Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. - Қазақстан өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды?



А.

- Қазақстан өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды?

- Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құүқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды.

- Оның ең қымбат қазынасы не?

- Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары

Ә.

- Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі ме?

- Иә, Қазақстан 1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшелігіне қабылданды.

Жазба жұмысын орындаймыз

2-тапсырма. Қашан?- сұрағына жауап жазыңыз.

Үлгі: 25.10.1991 - бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жыл+ғы қазан+ның жиырма бес+і+нде

немесе:

бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жыл+ғы жиырма бесінші қазан+ да

10.12. 1991; 4.06. 1992; 30.08. 1995; 10.12. 1997; 6.05. 1998; 31.12. 2004.

Есімізге түсірейік

3-тапсырма. Ырықсыз етіс жұрнағын жалғаңыз.

Үлгі: қабылдау - қабылда+ н +у – қабылда н +ды – қабылда н +а+ды

Шешу - Жазу - Жариялау - Бекіту - Белгілеу - Көшіру – Өзгеру - Өзгерту - Өткізу – Көшіру - Қабылдау – Атау -

4-тапсырма. Жауаптардың бірін таңдап, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Әкімшілік органдар Ақмолаға (көшірілді, көшірді).

Мемлекеттік рәміздер Конституциялық заңмен (белгіледі, белгіленді).

Қаланың атауы (өзгертілді, өзгертті).

Мемлекеттік рәміздердің пайдалану тәртібі (бекітті, бекітілді).

Жаңа Конституция (қабылдады, қабылданды).

Қазақстанның егемендігі (жариялады, жарияланды).

Маңызды мәселелер (шешті, шешілді).

5-тапсырма. Сөз тіркестерін құраңыз.

Үлгі:

Ел, тарих – ел+дің тарих+ы, ел(дің) тарих+ы

Қазақстан, Республика; Тәуелсіздік, күн; Конституция, күн; халықтар, тілдер; халықтар тілдері, мереке; Қазақстан, астана; Астана, тұсаукесер; ел, тарих; жер тарих, адам, өмір.

Жазба жұмысын орындаймыз

6-тапсырма. Сөздермен сөйлем құрастырып жазыңыз

ерекше, күн, тарихында, алады, бұл, орын, еліміздің;

Ақмола, Астана, аталды, қаласы, деп, бұрын;

рәміздерді, пайдалану, арнайы, заңмен, мемлекеттік, белгіленді, тәртібі.

Сөйлесеміз

7-тапсырма. Әңгімені қостаңыз.

- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-............................................

- Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қашан қабылданды?

-............................................

- Декларацияны қандай орган қабылдады?

-............................................

- Қазақстан Республикасы бұрын қалай деп аталған?

-............................................

- Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?

-............................................

- Мемлекеттік елтаңба мен Мемлекеттік ту қашан бекітілді?

-............................................

- Мемлекеттік рәміздердің пайдалану тәртібі немен белгіленеді?

-............................................

- Соңғы Конституция қашан қабылданды?

-............................................

- Қазақстанның астанасы қандай қала?

-............................................

- Астананың тұсаукесері қашан өткізілді?

-............................................

Өзіңізді тексеріңіз

8-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріңіз. Сөйлем құрастырыңыз.

Үлгі: тәуелді – бағынышты, басыбайлы.

Біреуге бағынышты, басыбайлы адамды - тәуелді адам дейміз.

Тәуелді Егемен Ресми Қоныс аудару Сипаттама Тәртіп Ән Ұран үндеу, шақыру, дабыл ереже, заң суреттеу, анықтама музыкалық шығарма айрықша, ерекше, арнаулы өз билігі, бас бостандығы өзінде мекен-жайын өзгерту бағынышты, басыбайлы

9-тапсырма. Сөз тіркесін құраңыз. Сөйлем құрастырыңыз.

Үлгі: көп ұлтты мемлекет.

Біздің отанымыз Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.

Көп ұлтты Еліміздің Сол жылғы Мемлекеттік Пайдалану Қазақстан Президенттің Рәміздер жарлығы рәміздер тәртібі 16-шы желтоқсан сипаттамасы астанасы тарихы мемлекет

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Оқимыз. Мәтінді оқыңыз.

Қазақстан аумағы

Қазақстан – Еуразия құрлығында орналасқан мемлекет. Республика жері батыстан шығысқа 3000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке 1600 шақырымға созылып жатыр. Шекарасының жалпы ұзындығы 15000 шақырым, оның 12 000 шақырымы құрлықпен, 3000 шақырымы Арал және Каспий теңіздері арқылы өтеді. Батысында және солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Жалпы жер көлемі 2724,9 мың шаршы шақырым. Республика елордасы – Астана қаласы. Қазақстан әкімшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке біріккен 7719 ауылдық елді мекендер бар.

Сөздерді есте сақтаймыз

құрлық Еуразия құрлығы шығыс батыс солтүстік оңтүстік   созылу шекара шекаралас шектесу ұзындық аумақ  

Тыңдаймыз – оқимыз

1-тапсырма. Диалогтерді тыңдап, оқып, қайталаңыз.

А.

- Қазақстанның географиялық жағдайы туралы не айта аласыз?

- Қазақстан Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан.

- Жалпы жер көлемі қандай?

- Жалпы жер көлемі 2 млн. 724 мың шаршы шақырым.

Ә.

- Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?

- Қазақстан Еуразия құрлығында орналасқан 5 мемлекетпен шектеседі. Олар; Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғыз Республикасы.

Сөйлесеміз

2-тапсырма. Әңгімені қостаңыз.

- Қазақстан қандай құрлықта орналасқан?

-..............................................

- Қазақстан мен Ресейдің шекарасы неше шақырым?

-..............................................

- Қазақстан мен Қытайдың шекарасы неше шақырым?

-..............................................

- Қазақстан Өзбекстанмен шектесе ме?

-..............................................

- Қырғызстанмен ше?

-..............................................

- Каспий теңізі бойындағы шекара неше шақырым?

-..............................................

- Қазақстанның жер аумағы неше шаршы шақырым?

-..............................................

Жазба жұмысын орындаймыз

3-тапсырма. Жауаптардың бірін таңдап, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Қазақстанның шекарасы (батыспен шығыстан, батыстан шығысқа) дейін 3000 км-ге созылып жатыр.

Қазақстан солтүстікте (Ресеймен, Ресейден) шекараласады.

Қазір (Қазақстаннан Қытаймен; Қытайдан Қазақстанға) көп адам келіп орнығып жатыр.

Қазақстан әкімшілік жағынан (14 облысқа дейін, 14 облыстан) тұрады.

Астана таулы жерде емес, (жазық жерде, ойпатты жерде) орналасқан.

4-тапсырма. Елдердің, құрлықтардың атауларын қазақшалап жазыңыз

Үлгі: Казахстан – Қазақстан. Қазақстан Республикасы

Япония, Саудовская Аравия, Китай, США, Великобритания, Афганистан, Пакистан, Индия, Европа, Туркменистан, Узбекстан, Қыргызская республика, Таджикистан.

5-тапсырма. Жоғарыда аталған елдерде кімдер тұрады?

Үлгі: Қазақстанда қазақстандықтар тұрады.

Есімізге түсірейік

6-тапсырма. Жатыс септік жалғауларын жалғап, сөйлем құрастырыңыз.

Үлгі: Еуразия құрлығында. Еуразия құрлығында бірнеше мемлекет орналасқан.

Құрлық…, Еуразия құрлығы…, шығыс…, елдің шығысы…, батыс…, Қазақстанның батысы…, солтүстік…, құрлықтың солтүстік/гі… оңтүстік…, республиканың оңтүстік/гі…, шекара…, Қазақстанның шекарасы…, жер аумағы….

7-тапсырма. Сөз тіркесін құрап, сөйлем жазыңыз.

Үлгі: Қазақстан, карта - Қазақстан (ның) карта сы қабырғада ілулі тұр.

Жер, аумақ; шекара, ұзындық; Ресей, Федерация; Қырғызия, Республика; Қазақстан, астана; Мәскеу, қала; жер, шар; Қазақстан, солтүстік; Еуразия, құрлық; мемлекет, шекара.

8-тапсырма. Шығыс септік жалғауларын жалғап жазыңыз.

Үлгі: Республика дан

Солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік, Мәскеу, Астана, бір шет, шекара,

Қытай, бір құрлық, АҚШ, іссапар, бастық.

9-тапсырма. Барыс септік жалғауларын жалғап, сөйлем құрастырыңыз

Үлгі: Қазақстанның солтүстігі. Қазақстанның солтүстігі не қарай Ресей Федерациясы орналасқан.

Батыс, шығыс, оңтүстік, Мәскеу, Астана, бір шет, шекара, Қытай, құрлық, АҚШ, бір тәулік, 1000 теңге, Қазақстанның солтүстігі, елдің батысы, мемлекетіміздің елбасы.

10-тапсырма. Берілген етістіктерді нақ осы шақ (1), ауыспалы осы/келер шақ (2), жедел өткен шақ (3), бұрынғы өткен шақтың (4) ІІІ жақ формасында жазыңыздыр

Үлгі: Созылу (1) созылып жатыр (2) созылады (3) созылды (4) созылған
Шекараласу        
Шектесу        
Орналасу        
Тұру        
Орнығу        

Өзіңізді тексеріңіз

11-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріңіз. Сөйлем құрастырыңыз.

Үлгі: құрлық - жан-жағы мұхит пен теңіз қоршаған қара жер.

Қазіргі заманда Жер бетінде 5 құрлық бар, олар: Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Австралия, Антарктида құрлықтары.

Құрлық шығыс батыс солтүстік оңтүстік шекара ұзындық жер аумағы шет, меже біреудің пайдалануындағы территория жан-жағы мұхит пен теңіз қоршаған қара жер терістік бір шеті мен бір шетіне дейін күн бататын жақ солтүстікке қарама-қарсы жақ күн шығатын жақ

12-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.

Жұмақ Орман Бұлбұл қалың ағаш, тоғай әдемі сайрайтын құс, сандуғаш пейіш, тұруға қолайлы жер, жайлы мекен

13-тапсырма. Аударыңыз.

Үлгі: с севера на юг – солтүстік+тен оңтүстік+ке дейін/шейін/қарай

С востока на запад; с запада на восток; с юга на север; с севера на юг; от Москвы до Астаны; из Астаны до Москвы; от края до края; из России до Китая; из Китая до Казахстана; из Казахстана до США (АҚШ); с одного континента на другой континент.

Сөйлесеміз

14-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөйлемдердің мазмұны дұрыс па?

Үлгі:

Жоқ, қателесесіз, Қытай Қазақстанның солтүстігінде емес, шығысында орналасқан.

Жоқ, олай емес...

Иә, дұрыс ….

- Қытай Қазақстанның солтүстігінде орналасқан.

-........................................

- Каспий теңізі Қазақстанның батысында.

-........................................

- Өзбекстан мен Қырғыз республикасы Қазақстанмен шекаралас.

-........................................

- Қытай батысында Каспий теңізімен шекаралас.

-........................................

- Ресей Федерациясы Қазақстанмен шектеспейді.

-........................................

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

Картаны пайдаланып, төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесіңіздер. Жауаптарыңызды жазыңыздар.

- Жер бетінде қандай-қандай құрлықтар бар?

-........................................

- Ресей Федерациясы қандай мемлекеттермен шекаралас?

-........................................

- Қытай қай жерде орналасқан?

-........................................

- Еуропа мемлекеттері қандай құрлықта орналасқан?

-........................................

- Еуропаның бірнеше елдерін атаңыз. Олар бір-бірімен қалай шектеседі?

-........................................

- Америка Құрама Штаттары қай құрлықта орналасқан?

-........................................

- АҚШ- пен қандай мемлекеттер шекаралас?

Әңгімелесейік

Өзіңіздің туған, оқыған тұратын жерлеріңізді картадан көрсетіңіз.

Ол жерлер қалай аталады?

Ол елді-мекендер Қазақстанда ма?

Шетелде ме? Қай елде?

Ол елді-мекендер Астанадан алыс па?

Астанадан неше шақырым жерде?

Аталған жерлерге немен баруға болады?

Жолға қанша уақыт кетеді?

Атадан қалған асыл сөз

Мақал-мәтелдерді оқыңыз. Өз пікіріңізді қосыңыз.

Туған жердей жер болмас (болмайды),

Туған елдей ел болмас.

Әркімнің өз жері – жұмақ.

Отансыз адам –

Ормансыз бұлбұл.

Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен де жақсы.

Мақал-мәтелдерді түсіндіңіз бе? Бір тақырыпқа (мақал-мәтелдің мазмұнын ашып) шағын шығарма жазыңыз.

3-САБАҚ

Лексикалық тақырып: ҚР Конституциясы.

Грамматикалық тақырып: Етістіктің шақ категориясы

Оқимыз. Мәтінді оқыңыз.

Конституциялық құқық негіздері

Конституция – мемлекеттің Ата заңы. Конституция (лат. Constitutio – құрылу, өкім) – қоғамдық құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың қызметін, азаматтардың құқығы мен міндеттерін айқындайды. Ол – мемлекеттің негізгі заңы. Конституцияны жасауға түрлі мамандық иелері және қарапайым халық қатысады. Ол – бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын заң, Конституцияға өзгеріс енгізу өте қатаң және жиі қайталана бермейді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері, екі рет Конституция қабылданды.

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы қабылданды. Ол өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын толық атқарды...

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы – халық. Халық Конституцияны қабылдады және әрі қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені де шешеді. Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы болып табылады. Конституция – бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі. Нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп қабылданады, яғни барлық Заң салаларының заңдық базасы болып табылады.

Конституцияның құрылымы мен мазмұны.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

І бөлім. “Жалпы ережелер” деп аталады. Онда Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси қатынастар, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған.

ІІ бөлім. “Адам және азамат” деп аталады. Адамның құқығы мен бостандығы, міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер жинақталған.

ІІІ бөлімде Президенттің, IV бөлімде парламенттің, V бөлімде үкімет құрамының сайлану, тағайындалу мерзімі, атқаратын қызметтері, өкілеттіктері, ел экономикасы, ішкі-сыртқы саясат т.б. мәселелер баяндалған. VI бөлімде Конституциялық кеңестің қызмет бағыты, VII бөлімде Соттар мен Сот төрелігі қызметінің мазмұны, VIII бөлімде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері тұжырымдалған. ІХ бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген.

Сөздерді есімізде сақтаймыз

мемлекеттік құрылыс – государственный строй айқындау – определить өзгеріс енгізу – внести изменение қайталанбайды – не повторяется бір жағынан – с одной стороны заң шығару ісі – законодательный сипаттама характеристика тұжырымдалған - освещены үкімет құрамы – состав правительства жасақталу – формироваться тағайындау – назначить бағыт – направление өзін-өзі басқару – самоуправление қадір-қасиет – честь и достоинство лауазым - должность, звание, ранг сенім-наным – убеждение, вероисповедение қол сұқпау – непосягательство жинақталған–систематизированы, собранный қайнар көзі – источник негізделу – обосновываться өкілеттік – уполномоченный азаматтық – гражданство саяси ахуал - политическое положение

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Негізгі тірек сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыз. Мәтінді оқыңыз.

2-тапсырма. Мәтіндегі ойды бірнеше сөйлеммен білдіріңіз.

3-тапсырма. Тиісті қосымшаларды жалғаңыз.

“Тегі....., әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы....., жынысы...., нәсілі...., ұлты....., тілі...., дінге көзқарасы....., нанымы....., тұрғылықты жері....., байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемітуге болмайды”. (14-бап, 2-тармақ).

4-тапсырма. Мәтін бойынша мына сөздердің синоним қатарын анықтаңыз:

1. мекен-жайы, тұрағы –

2. басқа, бөтен, бөгде –

3. төмендету, қорлау –

4. негізгі –

5. барлығы –

6. айқындау –

5-тапсырма. у-ына, у-ғасөздердің мағынасына көңіл бөліңіз, аударыңыз.

“Әркімнің жеке өміріне қол сұғылма у -ы-на, өзінің және отбасының құпиясы бол у -ы-на құқығы бар”. (18-бап, 1-тармақ).

6-тапсырма. Конституцияның өзге баптарынан у -ына, у -ға тұлғасымен келген басқа да сөз орамдарын анықтаңыз.

7-тапсырма. Жақшаны ашып, аударыңыз, тиісті тұлғасына қойыңыз.

1. Әркім (Республики Казахстан) Конституциясын және заңдарын (соблюдать), басқа адамдардың (право, свободу) абыройы мен (честь и достоинства) құрметтеуге (обязан).

2. Әркім Республиканың (государственную символику) (почитать) міндетті. (34-бап, 1,2 – тармақ).

8-тапсырма. Сәйкес қатарын анықтаңыз.

1. қабылданды А. каждый

2. мемлекеттік құрылыс Ә. права граждан

3. өтпелі кезең Б. переходной период

4. заң салалары В. определяет

5. азаматтардың құқығы Г. вмешательство

6. қол сұғу Д. должностное положение

7. әркім Е. отрасли закона

8. кемсіту Ж. принято

9. лауазымдық жағдайы З. государственный строй

10. айқындайды И. оскорбление

9-тапсырма. Анықтаңыз, толық жауап беріңіз.

Үлгі: Иә, шын.........

Жоқ, жалған.......

  А.Мемлекеттік нышандардың сипаттамасы Конституциялық заңмен белгіленеді. Ә.Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Б. Мұрагерлік құқыққа заңмен кепілдік берілмейді. В.Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы жоқ. Г.Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Д. Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Е. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – үш жыл. Ж. Парламент депутаты Қазақстан халқына ант бермейді. З. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Шын Жалған

10-тапсырма. Сөйлемдерге сұрақ қойыңыздар.

-?

- Конституция – заң шығару ісінің қайнар көзі.

-?

- Әрине, нормативтік актілер де Конституцияның ережелеріне бағынады.

-?

- Жоқ, Ата заңға өзгерістер енгізу өте қатаң және жиі қайталанбайды.

-?

- Өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін халық шешеді.

-?

- Азаматтардың құқығы мен міндетін айқындайды.

11-тапсырма.

а) сұхбатты рольге бөліп оқыңыздар;

ә) әрі қарай жалғастырыңыз;

б) мазмұндаңыз.

А. – Сіз білесіз бе, Конституцияның ІІІ бөлімі қандай мәселеге арналған?

Б. - Әрине, білемін. Бұл бөлімде Президент мәртебесі туралы айтылады.

А. – Ол бөлім неше баптан тұрады, есіңізде ме?

Б. – ІІІ бөлім 9 баптан тұрады, яғни 40-48 баптарда Елбасының атқаратын қызметі мен міндеттері, мәртебесі туралы баяндалады. Олар жайлы, сізге айтып бере аламын.

А. – Бәрекелді! Айтыңызшы!

Б. – Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды...

А. – Тамаша! Біліміңіз кең екен. Енді мен жалғастырайын.

Б. – Иә, рұқсат, рұқсат...

А. – Президент – ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді, Ол – ең жоғары лауазымды тұлға...

А. –...

Б. –...

12-тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырыңыз.

Қазақстан, қорғау -, қасиетті, әрбір, парызы және, оның, міндеті, Республикасын. (36-бап, 1-тармақ).

13-тапсырма. Сөйлемді аяқтап, ойды кеңейтіңіз.

1. 16-бап “Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды”, сондықтан.....

2. 17-бап “Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар”, өйткені...

3. 14-бап “Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең”, сондықтан...

14-тапсырма. Мына схема бойынша сөйлем құрыңыз (бап мәтінін негізге алыңыз).

1. “----------”, бірақ...

2. “----------”, дегенмен...

3. “----------”, сонда да...

Үлгі: “Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі”, бірақ әркім шектен шықпауы керек.

15-тапсырма. Мәтіннен мына формадағы сөздерді теріп жазыңыз.

-лық, -лік

-дық, -дік жұрнақтары әрі зат есім, әрі сын есім тудырады

-тық, -тік

Үлгі: азамат+тық алды, азамат+тық қоғам.

16-тапсырма. Жақшаны ашып, етістіктерді аударыңыз. Мазмұнына назар аударыңыз.

Президенттің құзыреті:

- премьер-министр лауазымына адам (предложить)

- үкіметтің құрылымын (определяет)

- министрлерді қызметке (назначает) және қызметтен (освобождает)

- үкімет мүшелерінен (присягу принимает)

- үкімет шешімдерінің күшін (жою), немесе (приостановить)

17-тапсырма. Бірінші қатардағы ойдың жалғасын екінші қатардан анықтаңыз.

1. Мемлекет Қазақстан халқының А. құқықтарға ие болып,

тілдерін үйрену мен дамыту үшін міндеттер атқарады.

2. Әркімнің өзінің жеке басының Ә. құрметтеуге міндетті.

3. Республиканың азаматы өзінің Б. бостандығына құқығы бар.

азаматтығына орай

4. Әркім Республиканың мемлекеттік В. жағдай туғызуға қамқор-

нышандарын лық жасайды.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

1-тапсырма. “Қазақстан Республикасының Ата заңы – маңызды құжат” деген тақырыпқа сұхбат құрыңыз.

2-тапсырма. Ситуативтік тапсырмаларды заң баптарын пайдалана отырып орындаңыз.

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы бұзылған жағдайда қалай әрекет етесіз? (хат-хабар құпиялылығы сақталмаса).

2. Сіздің туысыңыздың үйін соттың шешімінсіз алып қойса, не істейсіз? (25-бап)

3-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.

- Мен зейнеткермін, әрі ІІ топтағы мүгедекпін, медициналық жәрдемді қайдан, қалай аламын?

-?

- Солай ма, біздерге кез-келген дәрігерлік мекеме тегін көмек көрсете ме?

-?

- Кепілді медициналық көмек республика азаматтарының бәріне көрсетіле ме?

- Иә,..........

- Өз құқығымызды бәріміз біле бермейміз-ау!

-?

-?

тапсырма.

1. Мына өлеңді жаттап алыңыз.

2. ҚР Конституциясы 9- бабымен байланыстыра әңгімелеңіз.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді,

Ту болмады дегенге?!

Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған!- деп Әнұран?!

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен-таңба?!..

(А.Бөкенов “Елтаңба”)

3. Сөздікті меңгеріңіз:

фр. уызынан жару – с самого рождения

фр. бас білгізу – укротить

фр. жер тарпыған – строптивый

тарпаң – неукрощенный Конь, строптивый

түлігіне дейін – даже животных

жауынгер – воин

байрақ – знамя

жаһан – вселенная

қазақ сынды – как казахи

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

Жазба жұмысын орындаймыз

1-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлем құрастырыңыз.

Үлгі: әлеумет - ел-жұрт, көпшілік, қауым.

Қайырлы күн, қадірменді әлеумет!

Әлеумет Әлеуметтік Әулет Біртұтас Зайырлы Құқық Нысан Нысана бір бүтін, ажырамас білгір, білімдар ерік, бостандық объект мақсат, меже ел-жұрт, көпшілік, қауым қоғамға тән үрім-бұтақ, өрен-жаран

2-тапсырма. Жауаптардың бірін таңдап, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Конституция 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда (қабылданды, қабылдады).

Қазақстан Республикасы (біртұтас, біркелкі) мемлекет.

Қазақстан президенттік (басқару, басқарма) нысанындағы мемлекет.

(әлеуеттік, әлеуметтік) мәселелер шешіліп жатыр.

Қазақстанның азаматы басқа мемлекеті азаматы болуы (танымайды, танылмайды). Әркім өзінің дінін (көру-көрмеуге, көрсету-көрсетпеуге) хақылы .

Сөйлесеміз

3-тапсырма. Әңгімені қостаңыз. Анықтаманы пайдаланыңыз

- Қазақстанда конституция неше рет қабылданды?

-

- Бірінші Конституция қай жылы қабылданды?

-

- Соңғы Конституция қашан қабылданды?

-

- Конституция күні қашан аталып өтіледі?

Анықтама: (1937,1978, 1993, 1995); 30.08.

Сіз қалай ойлайсыз

4-тапсырма. Қай сұрақ дұрыс?

1. Жаңа Конституцияны республикалық референдумда халық қабылдады.   2. Конституция 1995 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енді.   3. Конституцияда Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп белгіленген.     4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атаулары бірдей.     5. Республика азаматы басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.     6. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын көрсету-көрсетпеуге хақылы. А.Жаңа Конституцияны қашан қабылдады? Ә.Жаңа Конституция қалай қабылданды? А. Конституция неден бастап күшіне енді? Ә. Конституция қашаннан бастап күшіне енді? А. Конституцияда Қазақстан қандай мемлекет деп белгіленген? Ә. Конституцияда Қазақстан Президенттің жеке басқаруындағы мемлекет деп белгіленген бе? А.Қазақстан Республикасы және Қазақстан атаулары барабар ма? Ә. Қазақстан Республикасы мен Қазақстан атаулары тең емес пе? А. Республика азаматы басқа мемлекет азаматтығында болуы таныла ма? Ә. Республика азаматы басқа мемлекеттің азаматы бола ала ма? А. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын көрсету-көрсетпеуге хақылы ма?. Ә. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын жазуы керек пе?

4-САБАҚ

6 - САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. Бұл қарым-қатынас Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасын мемлекет ретінде тануынан 1991 жылы 25 желтоқсаннан басталды. Келесі күні, яғни 26 желтоқсанда мемлекеттер арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. Осылайша, ұлы мемлекеттердің ішінде Қазақстанды алғашқылардың бірі болып таныған АҚШ ҚР-ның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына өзінің мүдделі екенін көрсетті.

Екі мемлекет арасында қарым-қатынастық байланыстар орнатылған алғашқы күндерден бастап,ол жоғары деңгейлерде үнемі қолдау тауып келеді.

1991 жылдың желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж.Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә.Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 жылдың көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қаупсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы жұмыс сапарымен барды. Осы сапардың барасында «Сауда қатынастары жөніндегі келісім», «Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт», «Қазақстан Республикасы және АҚШ өкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға» қол қойылды. Сөйтіп, екі жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды.

Келіссөз барасында мемлекеттер басшылары екі жақты қатынастардың және АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымактастықты дамыту келешегінін мәселелерін талқылады. Олардың арасында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық та бар. Өзара мүдделі болып отырған және халықаралық сипаттағы мәселелер бойынша пікір алысты.

Сөздікпен жұмыс:

саясат - политика

келіссөз - переговор

дәреже - степень

ресми - официальный

жұмыс сапары – рабочая поездка

келісім - соглашение

салымдар - вклады

ынтымақтастық - сотруднечество

келешек - будущее

қауіпсіздік - безопасность

барысында – в ходе

талқылау – рассматривать, обсуждать

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің

өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Оқимыз. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Қазақстан мен Құрама Штаттар әріптестер.

Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы экономика мен сыртқы саясат саласындағы ынтымақтастықты тереңдете түсуге бағытталған, бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойды. Оларға энергетика, сауда және инвестициялар, ғылым мен жаңа технология мәселелері, жаппай қырып – жоятын қоруды тараптау және айналадағы ортаны қорғау мәселелері де кіреді.

Қазақстан өзінің экономикалық мәселелерін шешуде, әсіресе, Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасқа ерекше көніл бөледі.

Бұл бағыттағы алғашқы байсалды қадам американдық «Шеврон» компаниясы мен Теңіз мұнай көздерін бірлесіп игеру жөніңдегі ірі шартқа қол қойылуы еді. Бұл келісім – американ капиталының Қазақстан экономикасына ірі көлемде тартылуының бастамасы болды. Бірлескен кәсіпорын жұмысына қатыса отырып, «Шеврон» сонымен бірге Қазақстанның аймақтық инфрақұрылымын жетілдіруге, мәселен, аурухана, мектеп, жол құрылыстарын салуға көмектесіп, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға да қатысты. Осы бағытта соңғы жылдары республикада бірнеше американ компаниялары мен банктерінің өкілдері және 117 бірлескен кәсіпорындар құрылып, жұмыс істейді.

Сөздерді есіңізде сақтаңыздар.

Бағыт- направление

жою- ликвидировать

қару- оружие

байсалды қадам-серьезный шаг

игеру-освоить

тартылу-привлекаться

жетілдіру-совершенствовать

таратпау- не распространять

Лексика-грамматикалық тапсырмалар





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1844 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.07 с)...