Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық жұмысты орындау түрі



Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Жұғын-препарат дайындау (сұйық және тығыз қоректік ортада)

2.Жұғынды қарапайым бояу әдісімен бояу

3.Жұғынды күрделі бояу әдісімен бояу

4.Жұғын-препаратты микроскопиялау

5. Хаттама толтыру

Күрделі бояу әдістері әртүрлі химиялық құрамы бар бірнеше бояулармен бояу қатарын қолдану, яғни нәтижесінде бактериялық клетканың құрылымдарын ажыратуға болады.

Грам әдісімен бояу

Бояу кезеңдері.

1) Жұғын-препаратты генцианвиолетпен бояу (2 мин, фильтр қағазы арқылы);

2) Бояу сүзгі қағазын алып тастау, қалған бояуды төгу;

3) Жұғын-препаратты Люголь ертіндісімен бояу (1 мин);

4) Люголь ертіндісін төгіп тастау және 96% спирттің бірнеше тамшысын тамызу (30-40 сек, шыныны сәл қозғау);

5) Спиртті сумен жақсылап шайып тастау;

6) Сулы фуксинмен бояу (2 мин);

7) Сумен жақсылап шайып тастау, сүзгі қағазымен құрғату;

8) Жұғын-препаратты иммерсиялық жүйе көмегімен микроскоптан қарау.

Барлық бактериялар Грам әдісімен боялуы бойынша бөлінеді: грам оң сия көк-күлгін түсте және грам теріс – қызыл түсте. Осылай боялу қабілеті бактерияның химиялық құрамына байланысты. Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасында ароматты және күкіртті аминқышқылдары жоқ, липидтер аз, ал грам теріс бактерияларда, керісінше, аталған заттар көп мөлшерде кездеседі. Сонымен қатар, грам оң бактерияларда рибонуклеин қышқылының магний тұздары бар, олар грам теріс бактерияларда жоқ. Осы заттар генцианвиолет, йодпен және ақуыздармен бірге тұрақты химиялық кешен құрайды, спиртпен түссіздендіргенде жойылмайды. Грам теріс бактерияларда бұндай кешен құралмағандықтан, спиртпен жылдам түссізденеді. Бірақ спиртпен өңдеу уақытын шектеу қажет, берілген уақыттан көп түссізденсе кешен бұзылуы мүмкін. Сондықтан келесі сулы фуксин бояу түсін қабылдайды. Ал егер берілген уақыттан аз спиртпен түссіздендірілген болса грам теріс бактерияларды ажырату қиынға соғады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1747 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...