Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орғалатын территориялар қоршаған ортаны қорғаудың бір түрі ретінде



2. Генетикалық әртүрлілікті қорғау. Биосфералық резерваттар. Биосфералық резерваттарды дамытудағы Севиль стратегиясы. Қызыл кітап. Халықаралық ұйымдардың кұжаттары.

3. Жердің табиғи қорларының сипаттамасы

4. Табиғи қорлардың классификациясы және онымен адамзатты қамтамасыз ету проблемасы.

5. Жердің табиғи қорларының сипаттамасы: литосфера, гидросфера және атмосфера. Табиғи қорлардың классификациясы және онымен адамзатты қамтамасыз ету проблемасы.

1.Қоршаған ортаны оңтайлы пайдалану – табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негіздері. Жердің табиғи ресурстардың сипаттамалары. Литосфера, гидросфера. Атмосфера Табиғи ресурстардың классификациясысарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін және келмейтін Биологиялық ресурстар және азық – түлік қауіпсіздігі.

Ресурстар (фран. ressourse құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар-табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері. Негізгі түрлері: ақпараттық ресурстар-әлеуметтік мәні бар және қоғамдық іс-тәжірибеде пайдаланылатын ақпараттық материалдардың сондай-ақ ғылыми-техниканың ақпараттық жиынтығы.

Материалдық ресурстар – еңбек заттары мен құралдары: машиналар мен жабдық, шикізат негізгі және қосалқы материалдар, жартылай фабрикаттар, отын аяқталмаған өндіріс және қалдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер.

Табиғат ресурстарына – жер, су, әуе байлықтары, пайдалы қазбалар, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі түріндегі табиғи экономикалық өндірістік.

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.

Табиғат ресурстарымен қатар табиғат жағдайлары ұғымын да қарастырамыз. Олардың табиғат ресурстарынан ерекшелігі-олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды.

Табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты емес. Мысалы, ауа егер бұрын тек табиғат жағдайы болса, қазір жағдай және ресурс болып табылады.

Ресурстардың жіктелуі. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты.

Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы-ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады. Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар.

Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.

Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайта энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.

Ресурстардың ішінде судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит, құрылық, атмосфера) немесе түрлі болуы мүмкін.

Ресурстық дағдарыс бүгінгі таңда қоршаған ортаның өзекті мәселесі болып отыр. Қоршаған ортаның ластануы, табиғат ресурстарының дағдарысы барлығы Қазақстанда кең етек жаюда. Ресурстық дағдарыстың негізгі салдары, қоршаған ортаның ластануы. Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.

· шығу тегі бойынша; табиғи және жасанды

· пайда болу көзіне байланысты:

а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;

ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орын), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін.)

- қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.,);

Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.

Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20-30 %-ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1-3 С-қа артады. Ал бұмның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қоршаған ортаға әсер ететін әсер-ықпалды бағалау. Қоршаған орта – барлық тіршілік иелерінің негізгі мекені. Халық денсаулығының жай-күйі мен мекен ортасының өзгерістерінбағалаудың критерийлері. Табиғи ортаның өзгерістерінен болатын зардаптарды бағалау. Өндіріс көздерінің экологиялық критерийлері және Қоршаған ортаның анықтаушылық маңызы. Шикізатты қазып шығарудың жаңа әдіс-амалдары және жаңа энергия түрлері.

Өндіріс көздерінің табиғи ортаға тигізетін қауіпті әсерлер деңгейін азайтып, төмендету мүмкіндіктері.

Кері әсерлер деңгейін төмендетудің негізгі бағыттары. Қалдықсыз өндіріс концепциялары. Қалдықсыз және жартылай қалдықсыз технологиялардың негізгі бағыттары. Қалдық, шайынды сулар бөлініп шықпайтын өндіріс көздері. Өндіріс шайынды суларды тазарту. Өндіріс көздерінің ластаушы газ тәріздес, сұйық, қатты заттар түрлерінің мөлшерін азайту, жою шаралары, сонымен қатар автотранспорттан бөлінетін зиянды заттарды төмендету жолдары.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1324 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...