Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Иммунитеттің мәнісі және рөлі



«Иммунитет» (immunitas) латын тілінен аударғанда –дербес құқықтық, зат әсерінен, не әртүрлі себебтен босатылған, не арылған деген мағына болады. Бұл түсінік адам қоғамында ерте заманнан бері әйгілі, мысалы, шаруаларды салықтан босату, ал кейінірек уақытта дербестік үшін қолданылды. Ол сөздің биологиялық маңызы организмді антигендерден қорғап және арыту жолында жүретін биологиялқ процестер түсінігіне сәйкес келеді.

Назар аударатын бір жағдай, кез-келген зат антиген болуы үшін белгілі қасиеттерге ие болу керек, соның ішінде негізгілері; генетиқалық бөгделік, белгілі химиялық құрылымы, организмнің ішкі тұрақтылғын бұзу мүмкіншілігі т.б.

Антиген әлемі түрлі және көп санды болып келеді. Олар организмге әртүрлі жолдар арқылы енуі мүмкін; тыныс алу органдары, ас қорыту жүйесі, тері, шырышты қабық. Организмге сырттан енетін антигендерді экзогендік антиген деп атайды. Сонымен қатар, кейбір кезде ағзаның меншікті тіні мутация, не басқа бір факторлар әсерінен өзгергендіктен антигендер іштен пайда болуы мүмкін, олар эндогендік деп аталады. Эволюциялық даму жолында организмді антигендерден қорғау үшін арнайы кұрделі қорғаныс жұйесі құрылған. Ол жүйені «иммунитет жүйесі» деп атайды. Жылықандыларда ол жүйенің рөлін ерекше анатомиялық құрылысы бар, арнаулы түрде, өзіндік механизіммен жауап беретін және физиологиялық функциялы лимфойдтық тін атқарады.

Иммунитет жүйесінің атқаратын басты-басты жұмыстары төменгідей:

1.Антигенді ажыратып тану, яғни оның генетикалық бөгделігін және оның ағзаның антигендерінен өзгешілігін дәлелдеу.

2.Иммунитет жүйесіне тән реакциялар мен механизмдер кешені арқылы ағзаның құрлыстық, функционалдық калыптылығын сақтау үшін ағзада жүретін биологиялық процестерге антигеннің әсерін тигізбеуден сақтау.

3.Ағзада сол антиген туралы өзіндік мәліметті өмір бойына есте сақтап қалу.

Сонымен қатар иммунитет жүйесі организмнің жеке бастық биополимерлерінің өзіндігін қолдап, оның сақталуына себепкер болады. Өйткені, планетадағы әр адам (бірұрықты егізден басқалары), генетикалық тәсілмен құралған тек қана өзіне тән биополимерлердің антигендік ерекшелігіне ие. Егерде организмде антигендердің бөгде түрі пайда болса (мутация, не басқа патологиялық процестерге байланысты) иммунитет жүйесі оны ажыратып - бейтараптайды.

Қорытып айтқан кезде, әлемдегі жануарлардың, өсімдіктердің соның ішінде микроорганизмдердің биополимерлерінің антигендік кұрамы генетикалық өзгешіліктен тұрады, яғни антигендерінің түрлік ерекшеліктері бар.

Содықтан, нақтылы айтсақ, иммунитет дегеніміз организмді генетикалық бөгде заттардан, яғни экзогендік және эндогенік тегі бар антигендерден қорғап, ағзаның гомеостазын, құрлыстық, функционалдық және де тек қана әрібір организмнің даралығы емес сонымен қатар бүкіл түрдің қасиеттерін қолдау, қорғау және сақтау тәсілі.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1462 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...