Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сімдіктер мен микроорганизмдер



12. Биосфера – дегеніміз бұл:

1. Жердің сулық экожүйелерінің жиынтығы;

2. Жердің құрлықтық экожүйелерінің жиынтығы;

3. Жердің геологиялық қабаттарының жиынтығы;

4. литосфера, гидросфера, атмосфера;

5. тіршіліктің Жердің сыртқы геосфераларындағы (литосфера, гидросфера, атмосфера) таралу аумағы.

13. Биосфераның гомеостазисы дегеніміз – бұл:

1. жылжымалы тепе-теңдік күйі;

2. тыныштық күйі;

3. экожүйелердің бұзылу процесі;

4. орта температурасының тоқтаусыз өсу процесі;

5. экологиялық дағдарыс (кризис) күйі.

14. Жер климатының глобалдық жылынуы нәтижеінде:

1. тау түзілу процестері күшейеді;

2. Әлемдік мұхиттың деңгейі көтеріледі;

3. шөлдену процестері баяулайды;

4. Әлемдік мұхиттың деңгейі төмендейді;

5. атмосфераның жоғарғы қабаттарында озонның концентрациясы артады.

15. Атмосферада жылыжай (парник) газдарының жиналуына байланысты пайда болған «жылыжай эффекті»,:

1. Планетадағы орташа температураның жоғарылауына әсер етеді және климатты жақсартады;

2. Планетадағы орташа температураның төмендеуіне әсер етеді және климатты нашарлатады;

3. Атмосфераның мөлдірлігінің төмендеуіне әкеліп соғады;

4. Температураның глобальдық жоғарылауын туындатады, бұл биосферадағы қолайсыз өзгерістерге әкеліп соғады;

5. Биосферада айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Вариант

1. Экожүйе құрамындағы популяциялардың негізгі сипаттамаларын зерттейтін экологияның бөлімі:

1. глобалдық экология;

2. аутэкология;

3. синэкология;

4. демэкология;

5. геоэкология.

2. Төменде келтірілген факторлардың қайсысы өсімдіктер мен жануарлар үшін жыл маусымының ауысуы туралы айқын белгі (сигнал) болуы ықтимал:

1. топырақ пен ауаның ылғалдылық деңгейінің өзгеруі;

2. күн ұзақтығының өзгеруі;

3. топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі;

4. бәсекелестік;

5. жыртқыштық.

3. Келтірілген факторлардың қайсысы өсімдіктер үшін ресурс болып табылмайды:

1. су;

2. минералдық тұздар;

3. күн энергиясы;

4. органикалық заттар;

5. көмірқышқыл газы.

4. Тірі қалу мөлшері дегеніміз, бұл:

1. популяциядағы бір жылғы төлдердің белгілі бір уақыт аралығында тірі қалғандарының саны;

2. нақтылы қоршаған орта жағдайында бір жыл ішінде дүниеге келген төлдердің саны;

3. нақтылы қоршаған орта жағдайында опат болған дара организмдердің саны;

4. антропогендік әрекет нәтижесінде опат болған дара организмдер саны;

5. сыртқы ортаның ең қолайлы (идеалды) жағдайларында қартайып өлген организмдердің саны.

5. Қасқыр мен түлкі бір трофикалық деңгейге жатады, - деп есептеуге бола ма:

1. иә, екеуі де шөпқоректі жануарлармен қоректенеді;

2. иә, екеуі де жеген қорегінің 10% ғана игереді;

3. иә, екеуі де құрлықта тіршілік етеді;

4. иә, екеуі де дене көлемі ірі жануарлар;

5. иә, екеуінің де абиотикалық факторларға қояр талаптары ұқсас.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 461 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...