Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңдар



Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңдар.

Үлгі: көгалдандыру – озеленить.

Көгалдандыру, қолайлы, жағдайды күту, жұмыс жоспарымен танысу, құрал –сайман, бірлескен, пайдалы, шексіз жазық, ұқыпты, қамқоршы, ертіп жүру.

4-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырып айтыңдар.

Үлгі: Машинаға жаңа аккумулятор салынды.

Аккумулятор, снаряд, адьютант, экскурсия, электр, шкаф, цех, хал, хат, халық, альбом.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1-тапсырма. Сөздіктер туралы шағын шығарма жазыңдар.

2-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңдер. Жалпылама қолданылатын сөздердің көркемдік қолданысын байқандар.

1. Ерінбеген етікші болады,

Ұялмаған әнші болады.

2. Орман аралаған үйші болар,

Қобыз сырлаған күйші болар.

3. Қына тастан шығады,

Өнер жастан шығады.

4. Сабыр түбі – сары алтын.

5. Қарағайға қарап тал өсер.

Құрбысына қарап бала өсер.

-сабақ

Лексикалық тақырып: Қазақстанның білім беру жүйесі.

Грамматикалық тақырып: Тұйық етістік.

Жаңа сөздермен жұмыс:

Құрылымы-структура

Тұжырымдама-концепция

Біліктілік-квалификация

Жетілдіру-совершенствовать

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Білім беру жүйесі, оның құрылымы үздіксіз оқу тұжырымдамасына сәйкес жасалады.

Бұл жүйе: отбасылық тәрбие; мектеп жасына дейінгі тәрбие, жалпы орта білім беру, мектептен тыс тәрбие мен оқыту; кәсіптік-техникалық, орта арнаулы, жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, аспирантура, докторантура,РJ докторантура) беру; кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау; қосымша білім беру(екінші мамандық) сатыларынан құрылады.

Білім берудің барлық саласы мемлекет есебінен іске асырылады. Білім беру біздің елде алты жастан басталады. Қазақстанда негізгі мектептерден басқа да жеке пәндерді тереңдетіп, әрі жедел оқытатын орта мектептер бар. Сонымен бірге мамандандырылған музыкалық, балет, көркем сурет және спорттық мектептер де бар. Орта білім алу елімізде тегін. Жаңа типті орта мектептердің арасында гимназия, колледж және лицейлер де бар. Олардың көбісі ақылы. Еліміз келесі оқу жылынан бастап жылдық білім беру жүйесіне көшеді.Қазіргі таңда Қазақстанның білім саласы тез дамып, жетілдіруліде.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1 Тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрыңыз.

2 Тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

1 Сізге Қазақстандағы білім жүйесі ұнай ма?

2 Жақсы өмір сүру үшін білімді болу шарт па?

3 Білімділік адам санасының дамуына әсер ете ме?

4 Отбасылық тәрбиені қалай түсінесіз?

Бүгінгі қайталайтынымыз.

Тұйық етістік.-У-жұрнағы арқылы жасалады. Переводится на русский язык и как глагол, и как отглагольное существительное. Мысалы:отыру-сидеть, посадка(в транспорт), кету- уходить, уход.т.б.

3 Тапсырма. Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазыңыз.

4 Тапсырма. Етістіктермен сөйлемдер құрастырыңыз.

Мамандандыру, таңдау, қалау, бейім болу, дамыту, жауапты болу, үйрену, сөйлеу, талаптану, ұмтылу.

5 Тапсырма. Мәтінді мазмұндңыз.

6 Тапсырма. Жаттап алыңыз.

1.Білімнен қымбат нәрсе жоқ,

Көңілде жатса баспай тат.(Н.Байғанин)

2.Білгенге: білім-байлық, бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.

Үйренсең өнер-білім, өшпес мұра

Таусылмас тау кенінің қордасындай.(Омар Шораяқұлы)

3. Талап қыл артық білуге,

Артық ғылым кітапта.

Ерінбей оқып көруге.(Абай)

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі.

Жаңа сөздермен жұмыс:

Көрсеткіш-показатель

Тетік-механизм

Сипат-характеристика

Бағыну-подчиняться

Бәсекелестік-конкуренция

Қарқын-темп

Мәлім-известно

Мәтінді оқып,аударыңыз.

Елімізде көптеген жоғары оқу орындары бар.Орта білім туралы куәлігі бар қазақстандық жоо-на түсе алады. Жоо-ның оқыту жүйесіне келсек, оқу мерзімі төрт,бес жыл. Ал оқыту түрі күндізгі, сырттай болып бөлінеді. Көбінесе оқытудың классикалық үлгілері қолданылады: лекциялар, семинарлар мен арнайы курстар. Оқу жылының барысында көптеген оқу орындарында студенттердің білімін сынау оқытылған пәндерден сынақ және емтихан тапсыру арқылы ұйымдастырылады.

Бакалавр дипломын алып шыққан студенттер магистратурада оқуларын жалғастырады.

Көптеген жоо-да кредиттік технология жүйеесі бойынша оқиды және сапа менеджменті жүйесі бойынша жұмыс істейді. Білім және ғылым министрлігінің жанындағы ұлттық аккредитациялық орталығы жыл сайын еліміздегі жоо-ның рейтингісін жасайды. Аккредитациялаудың негізгі көрсеткіштері:

- білім беру қызметін жүзеге асыру жағдайларының сипаты (кадр, ақпараттық-оқыту ресурстары, қаржылық жағдай);

- процесс сипаты (бағдарламаларының мазмұны, білім сапасының кепілдік тетіктері,т.б.);

- Нәтиже сипаты (бітірушілердің дайындық сапасы және олардың қажеттілігі т.б.).

ЖОО-рының білім беру жүйесі ҚР-сының БжҒМ-гіне қарасты Жоғары білім департаментіне бағынады.

Елбасымыздың былтырғы жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі-тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» деген жолдар бар. Сонымен қатар Елбасы жолдауында 28 жылдан бастап ЖОО-рын халықаралық стандарттар деңгейінде аттестау жүйесін енгізуді ұсынды. Осыған байланысты елімізде әлемдік білім беру ісіне қатысты көптеген шаралар қолға алынып жатыр. ЖОО-ры арасындағы бәсекелестік күннен-күнге қарқын алып келе жатқан құбылыс. Елімізге ауадай қажет маман кадрлар даярлау- бұл күндері күн тәтібіне өте қатаң қойылып отырған міндет. Ал сіз оқып жүрген Л,Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ті елімізге ғана мес, шетелдерге де кеңінен мәлім іргелі оқу орындарының бірі.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1 Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2 Тапсырма. Сөз тіркестерін аударып, сөйлемдер құрастырыңыз.

Бесплатное образование, получение платного образования, учиться в частном заведении, поступать в любой вуз, получить среднее образование, поступить в институт на конкурсной основе.

3 Тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.

Жоғары білікті мамандар.............................

Қазіргі кезде басты мәселе...............................

Жоғары оқу орындары.......................................

Біздің республикамызда..........................................

Жоғары білім берудің болашағы...................................

Білім беру процесін................................................

4 Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Университетте оқу ұнай ма?

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ін неге қаладыңыз?

Әрбір адамның жоғары білімді болуы шарт па?

Қандай мамандық түрлері ұнайды?

Университетегі қандай мәселелер туралы айтқыңыз келеді?

5 Тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1 тапсырма. Басқа мемлекеттердегі білім жүйесін Қазақстандағы білім жүйесімен салыстырып, баяндама дайындаңыз.

2 тапсырма. «Білім алуға жұмсалған ақша-сақталған ақша» тақырыбында шығарма жазыңыз.

-сабақ

Лексикалық тақырып: Жастар шетелде және бізде

Грамматикалық тақырып: Сұрау есімдігі

Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.

Жастар жұмысы –

жастар саясаты –

мемлекеттік қолдау –

салық жеңілдігі –

несие –

несиеге баспана беру –

жастардың жағдайы –

бүгінге бас ауыртпау –

тыным таппау –

жанкештілік –

Жастар шетелде және бізде

Йеменде жастар жағдайын жасайтын заң 1980 жылдан бері пайда болған.

Франция үкіметі 1986 жылы «16 мен 25 жас аралағындағы жастар жұмысы» жайында акт шығарды. Бұл актіде француз шенеуніктері жастардың қанша жасында жұмысқа алу немесе жалақы қанша төлеу керек, т.б мәселелерді қарастырған.

Белоруссияда жастардың мәселесіне байланысты 2 заң қабылданған:

1. Мемлекеттік жастар саясатының жалпы бастамасы;

2. Жастар мен балалардың қоғамдық ұйымына мемлекеттік қолдау көрсету жайында.

Сонымен қатар жастарға арналған салық жеңілдігі, жеңілдік жол билеті және жас отбасыларына несиеге баспана беру жайын талқылаған бірден-бір ел.

Ал, Украина ТМД бойынша жастар заңы жағынан ең дамыған елдердің қатарында. Украинаның халықтық жиналысында құрылған жеке комиссиялар құрамына жастар ұйымы да кірген. Нәтижесінде жастардың жағдайын жеңілдететін 3 заң қабылдаған.

Ресейге басқа елдерге қарағанда, заңнама жоспарлы түрде жасалмақ. Ресей Франциясының мемлекеттік Думасында депуттар жастар туралы өз заңдарын қабылдамақшы.

Ал, оған құрамындағы Татарстан мен Мордовия өз зандарын қабылдап қойды

«Қазақстан-заман» 21 ақпан 2003 ж.

Улкендер жапон туралы ең жақсы әңгімесін ең алдымен балаларға, жастарға айтады. Олар бүгінгіге бас ауыртпайды, болашақты ойлайды. жаны тыным таппай, жаңалық іздейді.

Қысқасы мұнда бәрі де жастар үшін жасалады. Ал жастар оған жанкештілігімен, адал еңбегімен береді.

Бұл елдің жастары өзін биік ұстайды, биікке ұмтылады екен.

Токионың қақ ортасында жастар көшесі, жастар алаңы бар. Бұл жердегінің бәрі жастарға арнадған. Тамақ та, киім де арзан. Үкімет болашақтан үмін үзбес үшін жастарға бар жағдайды жасап қойған. Жастар осы жерде өзін қызықтырған, толғандырған шаруалармен айналысады. Провинцияда тұратын жастар. мекетеп оқушылары жастар көшесін бір көруді армандайды. Сол үшін де мектеп оларға жағдай жаспа, жақсы оқыған жастардың арман-тілектерін орындап отырады. Жастардың арманы желкен жаятын жер осы. Мұнда түрлі мерекелер, ата-анаға, бауырға қайырымды болу, оларды басың жерге тигенше сыйлау күндері өтеді. Жастрадың алдында ең ақылды данағөй шешен шалдары, Нобель сыйлығының иегері, жазушылар,

ақындар, актерлер жүрек жарды сөздерін айтады. Үлкен кісілер мен жастар көп пікірлеседі, сырласады. жапон жастары бүгінгімен қанағаттанбайды, болашақ үшін, мемлекеттің гүлденуі үшін жұмыс істейді.

«Қазақстан-заман» 1.01.2002 ж.

Белгілі жазушы Қойшыға Салғараұлымен ұшқыр-сұхбаттан үзінді.

- Өзіңізге ұнағаны не?

- Тәртіп, тазалық, еңбекқорлық. Бүкіл қытай қыбыр-қыбыр әрекет үстінде. Бұл жалпылық тұрғыдан алғанда, ал нақтылыққа көшсек, өзімізді ерекше ойландырғаны – қытай жастарының патриотизмі. Олардың ұғымында әлемдегі күшті мемлекет – Қытай. Тәуір зат – қытайдікі, төзімді, мықты халық – Қытай.

«Қазақстан-заман» 22.05.1998 ж.

Оқытушының басшылығымен жүргізулетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Оқыңыз,аударыңыз.

Ақыл-жастан шығады

Қазақ халқы да жастарына «Ақыл жастан» деп, үлкен үмітпен қараған. «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайда шықсын!», - деген А.Байтұрсыновтың дана сөзі де жастарға ел тарапынан, мемлекет, үкімет тарпынан үлкен қолдаудың әрқашан керектігін есімізге түсіреді.

Бес жасқа дейін баласын патшадай көретін қазақ 15 жасқа дейін аямай еңбекке баулып, үйрете білген, 15 жастан кейін жастарға сенім артып, білім, біліктілігін бөлескен, үлкен өмірге шындаған.

СӨЖ

«Жастар шетелде және бізде» тақырыбына шығарма жазу. Сұрақтарға жауап беру.

-сабақ

Лексикалық тақырып: Дүниежүзілік мәдениеттің классиктері.

Грамматикалық тақырып:

Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.

қазынасына – в сокровищницу

алыптары – представители

жарық жұлдызы – ослепительная звезда

өшпес даңқ – бессмертная слава

шын аты – настоящее имя

бүркеніш ат – псевдоним

ұлы шайыр – великий поэт

Оқыңыз,аударыңыз.

Дүниежүзілік мәдениеттің классиктері

Дүние жүзі мәдениетінің қазынасына үлкен үлес қосқан әйгілі классиктер – Рудаки, Фердауси, Омар Һайам, Сағди, Хафиз, Жәми, Науаи, Низами, Мақтұмқұлы, Абай – поэзия алыптары.

Абулхасын Рудаки – иран-тәжік әдебиетінің негізін салушы. Ол данышпан ойшыл, ақын, асқан әнші, сазгер болған.

Шығыс поэзиясының жарық жұлдызы - Әбілқасым Фердауси (910-1030). Оның «Шахнама» эпопеясы тәжік-парсы поэзиясында ғана емес, күллі әлем әдебиетінен орын алады.

Әлемге аты жайылған математик, философ, ақын Омар Һайамның (1030-1132) «Алгебра туралы трактатының» маңызы өте зор.

Парсы-тәжік әдебиетінің аса ірі өкілі, дүние жүзі әдебиеті лириктерінің бірі – Шамсаддин Мұхаммед Хафиз (1300-1380). «Хафиз» ақынның бүркеніш аты (псевдоним). Өйткені сол заманда құранды басынан аяғына дейін жатқа айтқан адамды «Хафиз» дейді екен. Ақын өз кезінде сол атаққа ие болады. Оның «Ғазал», «Шираз бұлбұлы» деген жырлары өте жоғары бағаланады.

Әбдірахман Жәми (1414-1422) парсы-тәжік классикалық әдебиетінің ең соңғы ұлы шайыры (ақыны). Жәмидің көп өлеңдері ғашықтық тақырыбына арналған: «Жібек шаш», «Көз жасының меруерті», «Махаббат тұтқаны», «Ләйлі – Мәжнүн» - жиһанға мәлім шығармалары.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Оқыңыз,аударыңыз.

Дүние жүзіндегі қазақтар

Қазіргі заманғы ғылымның, оның ішінде ғылымының зерттеулері бойынша қазақтар түркі тілдес халықтар тобына кіреді. Негізінен «қазақтар» халқының қай заманнан бастап құралып, ел болып келе жатқаны жайындағы деректер ғылым жүзінде әзірге анықталған жоқ. «Қазақ» сөзінің төркіні – Қас және Сақ деген сөздерден шығуы мүмкін. Қас – шын, нағыз деген мағынада, «Сақ» - деген ертедегі көшпелі елдің атауы. «Сақ» түрік деген мағына береді. Қазақ сөзін осы күнге дейін қырғыздар, алтайлықтар «қассақ», орыстар он сегізінші ғасырға дейін «кайсак» дегенін білеміз. Қас батыр, қас жақсы, қас жау деген сөздер қазақ тілінде бар. «Қассақ» сингармонизм заңымен «қазақ» сөзіне ауысқан дей аламыз.

Арғы тегі біздің жыл санауымызға дейінгі сақтарға, гүндерге ұштасатын қазақтардың мәдениеті мыңдаған жылдарға мәлім. Ірілі-ұсақты рулардың «қазақ» атымен бірігіп, тұтас бір мемлекет болуы Алашаханның тұсында шамасы бұдан екі жарым мың жылдай болса керек.

Алашаханнан кейін бұл тұтастық XVI ғасырдағы Касымхан, XVII ғ. Есімхан кезінде болды. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» аталатын заңдарын қалдырды.

«Қазақ» аталатын халықтың елдік тарихы осы XVI ғ. басталады деген жорамал дұрыс сияқты.

Қазақ халқының көптеген ғасырлар бойы өмір сүрген өзіндік мекені, өзіне тән қалыптасқан, тілі, салты болған. Осы қасиеттерін дүние жүзіне тарап кеткен қазақтар дәл күйінде сақтап келген. Қазақ халқының әрқилы қаситетті кезеңдерде көрген адам шығындары мен өз атамекенінен азаппен ауа көшкендер саны өте көп. 1645-1945 жылдарда яғни 300 жылда Жоңғарлардың шабуылынан «Ақтабан шұбырындының» қасіретінен бастап, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 5 миллион қазақ шығын көрген.

1690-1990 жылдар арасындағы қазақтарды ығыстыру, үркіту, жер-суын тартып алуы нәтижесінже 1 миллион 585 мың қазақ өз атамекенін тастап, ауа көшіп кетуге мәжбүр болған. Осы кезеңдерде барлығы 6 миллион 810 мың қазақ кеміген. Қазақтардың әлемдік жиынтық саны 1 шілде 1992 жылы 10 миллион 537 мың болды. Соның ішінде Қазақстанда 6.970 мың, тәуелсіз республикалар достастығында 1.707 мың, шет мемлекеттерде 1.578 мың болды. Қытайда 1.296 мың, Монғолияда 157 мың (екі жылдан бері Қазақстанға көптеген адам көшіп келді), Ауғанстанда 45 мың, Түркияда 30 мың, Иранда 15 мың, Францияда 4 мың, Канадада 4 мың, АҚШ-та 10 мың, Түркияда 30 мың, Пакистанда 3 мың, Англияда 2 мың, Швецияда 1 мың қазақ бар. Австралияда, Арабстанда, Австрияда, Аргентинада, Үндістанда, Голландияда, Сирияда, т.б елдерде қазақтар тұрады.

СӨЖ

1-тапсырма. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін жаттау.

2-тапсырма. «Абай және Гете» тақырыбына байланысты шығарма.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1437 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.019 с)...