Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шамасындағы және көп таңбалы сандарды номерлеуді оқытудың міндеттері



1.Жаңа есептеу және разрядтық бірліктермен таныстыру: мыңдық бірліктермен, мыңдық ондықтармен, мыңдық жүздіктермен, миллионды бірліктермен.

2. Бірліктер классы және мыңдықтар классы түсінігімен таныстыру.

3. Мыңға дейін, 1 млн.белгілі есептеу бірліктерімен санауды үйрету.

4. Көп таңбалы сандарды нақты жазу дағдысын қалыптастыру.

5. Көп таңбалы сандарды ондық құрамы бойынша нақты талдау дағдысын қалыптастыру – санды класс және разряд бойынша бөлу; берілген класс және разряд бойынша сан құрастыру.

6. 1000 шамасындағы және көп таңбалы сандармен ауызша және жазбаша есептеу тәсілдерін қалыптастыру.

Материалды меңгеру ерекшеліктері:

1000 шамасындағы және көп таңбалы сандарды номерлеуді зияты зақымдалған балалар қиындықпен меңгереді, көп таңбалы сандарды нақтылау қиынға соғады, 1000, 10000, 100000 сандарын білдіретін шынайы заттарды елестете алмайды.

Разрядтан өтіп санау қиынға соғады, мысалы: 296, 297, 298, 299, екі жүз тоқсан он, екі жүз тоқсан он бір... немесе 299, екі жүз тоқсан жүз; 529, 600; ондықтармен санағанда: 1980, 1190, 2000 деп айту мүмкін.

Көп таңбалы санды оқығанда мыңдық класты бөле алмайды, мысалы: 4321- төрт жүз отыз екі бір, оқығанда нолдерді ескермейді; мысалы: 5620 оқығанда 562, 3085 оқығанда 385 деген қателер жібереді.

Қолданылатын көрнекі –дидактикалық материал:

1000 және көп таңбалы сандарды номерлеуін және арифметикалық амалдарды орындауды оқыту барысында міндетті түрде көрнекі – дидактикалық материалдар қолданылады:

1000: ондық бума және жүздік бүмалар - 1000 таяқшаларға дейін:;

- 10 квадрат жүзден (әр қайсысы 100 тор көзге бөлінге);

- сандық кітапша «мың»; арифметикалық жәшік

- толық жүздіктер жазылған кесте (1000); толық мыңдық, ондықтан мың, жүздіктен мың.

- разрядтық кесте

мыңдық классы бірліктер классы
мың жүздіктер мың ондық мың бірлік жүздік ондық бірлік
           

Жеке қолдануға арналған карточка өлшемі:

- бір таңбалы санға: 50х25 мм

- екі таңбалы санға: 50х50 мм

- үш таңбалы санға: 50х75 мм





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1609 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...