Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ышқылға төзімді бактерияларды бояу



Қышқылға төзімді микроорганизмдер бейорганикалық қышқылдарға, спиртке, сілтіге айтарлықтай тұрақтылық байқатады. Олардың осындай қасиеті жасуша қабырғасында және цитоплазмасында липидтердің көп болуымен (май балауызды заттар) байланысты. Микобактериялар қарапайым бояуларды дұрыс қабылдамайды, сондықтан жылытылған концентрирленген бояулар ертінділері қолданалады. Бояу барысында микробтық жасушаларды қышқылмен өңдегенде, олар алғашқы бояуын жоймайды. Осы қасиеті бойынша басқа қышқылға тұрақсыз бактериялардан ажыратуға болады. Қышқылға төзімді бактерияларды Циль-Нельсен әдісімен бояйды.

Циль-Нельсен әдісімен бояу

Әдістемесі:

1. бекітілген жұғын-препаратқа карбол фуксинінің бірнеше тамшысын тамызады, сүзгі қағазбен жауып бу шыққанға дейін қыздырады, тағы 1-2 рет бояу тамызып қыздырады (3-5 мин);

2. сүзгі қағазын алып тастап, жұғын-препаратты салқындатады, 5% күкірт қышқылы ертіндісі немесе 3% тұз қышқылды спиртпен 2-4 с.) түссіздендіреді;

3. жақсылап сумен шаяды

4. Леффлер сия көгімен бояу (3-5 мин); сумен жақсылап шайып, кептіру керек

Қышқылға төзімді бактериялар рубинді-қызыл түске, ал қышқылға төзімдіемес бактериялар – сия көк түске боялады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1924 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...