Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Курстың міндеті



Пәннің мазмұны

Адамзат тарихының ажырамас бөлігі философия еш уақытта өз құндылығын жоғалтпайды. Философияның бай мазмұнын әр тарихи кезеңдердегі озық ой-танымдар мен ілімдер, ағымдар мен мектептер тарихы құрайды. Философияның адам өміріндегі рөлі әр уақытта жоғары бағаланып келгені де сондықтан. Аталмыш пән болашақ техника және экономика салаларында еңбек етер жас буындарға, студенттерге философиялық дүниетанымның теориялық негізін бере отырып, оларды рухани құндылықтар дүниесін құрметтеуге және бағалауға тәрбиелейді.

Курстың мақсаты

Философиялық дүниетанымның тұлғаның қалыптасып, дамуында маңызды роль атқаратындығын ескере отырып, әр адамға, әр студентке бұл пәнді оқып, меңгеруінің мақсаты және курстың маңызды қырларын төменде көрсете кетелік:

- Қоғамның әр саласында қызмет етуге өзін рухани тұрғысынан дайындай отырып, студенттерге өзінің қоғамдағы орны мен атқаратын ролін түсініп, бағалауға дағдылану, іскерлікті қалыптастыру;

- Өмірде өз көзқарасын білдіре отырып, оны тұрақты ұстануға өзін-өзі тәрбиелеуге үйрену;

- Басқа қоғам мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру;

- Басқа адамдардың көзқарастарын бағалауға, құрметтеуге үйрену.

Курстың міндеті

Өмірге, қоғамға және айналасына көзқарасын дұрыс, гуманды бағытта тұрақтандыру әдістерін танып, қабылдауға және оны ары қарай дамытуға үйренуді философия курсы қамтамасыз етуге тиісті. Студент пәннің төмендегі сұрақтардың жауабын қалтқысыз білуі керек:

- Дүниетаным дегеніміз не және түрлері қандай?

- Дүниені танып білудің жолдары мен әдістері?

- Дүниенің бірлігі мен бастамасын түсіндірудің неше жолы, әдісі бар?

- Не алғашқы болу мүмкіндігі мәселесінің шешімдері қандай?

- Философия дегеніміз не? Оның қызметі қандай?

- Адам дүниені танып біле ала ма? Бұған адамзат тарихы қалай жауап береді және қазіргі көзқарастар қандай?





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 621 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...