Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып: МШ балаларды мектепте метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесі



Мақсаты:

а) Мүмкіндігішектеулі балаларға метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесін оқытудың маңызы, бағдарлама талаптары және ұзындық, баға, салмақ, сиымдылық өлшемдерін оқыту әдістемесі.

б) Баға, салмақ, сиымдылық өлшемдерін анықтау үшін жүргізілетін тәжірибелік жұмыстарды оқыту әдістемесі.

Бағдарлама мазмұны:

1) Аталған бөлімді оқытудың мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына тигізетін әсері, міндеттері мен маңызы.

2) Көмекші мектепте осы материалды оқытуға қойылатын талаптар.

3) Көмекші мектепте метрлік өлшем жүйесін оқыту әдістемесі.

а) Ұзындық өлшемін оқыту әдістемесі.

б) Салмақ өлшемін оқыту әдістемесі.

в) Сиымдылық өлшемін оқыту әдістемесі.

Г) Баға өлшемін оқыту әдістемесі.

Көрнекілік:

«Баға өлшемі» кестелер.

«Ұзындық өлшемі»

«Салмақ өлшемі»

-1-

Сандарды оқумен қатар көлемдік өлшемдермен танысады: баға, ұзындық, салмақ, сиымдылық және қарапайым құралдармен өлшеп, өлшем бірліктерін түрлендіреді.

Осы бөлімді оқытуда қойылатын міндеттер:

- білімділік,

- коррекциялық- тәрбиелік,

- тәжірибелік маңызы

Білімділік: Сан туралы түсінігін кеңейту. Көлемдің өлшемін білдіретін сандарды түрлендіру.Осы материалды оқығанда санның ондық жүйесін саналы түрде түсінеді және арифметикалық амалдар туралы білімдері кеңейеді.


Коррекциялық- тәрбиелік маңызы: Танымдық үрдістерін дамытуда және тәжірибелік дағды мен біліктілігін қалыптастыруда. Материал ойлау операцияларын, ес, зейін, бақылаушылық, қимыл-қозғалысын, бұлшықет және сипап сезу, көз мөлшерін, елестетулерін, сөйлеу тілін дамытады. Жасаған әрекеттің нақты және мақсатты орындалуын, бастаған істі аяқтауын, өзін-өзі басқаруын қалыптастырады.

Тәжірибелік маңызы: Математикалық материалдар өмірмен тығыз байланысты: оқушылар өлшеу дағдысын және тәжірибелік біліктілікті меңгереді, өлшеуіш құралдарды, приборларды қолдануды үйренеді





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2545 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...