Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Иммунологияның медицина саласындағы жетістігі



Иммунология қысқа мерзім арасында адамзат ауруларының жиілігінің көрсеткіштерін төмендетуге және де оның кейбір түрін жоюға, адамды сақтап және денсаулығын одан әрі нығайтуға атаулы үлес қосты.

Жұқпалы аурулардың алдын алуда, диагнозын қойып, оны емдеуде иммунологияның көрнекті жетістіктері бар:

- екпе еккеннің арқасында қара шешек жойылды, жуық арада сал ауруы жойылуы мүмкін, ал көптен аурурлар жекеленген түрде ғана кездесіп отыр (қызылша, көк жөтел, күл), болашақта екпе егу арқылы қауіпті аурулар –гепатит, АИВ –ның алдын алу мүмкіншліктері бар;

- зерттеліп ашылған жаңа иммундыдиагностикалық тәсілдер түрі медицинаның тәжрибесіне еңгізіліп отыр;

- жұқпалы аурулардың көптеген түрлерін емдеуге иммундымодуляторлар (интерферон, тимус пептидтері, интерлейкиндер) мен спецификалық иммундыглобулиндер қолданылып отыр.

Онкология саласында адамның қатерлі ісігінің антигені бар екені анықталып, ол мәлімет ісіктің түрлерін бірінен бірін ажыратуға мүмкіншілік тудырды.

Трансплантология саласында иммунологияның жетістіктері арқасында (гистосәйкестік антигендері, толеранттық құбылыс) иммундыдепрессанттар қолданылып ауыстырылған органдардың ағзаға орнықпау қауіпі жойылды.

Қан топтарының иммунологиялық сәйкестігінің сыры ашылғандықтан қан кұю мәселесі шешілді.

Ана мен ұрық арасындағы иммунологиялық карым-қатынастарының күрделі мәселері шешілгендіктен, бала көтеру, бедеулік, тумысынан мүгедектілік мәселелерін шешу женілдендірілді.

Жоғарыда келтірілгендермен қатар ағзаның көптеген ішкі ауруларының, иммундытапшылық механизмдерінің бірталай кезендері ғалымдарға әйгілі болып, күнделікті тәжірибеде қолданылатын болды.

Аллергиялық аурулардың пайда болу механизімінің негіздерін анықтау, олардың алдын алу мәселелері мен емдеу тәсілдері едәуір алға басты.

Болашақ уақытта иммунологияның алдында орасан зор мақсаттар тұр. Олардың бастылары төменгідей:

- сапалы вакциналармен (генді-инженерліқ, синтетикалық, полиантигендіқ, парентералдық емес) иммундыпрофилактика жүргізіп, жұқпалы ауруладрың кейбір түрлерін жойып, кейбіреуінің жиілігін тежеу;

- қатерлі ісіктің иммундыдиагностикасы, иммундыпрофилактикасы және иммунды емдеуі;

- иммунды сәйкестік антигендердің құрлысы мен атқаратын ісін зерттеу арқылы орган ауыстыру кезіндегі иммундықайшыластықтық мәселелерін шешу;

- әр түрлі тегі бар иммундыпатологиялық жағдайлар мен аллергиялық аурулардың жемісті алдын алу мен емдеу мәселелерін анықтау;

- ана мен іштегі нәрестенің иммундық кайшыластығының пайда болу процестерінің механизімін шешу;

- ағзаның иммундық жағдайына зиянды экологиялық, әлеуметтік, кәсіптік факторларды жою;

- иммундыпрофилактикаға, иммундыемдеуге керекті жаңа эндогендік және экзогендік факторларды іздеу;

- тумысынан болған иммундытапшылықты генетикалық тәсілдермен емдеу және генетикалық диагнозын қою әдістерін ашу.

Айтылған орасан зор мәселелерді шешу үшін іргелі иммунология саласы жедел дамуы керек.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1038 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...