энергетикалық ресурстарының қоры артады;

4.жер бетіндегі омыртқалылардың саны көбейеді;

5.глобалдық салқындау басталады.

15. Литосфера мен стратосфефраның шекарасында орналасқан озон қабаты:

1. Жер бетінен таралған жылу сәулелерін тежейді;

2. Ультракүлгін сәулелерден қорғайтын шымылдық қызметін атқарады;

3. Өнеркәсіптің атмосфераны ластауы нәтижесінде пайда болған;

4. Атмосферадағы ластаушы заттарды ыдыратады;

5. Жер климатын қалыптастырады.

Вариант

1. Тірі организмдер қауымдастығындағы “жыртқыш-жемтік”қатынасын зерттейтін экологияның бөлімі:

1. глобалдық экология;

2. аутэкология;

3. демэкология;

4. синэкология;

5. геоэкология.

2. Организмдегі өтіп жатқан физиологиялық процестердің тәулік мезгіліне және жыл маусымына сәйкес келуінің басты себебі:

1. абиотикалық факторлардың шектеуші (лимиттеуші) әсері;

2. организмнің өзінің ішкі ортасын өзгеріп отыратын сыртқы ортаға ілесе қайта құруға қабілеттілігі;

3. паразиттерінің, жыртқыштардың, бәсекелестерінің белсенділігі;

4. генетикалық жолман бекітілген ішкі "биологиялық сағаттың" болуы;

5. аталған құбылыстардың кездейсоқ сәйкес келіп қалуы.

3. Өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің шөлді аймақтарға таралуын шектейтін негізгі фактор:

1. күшті желдер;

2. аудан бірлігіне келетін күн радиациясының мөлшері;

3. жыл бойында түсетін жауын-шашын мөлшері;

4. бәсекелес түрлердің қарсыласуы;

5. ауанық химиялық құрамы.

4. Ерекше қорылатын табиғи территориялар қатарына не жатады:

1. қаланың саябақтары;

2. аквапарктер;

3. саяжай танаптары;

4. мемлекеттік қорықтар;

5. қалалық қоқыс төгу алаңы.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 567 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...