Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ақпараттық блок. Биомембрана арқылы қарапайым тасымалдау түрі бос диффузия (жеңілдетілген диффузия) болып табылады



Биомембрана арқылы қарапайым тасымалдау түрі бос диффузия (жеңілдетілген диффузия) болып табылады. Ол белгілі мембрана ақуыздары арқылы жеңілдетіледі. Ақуызды екі топқа бөлуге болады.

1. Белгілі иондардың өтуі үшін биомембранада каналды ақуыздар сулы саңылаулар түзеді. Мысалы, Na+, К+, Са2+ және Cl- иондары үшін арнайы ион каналдары бар.(қараңыз. б. 340).

2. Тасымалдаушы ақуыздардың иондық каналдардан айырмашылығы субстрат малекулаларын таңдалмалы түрде байланыстырады және конформациондық өзгеріс есебінен оларды мембрана арқылы тасымалдайды. Осыған байланысты тасымалдаушы ақуыздар (ақуыз-тасымалдаушылар, пермеазалар) ферменттерге ұқсас.

Иондық канал және тасымалдаушылармен қамтамассыз етілген бос диффузия және тасымалдаушы процесстер электрлі заряд градиенті немесе концентрация градиенті бойынша жүзеге асады, бұлар бірге (электрохимиялық градиент деп аталады). Тасымалдаудың бұндай механизмі «белсенсіз тасымалдау» деп аталады. Мысалы, бұндай механизм бойынша жасушаға қаннан глюкоза енеді, оның концентрациясы бұнда жоғары болады.

Бұл механизмге қарама-қарсы белсенді тасымалдау түрі болып табылады, бұл заряд немесе концентрация градиентіне қарсы жүреді, сондықтан белсенді тасымалдау АТФ гидролизі есебінен қамтамассыз етілетін қосымша энергияны қажет етеді.

Тасымалдаушы жүйе көмегімен, рН ауқымы және цитоплазманың иондық құрамы жасуша көлемінің реттелуі жүзеге асады. Тасымалдаушы жүйе есебінен энергетикалық циклді, метаболиттік процестерді қамтамассыз ететін жасушаға метаболиттер жиналады, сонымен қатар қоршаған ортаға токсикалық заттарды сыртқа шығарады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2089 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...