Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оршаған ортаның радиациялық ластануы



Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын түрақсыз химиялық элементтердің ядросы - радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды (клеткаларды) бүзады, сонын нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.

Радиациялық ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма және бэта сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.

Сәуле ауруы адамның сыртқы мүшелерінің зақымдануынан және радиациялық ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады.

Сәуле ауруын дәрежесіне, алынған сәуленің мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен ауру адамдар көтере алмайды. Адамдар 50 рентген сәуле алса сәуле ауруы байқалмайды. Ал, 100 рентгеннен бастап сәуле ауруы дами бастайды.

Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне карай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде алса үзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады.

Қабылданған мөлшеріне қарай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа - 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр - 300-500 рентген мөлшерінде; 4-ші дәрежесі өте ауыр - 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.

Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші кезең - сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне карай болады. Оның ең алғашқы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру, жүрек айну, қүсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының секірмелі болуы, естен тануы. Екінші кезең - бірінші кезеңнен кейін уақытша аурудың жағдайы жақсарады. Бүл кезеңді латентті кезең, яғни, жағдайдың жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бүл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, үйқысының бүзылуы байқалады және қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан қүйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан ұюы бүзылады да жүкпалы аурулар дами бастайды (өкпенің қабынуы, дизентерия, іш өту, қанның бүзылуы, т.б.). Төртінші кезең - сәуле ауруынын жеңіл түрі, бүл осы кезенде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезенде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып қан азаяды, қан қысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байқалады.

Егер тамақ не су арқылы радиактивті заттар адамның ішкі органдарына түссе, онда адамға 25-30 г активтелген көмір, 50 г күкірт қышқыл барийді немесе 25-30 г балшық суын ішкізеді. Адсорбент радиактивті заттарды қанға өткізбей сіңіріп алады. Одан әрі 15-20 минуттан соң 2-3 лирт су беріп күстырып, асқазанын жудырады. Осыдан соң тағы да адсорбент беріп, іш айдайтын дәрімен ішек-қарнын тазалатады. Адам баласы сәулемен қатар әр түрлі жарақат алса (күйік, сынық, т.б.) онда ең алдымен жараға әр түрлі микробтар түспейтіндей етт алғашқы көмек көрсетіледі. Қүсқысы келіп, басы аурып, басы аиналғанда этапиразин немесе аэрон таблеткаларын береді. Сәуле элғанын біле салып 3-4 сағаттан соң тетрациклин, биомицин, сонымен Қатар сульфадемизин, этазол, фталозол сияқты дәрілерді де береді. Егер ішіне қан күйылған жағдайда еш қимыл жасатпай 5 % хлорлы кальций ертіндісін 4 сағат сайын бір ас қасықтан беру керек. Сәуле аурумен ауырған адамдарға сорпа, әр түрлі жеміс шырынын немесе көп су ішкізу керек. Аздап түз қосылған су беріп, аз-аздан жиі тамақтандыру керек.

Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен кауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиактивті заттар өте кен қолданылуда. Осы элементтерді тасымалдауда болатын немкүрайдылықтың нәтижесінде өте күшті радиациялык ластану болады. Мысалы, атом каруын сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына әкеліп соғады. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап, түрлі атом электр станциялары, мүз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір кайықтарды кең түрде пайдалана бастады. Өнеркәсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дүрыс жүмыс істегенде қоршаған ортаның радиактивті нуклидтермен ластануы өте аз мөлшерде болады. Осы атомдык энергияны пайдаланатын мекемелерде апат болған кезеңде жағдай өзгеше болады. Радиациялық ластану нәтижесінде түскен радиактивті шөгінділердің өзі бірнеше мыңцаған километрге дейін таралады. Қазіргі кезде әскери өнеркәсіптің радиакитивтік калдықтарын сақтау мен жою мәселесі түр. Ол қалдықтар жыл санап қоршаған орта үшін аса қауіпті бола түсуде.

Радиактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары ураннын ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энергиясын американдықтар соғыс мақсатында, ал 1945 жылдан бүрын Кеңес дәуірінде оны бейбіт мақсатқа пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сақтандыру шаралары қоса жүргізіледі. Өйткені, атом қондырғылары жүмыс істеу кезінде, адам өміріне кауіпті радиактивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес. Радиактивті қалдықтарды теңізге, мүхитқа, өзенге тастауға рүксат етілмейді. Әрине, бүл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл сайын мүхит түбіне радиактивтік қалдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген санитарлык нормаға дейін радиактивті заттардың концентрациясын азайтатын тазарту қондырғылары салынған. Қалдьщтар баллондарға салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Атом энергетикасынын мәселелері миллиондаған адамдарды ойландыруда. Атом электро-станциядағы аппараттарға немқүрайды қарауға болмайды, олардын ойламаған жерден апатка үшырауы - объективтік шындық. Солардын бірі - Чернобыль ядролық апаты. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясындағы ешуакытга болмаған апат. Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған.

Біздің республикамызда Семей ядролык сынақ аймағы жайында токталып кетейік. Мүнда 40 жылдан астам уақыт ішінде 500-ден астам жер асты және жер бетінде түрлі жарылыстар болып, жарылған зат-тардын қуаты Чернобыль апаты кезіндегі жарылғыш заттардың куатынан бірнеше мың есе асып кеткен. Осы жарылыстың 27-сі атмос-ферада, 113-і жер бетінде, ал қалғаны жер астында жүргізілген. Олардың радиактивті қалдықтары жарты миллион адамға зиянын тигізгені белгілі болып отыр. Семей полигонынан баска Қазақстан жерінде 27 әр түрлі термоядролық сынақтар өткізілетін әскери полигондар болғанын жасыруға болмайды. Оларға Батыс Қазакстандағы Азғыр, Тайсойған, Нарын полигондарын жатқызуға болады.

Адам күнделікті түрмыста да түрлі түрмыстық техникалардан, компьютерлерден, рентген аппараттарынан да сәуле алады. Мысалы, адам баласы телевизор караудан бір жылда 0,5 мбэр сәуле алса, ком-пьютер мен рентген аппараттарынан бір жылда 370 мбэр сәуле алады.

Атмосфераның озон қабатының жүқаруы күн радиациясы сәулесінің жер бетіне өту қаупін туғызуда. Міне, осы кезде ядролық энергияны пайдалану адамзат алдында көптеген мәселелерді шешуді талап етуде.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1896 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...