Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Несеп- жыныс жолының микрофлорасы



Бүйректер, несепағарлар, қуық, жатыр, простата әдетте стерильді. Сыртқы жыныс жүйелерінің (гениталий) микрофлорасына эпидермалді стафилококтар, коринеформды бактериялар, көгерткіш стрептококтар, сапрофитті микобактериялар (Myc. smegmatis), кандида, энтеробактериялар жатады. Алдыңғы уретраның шырышты қабығында екі жыныста да қалыпты жағдайда стафилококтар, патогенсіз нейссериялар, коринеформды бактериялар, сапрофитті трепонемалар және т.б. кездеседі.

Қынаптың қалыпты микрофлорасын- лактобактериялар, бифидобактериялар, бактериодтар, пропионибактериялар, превотеллалар, пептострептококтар, коринеформды бактериялар және т.б. құрайды. Анаэробтар басымырақ болады: анаэробтар мен аэробтардың қатынасы 10:1. Репродуктивті кезеңде грам оң бактерия басым болса, менопауза кезеңінде ол грам теріс бактериялармен алмасады. Дені сау әйелдердің 5-60 %-ында-Gardnerella vaginalis; 15-30%-ында - Mycoplasma hominis; 5%-ында - Mobiluncus туыстастығының бактериялар табылады.

Микрофлора құрамы менструалды цикл, жүктілік және т.б. көптеген факторға байланысты болады. Қынаптың эпителиялық жасушасында гликоген жиналады, оны лактобактериялар сүт қышқылын түзе отырып ыдыратады. Түзілген органикалық қышқылдар ортаның рН-ын 4-4.6-ға дейін қышқылдандырады. Лактобактериялар өздерінің өнімдері, сутектік асқын тотық және бактериоциндерімен қынаптың секретін қышқылдандыру нәтижесінде, басқа микрофлора өсуі тежеледі.

Жатыр қуысы мен қуық қалыпты жағдайда стерилді.

Микрофлора құрамының адам жасына қарай өзгеруі. Нәресте стерильді болып туылады, бірақ туу жолдарынан өткенде ілеспелі микрофлораны жұқтырып алады. Микрофлораның қалыптасуы нәресте анасының организмінің микрофлорасымен және қоршаған орта микроорганизмдерімен қатынаста дамиды. Ең алғаш микробтар нәрестенің терісіне, шырышты қабығына түседі, әрі қарай микрофлораның қалыптасуы босану болған ортаның санитарлық жағдайы мен қоректендіру типіне байланысты. Нәрестенің үш айлығында қалыпты микрофлорасы ересектердің микрофлорасымен ұқсас және тұрақты болады. Туылған соң бастапқыда ауыз қуысында аэробтар болса, тіс шыққан соң анаэробтар болады. Емшекпен қоректендіргенде микрофлора негізі – бифидобактериялар (109-1011-1гр нәжісте) болады. Жасанды қоректендіргенде шала туылған және әлсіз балаларда бифидобактериялар көбеюі бұзылады, транзиторлы микрофлора саны, грам теріс бактериялар және коктар саны артады. Мұндай балаларда жиі ішек аурулары дамиды.

6.2.1. Адам организмінің микрофлорасының маңыздылығы.

Организмнің қалыпты микрофлорасы өзіндік «экстракорпоральді орган» ретінде,адам өмірінде маңызды рөль атқарады. Қалыпты микрофлораның қызметі мен маңыздылығы әрқилы болып келеді:

Организмнің бейспецификалық төзімділік (резистенттілік) факторы.

Қалыпты микрофлора патогенді және шіріткіш микрофлораға қарсы антагонистік қасиетке ие, ол сүт қышқылы, сірке қышқылы, антибиотиктер, бактериоциндер өндіріп әсер етеді; аса жоғары биологиялық потенциалы есебінен бөтен микрофлорамен бәсекелеседі.

Тұз-су алмасуына қатысады, ішектің газдық құрамын, ақуыз, көмірсу, май қышқылдары, холестерин, нуклеин қышқылының алмасуын реттеуге, сонымен бірге антибиотик, витамин (К,В тобы) т.б. сияқты биологиялық белсенді қосылыстарды өндіруге қатысады.

Экзогенді субстраттар мен метаболиттерді усыздандыру (детоксификациялау) мен қорытуға қатысады, оны бауыр қызметімен салыстыруға болады.

Стериодты гормондар мен өт тұздарының рециркуляциясына,бауырдан ішекке метаболиттерді экскрециялау және оған қайтару нәтижесінде қатысады.

Организмнің әртүрлі ағзалары мен жүйелері дамуында морфокинетикалық рөл атқарып, шырышты қабықтардың физиологиялық қабынуы мен эпителий алмасуына қатысады.

Ішекте канцерогенді заттарды бұзып, антимутагенді қызмет атқарады. Соған қарамастан кейбір бактериялар күшті мутагендер өндіруі мүмкін. Ішек бактерияларының ферменттері жасанды қанттаушы цикломатты қуық үшін белсенді канцерогенге (циклогексаминге) айналдырады.

Биологиялық үлбір құрамына енетін микроорганизм экзополисахаридтері (гликокаликс) микроб жасушаларын әртүлі физикалық- химиялық әсерлерден қорғайды. Ішектің шырышты қабығы биологиялық үлбір астында орналасады деп есептеледі.

Иммунитетті құруға және демеуге маңызды. Ішекте 1,5 кг микроорганизмдер бар, олардың антигендері иммундық жүйені ынталандырады. Иммуногенездің жасанды бейспецификалық ынталандырушысы – мураминдипептит, ол ішектегі лизоцим және литикалық ферменттер әсерінен бактериялар пептидогликанынан түзіледі. Нәтижесінде ішек тіні лимфоциттермен, макрофактармен қанығады, яғни ішек қалыпты кезде созылмалы қабыну жағдайында болады.

Микроорганизмдер жоқ ортада өсірілген жануар гнотобионттар, әдеттегі жануарлардан лимфоидты тіні әлсіз дамуымен ерекшеленеді. Әсіресе жұқа пластинка-propria ерекшеленеді. Гнотобионттардың ішек тіні лимфоциттермен макрофагтармен әлсіз қаныққан, нәтижесінде бұндай жануарар жұқпаға төзімсіз келеді.

Колонизациялық резистенттілікке қатысу қалыпты микрофлораның маңызды функциясы.

Колонизациялық резистенттілік организімнің қорғаныс факторларының және ішектің қалыпты микрофлорасының бәсекелестік, антагонистік және тағы басқа қасиеттерінің жиынтығы. Олар микрофлораға тұрақтылық және шырышты қабықта бөгде микроорганизімдердің, сонымен бірге, потогенділердің колонизациялануына жол бермейді. Колонизациялық резистенттілік төмендегенде аэробты шартты – потогенді микробтардың саны мен спектрі артады. Олардың шырышты қабық арқылы жылжуы (трансиокациялануы) эндогенді іріңді – қабыну процесі дамуына әкеледі.

Организімнің қарсыласу күші төмендеп және аутоинфекция болу мүмкіндігі жоғарылағанда (жарақат, күйік, иммундыдепрессивті терапия, органдардың және тіндердің трансплантациясы және т.б.) инфекциялық асқынуларды болдырмау үшін, деконтаминация көмегімен селективті колонизациялық резистенттілікті қалпына келтіру немесе сақтау тиімді.

Селективті деконтаминация –инфекциялық агенттерге организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жоғарылату үшін, асқорыту жолынан аэробты бактериялар мен саңырауқұлақтарды таңдамалы түрде жою. Селективті деконтаминацияны аз адсорбцияланатын химиопрепараттарды (мысалы: ванкомицинді, гентамицинді және нистатинді кешенді тағайындау) ішке қабылдау жолымен жүргізеді. Олар микрофлораның аэробты бөлігін тежеп анаэробтарға әсер етпейді.

Организмнің қарсыласу күші әлсірегенде, қалыпты микрофлора өкілдері іріңді – қабыну процестерін қоздырады, яғни, қалыпты микрофлора аутоинфекцияның немесе эндогенді инфекцияның көзі болуы мүмкін. Комменсал – микробтар үйреншікті емес мекен ортасына ауысып шоғырланғанда (транслокацияланғанда), олар әр түрлі бұзылыстар тудырады. Мысалы:қалыпты жағдайда ішекте мекендейтін бактероидтар хирургиялық операция немесе жарақат алу нәтижесінде әр түрлі тіндерге өте отырып, абсцесстер қоздыруы мүмкін. Қалыпты жағдайда теріде жиі кездесетін эпидермалды стафилококтың тамырішілік катетрлерде мекендеп жайылып, қан айналымын бұзуға бейімділігі бар.

Ішек таяқшасы сияқты, ішектің комменсалдары зәр шығару жүйесін зақымдайды (цистит және т.б). Микробтық липополисахаридтердің және декарбоксилазалардың әсерінен қосымша гистамин пайда болып аллергия тудыруы мүмкін. Қалыпты микрофлора хромосомалық және плазмидалық гендердің, соның ішінде антибиотиктерге дәрілік төзімділік гендерінің көзі және сақтаушы қоймасы болып табылады. Қалыпты микрофлораның жеке өкілдерін, қоршаған ортаның (су,топырақ, ауа, азық- түлік т.б) адам бөлінділерімен ластанғанын, олардың эпидемиологиялық қауіптілігін дәлелдейтін санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдер ретінде пайдаланады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2456 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...