Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Эндоцитоз



• 2 негізгі типін ажыратады:

• 1. Фагоцитоз – ірі заттарды жұту – вирустар, бактериялар. Фагоцитоз макрофаг және гранулоциттер көмегімен жүзеге асады.

• 2. Пиноцитоз – барлық жасушаларға тән – сұйық және ұсақ гранулаларды жұту.

Эндоцитоз механизмі:

1.Плазмалық мембрана инвагинациясы немесе ішке қарау кіру кезеңі. Эндоцитоздық везикулалардың түзілуі, (колбаға ұқсас).

2.Везикула мойыны мембранадан тарқатылып және везикула – жасушаның ішіне қарай қосылады.

Везикуланың бағыты әртүрлі:

1.Олар Гольджи комплексіне бағытталады.

2.Лизосомамен қосылып, екінші ретті лизосома немесе фаголизосома түзеді.

Экзоцитоз – маңызы өте зор. Жасуша мембрананы жаңарта отырып, секреторлы қызмет атқарады.

Экзоцитоз механизмі. 1) ЭПТ немесе Гольджи комплексінен везикуладағы заттар бөлінеді (ажыратылады); 2) мембранаға тасымалданады; 3). Везикула онымен қосыла отырып өзінің қызметін анықтайды.

Экзоцитоз болуы мүмкін: 1) үздіксіз (конститутивті); 2) реттелуші.

Экзоцитоз нәтижесінде бөлінетін заттар 3 топқа бөлінеді:

1. Антигендер

2. Жасушадан тыс матрикстік заттар

3. Сигнальдық молекулалар (гормондар, медиаторлар).

Мембраналар, жасушаның құрылысы ретінде, гендік аурулардың патогенезінің дамуына маңызды роль атқарады.

1.Жасушаның бетіндегі кейбір ақуыз рецепторларының болмауы жанұялық гиперхолестеринемииге әкеліп соқтырады.

• 2. Д-резистентті мешел дәрумені клиникасы1,25 – дигидроксихолекальций ферол рецепторлы ақаумен анықталады

Муковисцидоз кезінде эпителий жасушасы мембранасы арқылы хлорид тасымалдауының реттелуі бұзылады, олар қалыпты жағдайда кистофиброзды тасымалданумен реттеледі.

Андрогенге толықтай сезімсіздік синдромы (тестикулярлық феминизация). Жасушаның сезімталдығының болмауы, ХУ хромосома жиынтығы кезінде, әйел фенотипінің дамуына әкеледі.

Студенттің өзіндік жұмысы:

1 Жұмыс. Альбомға кестені толтырыңыз «Тасымалдау типтері».

Аталған заттар жасушаға қандай тасымалдау көмегімен енеді (диффузия, осмос, жеңілдетілген диффузия, белсенді тасымалдау, эндоцитоз)

Заттар Тасымалдау түрі? Белсенді / Белсенсіз?
Оттегі    
Көмірқышқыл газы    
Су    
Несеп    
Глюкоза    
Глицерол    
Натрий ионы    
Калий ионы    
Аминқышқылдары    
Биополимерлер    
Жасуша бөліктері    

2.Жұмыс ( микроскоппен жұмыс ) (х40) Жасушадағы осмотикалық құбылыс Плазмолиз және деплазмолиз.

Заттық шыныға NaCl гипертониялық ертіндісін бір тамшы тамызып. элодеи жапырағынан уақытша препарат дайындау. Үлкен ұлғайтқышпен цитоплазманың қысылуын және оның жасуша қабықшасынан бөлінуін бақылау. Алынған нәтижелерге түсінік беру. NaCl гипертониялық ерітіндіні сумен алмастыру және деплазмолиз құбылысын бақылау. Алынған нәтижені түсіндіру. Плазмолиз және деплазмолиз стадиясындағы жасушаның суретін салу.

Бақылау түрі:

1. Бастапқы білім деңгейін бақылау.

2. Студентттердің өз бетінше жұмысының нәтижесін талдау.

3. Қорытынды білім деңгейін бақылау.

Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік сабақ жүргізу, компьютерлік модельдермен және микропрепараттармен жұмыс





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2565 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...