Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оршаған орта факторларының микробтарға әсері



Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторлары микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді: бактериоцидті – жасуша өліміне әкелуші; бактериостатикалық – микроорганизмдер көбеюін тежеуші; мутагенді – микробтардың тұқым қуалаушылық қасиетін өзгертуші.

Физикалық факторлардың әсері. Температура әсері. Әртүрлі микроорганизмдер топтарының өкілдері температураның белгілі диапазонында дамиды. Төменгі температурада өсетін бактерияларды-психрофильдер; орташа температурада өсетіндерді (370С) – мезофилдер; жоғары температурада өсетіндерді– термофилдер деп атайды.

Психрофильді микроорганизмдер –10 нан –400С-қа дейінгі температурада өседі; температуралық оптимумы 15 тен – 400С-қа дейін ауытқиды. Психрофилділерге –– топырақта, теңізде, ауыз суда және сарқын суда мекендейтін сапрофиттердің үлкен тобы (темірбактериялар, псевдомонадалар, жарқырауық бактериялар, бациллалар) жатады. Кейбір психрофилділер азық – түлікті суық жағдайда бұзуы мүмкін. Төменгі температурада кейбір патогенді бактериялардың да өсу қабілеттілігі бар (псевдотуберкулез қоздырғышы 40С-та,, өсу оптимумы 250С оба қоздырғышы 0-ден 400С диапазонда көбейеді). Дақылдандыру температурасына байланысты бактерия қасиеттері өзгереді. Мысалы, Serratia marcescens 370 С қарағанда 20-250 С температурада үлкен мөлшерде қызыл пигмент (продигиозан) түзеді. Оба қоздырғышының 370С-қа қарағанда 250С-та өсірілгені вируллентті болады. Полисахаридтердің (соның ішінде капсулалықтары) синтезделуі төменгі температурада дақылдандырғанда күшейеді.

Мезофилдер 10-470С температура диапазонында өседі, өсу оптимумы –370 С. Олар шартты – потогенді және потогенді бактериялардың негізгі тобын құрайды.

Термофилді бактериялар - өте жоғары (40 –900 С) температурада дамиды. Мұхит түбіндегі ыстық сульфидті суда 250-3000С-та 265 атм қысымда дамитын бактериялар мекендейді. Термофилдер ыстық су көздерінде мекендейді, тезектің, дән, шөптің өзін - өзі қыздыру процесіне қатысады.

Топырақта термофилдің көп кездесуі – оның тезек және көңмен (компостпен) ластануын дәлелдейді. Тезекте термофилдер көп болғандықтан оны топырақтың ластану көрсеткіші ретінде қарайды.

Стерилизация кезінде температуралық фактор ескеріледі. Бактерияның вегетативті түрлері 600С-та 20-30 мин өледі, споралары – автоклавта 1200С-та қысыммен әсер еткенде өледі. Микроорганизмдер төменгі температурада жақсы сақталады. Сондықтан оларды мұздатылған күйде соның ішінде сұйық азот температурасында-1790С ұзақ сақтауға болады.

Кептіру. Сусыздану көпшілік микробтардың қызметтерін бұзады. Соз, менингит, тырысқақ, іш сүзегі, жерше және т.б. қоздырғыштары- патогенді микроорганизмдер кептіруге өте сезімтал. Қақырық кілегейімен қорғалған микроорганимздер төзімдірек келеді. Туберкулез бактериясы қақырықта 90 күнге дейін кептіруге шыдайды. Кейбір капсула және кілегей түзетін бактериялар кептіруге төзімді. Ерекше төзімділікке бактерия споралары ие. Мысалы, күйдіргі қоздырғышының споралары топырақта жүз жылдап сақталады.

Микробтарды консервілегенде тіршілігін сақтау қабілетін жою үшін, лиофилизациялауды – мұздатылған жағдайда вакууммен құрғатуды қолданады. Микробтардың лиофилденген дақылдары және иммунобиологиялық препараттар ұзақ (бірнеше жыл бойы) алғашқы қасиеттерін жоғалтпай сақталады.

Сәуленің әсері. Бір рет қолданылатын пластикалық микробиологиялық ыдыс, қоректік орталар, таңу материалдары, дәрілік препараттарды және т.б. стерильдеуге иондаушы сәулелерді қолданады. Бірақ, иондаушы сәулеге төзімді, мысалы Micrococcus radiodurans сияқты бактериялар болады. Иондамайтын сәулелер – ультракүлгін және күн сәулесінің инфрақызыл сәулесі, ал иондаушы сәулелер радиоактивті заттардың гамма – сәулесі және жоғарғы энергияның электрондары қысқа уақытта микроорганизмдерді жояды. Жер беткейіндегі ультракүлгін сәулелердің толқын ұзындығы 290 нм жетеді. УК-сәулесін ауруханалар, перзентханалар және микробиологиялық зертханаларда әртүрлі заттар мен ауаны залалсыздандыруға қолданады. Осы мақсатпен толқын ұзындығы 200-400 нм УК-сәулесінің бактерицидті шамын пайдаланады (10-сурет).

Химиялық заттардың әсері. Химиялық заттар микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді: қорек көзі ретінде бола алады; ешқандай әсер етпеуі мүмкін; өсуін ынталандыруы немесе тежеуі, жоюы мүмкін. Антимикробты химиялық заттардың бактериоцидті, вирулицидті, фунгицидті қасиеті болғандықтан, оларды антисептикалық және залалсыздандырушы заттар ретінде пайдаланады.

Дезинфекцияда кеңінен қолданылатын химиялық заттарға хлор-, йод- және бромы бар қосылыстар мен тотықтырғыштар жатады.

Биологиялық факторлардың әсері. Микроорганизмдер бір-бірімен өзара әртүрлі қатынастарда болады. Әртүрлі екі организмдердің бірге тіршілік етуі- симбиоз (грек тілінде symbiosis –бірге тіршілік ету) деп аталады. Пайдалы өзара қатынастардың бірнеше варианты бар:метабиоз, мутуализм, комменсализм, сателлизм (15 - сурет).

Метабиоз- біреуі екіншісінің тіршілік өнімін пайдаланатын микроорганизмдердің өзара қатынасы. Метабиозға нитрифицирлеуші бактериялар өздеріне қажетті аммиакты-аммонифицирлеуші топырақтық бактерияның тіршілік өнімін алатын симбиоз жатады.

Мутуализм - әртүрлі организмдердің өзара пайдалы арақатынасы. Мутуалистік симбиозға мүктер- саңырауқұлақ пен көк-жасыл балдырлар симбиозы мысал бола алады. Балдыр жасушасынан органикалық заттарды алып, саңырауқұлақ балдырларға минералды тұздарды жеткізіп, оларды кеуіп кетуден қорғайды.

Комменсализм (лат.-kommensalis –бірге тамақтанушы)әртүрлі даралардың бірге тіршілік етуі, мұндай симбиозда бір түр басқасына зиянын тигізбей өзіне пайда түсіреді. Адамның қалыпты микрофлорасының өкілдері - бактериялар комменсал болып табылады.

Сателлизм- бір микробтың әсерінен екінші микробтың өсуінің күшеюі. Мысалы, ашытқы мен сарцина колониялары қоректік ортаға метаболиттер бөліп, басқа микробтардың өсуін ынталандырады. Микроорганизмдердің бірнеше түрлері бірге өскенде, олардың физиологиялық функциялары мен қасиеттері белсендірленіп, олардың субстратқа әсер етуі жылдамдайды.

Антагонистік өзара қатынас немесе антагонистік симбиоз, бір микроб басқасына қолайсыз әсер етіп, оның зақымдаулына, тіпті жойылуына әкеледі. Антагонист –микроорганизмдер топырақта, суда және адам организмі мен жануарларда кең таралған. Адамның тоқ ішегінің қалыпты микрофлорасының өкілдері-бифидобактериялар, лактобактериялар, ішек таяқшаларының және т.б. бөгде және шіріткіш микрофлораға қарсы антагонистік белсенділігі жоғары. Антогонистік өзара қатынастың механизмі әртүрлі. Антагонизмнің кең таралған түрі-микроорганизмдердің арнайы зат алмасу өнімдері-антибиотиктер түзуі, ол басқа микроорганизмнің дамуын тежейді. Антагонизмнің басқа көріністері де бар, мысалы, жылдам көбею, бактериоциндер, соның ішінде колициндер өндіру, органикалық қышқылдар өндіру және ортаның рН-ын өзгертетін өнімдерді түзу т.б.Антагонизм негізінде қорек көзіне бәсекелестік түрінде дамуы мүмкін: антагонист микроорганизм үдемелі дамып, қоректік заттарды азайту арқылы басқа микробтардың өсуін тежейді. Микроорганизм басқа организмді қорек көзі ретінде пайдаланса, паразитизм деп аталады. Паразитизмге мысал ретінде, бактериофаг пен бактерияның арақатынасын, сол сияқты бделловибриондардың (ұсақ бактериялар, әдеттегі грам теріс бактериялардың паразиттері) өзара қатынастарын жатқызуға болады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 3448 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...